1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2016 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс
өтiлiн есептеу қағидалары (бұдан әрі
Қағидалар) «Азаматтық
қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы
төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасын іске
асыру мақсатында және денсаулық сақтау саласындағы азаматтық
қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың
қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің мамандығы
бойынша жұмыс өтілін есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді.
2. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiне сол мамандық бойынша
ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қарамастан мемлекеттiк денсаулық
сақтау ұйымдары мен басқа да ұйымдардағы жұмыстың уақыты есептеледi.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлға;
жұмыс өтілі – қызметкердің еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған
күнтiзбемен есептелген уақыт.
2. Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері,
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтiлiн есептеу тәртібi
4. Мамандығы бойынша дәрiгер жұмыс өтiлiне жоғары медициналық
бiлiмi болған кезде дәрiгерлiк және басшылық лауазымдарындағы жұмыс
2
уақыты, сондай-ақ клиникалық практикаға байланысты біліктілігін арттыру
және қайта даярлау курстарынан, резидентурада, клиникалық ординатурада,
аспирантурада, магистратурада, докторантурада оқудан өту уақыты есептеледi.
5. Орта медицина персоналы лауазымдарында жұмыс iстейтiн
қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне орта медицина
персоналы лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында
басшылық және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының хатшысы
лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.
6.
Орта
фармацевтикалық
персонал
(зертханашылар
үшін)
лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс
өтiлiне
орта
фармацевтикалық
персонал
(зертханашылар
үшін)
лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық
лауазымдарында және медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының
хатшысы лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.
7. Провизор лауазымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы
бойынша жұмыс өтiлiне жоғары фармацевтикалық бiлiмi болған кезде
фармацевтикалық персонал лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау
ұйымдарында басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
8. Орта фармацевтика персоналы лауазымында жұмыс iстейтiн
қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне орта фармацевтика
персоналы лауазымдарындағы, оның iшiнде басшылық лауазымындағы жұмыс
уақыты есептеледi.
9. Медициналық емес психолог, зертханашы, энтомолог, зоолог, биолог
лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс
өтiлiне жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша, оның iшiнде
денсаулық сақтау ұйымында басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты
есептеледi.
10. Кiшi медицина персоналы лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың
мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне барлық денсаулық сақтау ұйымдарындағы,
сондай-ақ медициналық ғылыми ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы
білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
11. Медицина және фармацевтика персоналы лауазымында жұмыс
iстейтiн адамдардың мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы лауазымдарда
жұмыс iстеуге медициналық немесе фармацевтикалық бiлiм талап етiлетiн
медициналық емес ұйымдардағы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi, бұл
жұмыс iстеген ұйымның тиiстi құжатымен расталады.
12. Мамандығы бойынша жоғары және (немесе) орта медицина және
(немесе) фармацевтикалық білімі бар мамандардың жұмыс өтiлiне денсаулық
жағдайына байланысты өзгерген бұрын алған мамандығы бойынша
лауазымдардағы жұмыс уақыты есептеледі.
13. Медицина және фармацевтика персоналы лауазымдарында жұмыс
iстейтiн адамдардың жұмыс өтiлiне қосымша шарттар мен шектеулерсiз:
1) жұмыстан заңсыз босатылған жағдайда амалсыз бос жүрген уақыты;
3
2) теріс себептер бойынша қызметiнен босатылған адамдардан басқа,
Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар
Одағының (бұдан әрі – КСРО) Қарулы Күштерiндегi, iшкi, шекаралық
әскерлерiндегi, азаматтық қорғаныс басқармаларының органдары мен
бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен
бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң органдары жүйесiндегi,
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан
Республикасының
Республикалық
ұланындағы
офицерлiк
құрамдағы
адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет әскери
қызметшiлерiнiң нақты әскери қызмет өткерген уақыты;
3) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтегі жұмыс уақыты;
4) денсаулық сақтау саласында кәсіподақ органдарында сайланбалы
қызметтегі жұмыс уақыты;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек
кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес жүктiлiгi мен босануы бойынша
демалыс уақыты, сондай-ақ бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын
демалыс уақыты;
6) медициналық қызметi бойынша шетелге жiберілген жағдайда, егер
қызметкер шетелге барар алдында медициналық қызметте жұмыс iстеген болса,
халықаралық ұйымдардағы жұмыс уақыты;
7) егер осы лауазымдар медицина және фармацевтика қызметкері
лауазымдарына жатқызылған болса, денсаулық сақтау ұйымына техникалық
қызмет көрсетудi жүзеге асырған және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен
қызметкерлер лауазымдарындағы жұмыс уақыты;
8) егер қызметкер сол кезеңге дейiн медициналық қызметте жұмыс
iстеген және оны бiтiргеннен кейiн медициналық қызметке байланысты
жұмысқа қайтып келген болса, жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстарда оқыған уақыты
есептеледі.
14. Қызметтің барлық саласы үшiн лауазымдарға арналған мамандық
бойынша жұмыс өтiлiне:
1)
осы
Қағидалардың
14-тармағында
көрсетiлген
шарттар;
2) оның еңбек қызметiн өткерген қызмет саласына қарамастан
мамандығы, сондай-ақ ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтiлi есептеледi.
15. Осы Қағидаларға сәйкес есептелген жұмыс өтiлi күнтiзбелiк
есептеумен ескерiледi.
16. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлi және мамандықтардың сәйкестігі
денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiтетін еңбек өтiлiн белгiлеу
жөнiндегi ұйымның комиссиясы жұмысқа қабылдаған кезде айқындалады.
17. Мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу туралы комиссияның
шешiмi хаттамамен рәсiмделедi. Хаттаманың түпнұсқасы кадр қызметiне,
хаттаманың көшірмесі - бухгалтерияға берiледi.
4
18. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған қызметкердің
еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне сәйкес айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |