Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет65/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97

559-бап.Төлемақы төлеушілер


1. Мыналарды:

жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін тоқтатуы мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы тармақтың ережелері жер қойнауы учаскесін қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде алған салық төлеушілерге қолданылмайды.

3. Мыналар:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданатын, аталған арнаулы салық режимі таратылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

концессия шартында көрсетілген, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

560-бап. Салық салу объектісі


Мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;

қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

561-бап.Салық кезеңі


Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

562-бап. Төлемақы мөлшерлемелері


1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда салық кезеңінің бірінші күні белгіленген айлық есептік көрсеткішті негізге ала отырып айқындалады және

Кезең

АЕК-пен 1 айға төлемақы мөлшерлемелері

1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айдан бастап және 36-ай аралығында

__


1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айдан бастап және 60-ай аралығында

__


1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айдан бастап және 84-ай аралығында

__


1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айдан бастап әрі қарай

__


Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай 1 км2

790


құрайды.
Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың идентификаттайтын координаттары және жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган тағайындайтын жеке коды болады.

2. Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелерді ескермей, жер салығының мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.



563-бап. Есептеу және төлеу тәртібі


1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемiн төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.

Шарттардың талаптары, сондай-ақ жер салығы сомасының өзгеруіне әкеп соғатын, осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

2. Салық кезеңiнде төленуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.

Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салық кезеңінің басынан (егер жер учаскесі салық кезеңінің басталуы күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салық кезеңінің (егер жер учаскесі салық кезеңінің аяқталуы күні осындай құқықта) соңына дейін айқындалады.

3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесi бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгiленбейдi.

4. Осы баптың 6 және 10-тармақтарында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.

Мемлекет жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда тізбеленген мерзiмдерiнің бірінен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын ақпанның 25-күнінен кешіктірмей төлейді.

Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалған жағдайда жеке тұлғаның салық кезеңі үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданыс мерзімі өткен немесе салық кезеңі аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы осындай жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.

7. Төлемақы сомасы:

1) жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскесінің төлемақысы бойынша;

2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.

8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

9. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлемақының жылдық сомасын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей – есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылғанда және оның қолданысы аяқталған немесе есепті жылды қоса алғанда 1 ақпанға дейін лицензияны алғанда – осы Кодекстің 553-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.

Мұндай төленген төлемақы сомасын қайтару жүргізілмейді.

10. Егер есепті салық кезеңінің 1 ақпанындағы жағдай бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданыс мерзімі ағымдағы салық кезеңінде өтетіні белгілі болған жағдайда, онда есепті салық кезеңінің 25-күнінен кешіктірілмей, мұндай лицензияның нақты қолданыс мерзімі үшін осы баптың 12-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.

11. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны есепті салық кезеңінің 1 ақпанынан кейін алған немесе есепті салық кезеңі ішінде лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 553-бабы 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемесін және есепті салық кезеңінде осындай лицензияның нақты қолданыс кезеңін негізге ала отырып айқындайды.

Бұл ретте лицензияның нақты қолданыс кезеңі салық кезеңінің басынан (егер мұндай лицензия салық кезеңінің басталуы күні қолданылған болса) немесе лицензия қолданыста болған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензия тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салық кезеңінің (егер мұндай лицензия салық кезеңінің аяқталуы күні қолданыста болса) соңына дейін айқындалады

12. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданысы есепті салық кезеңінің 1 ақпанынан кейін тоқтатылған жағдайда осындай лицензияның нақты қолданыс кезеңіне төлемақы сомасы лицензия қолданысының мерзімі өткен тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге жатады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау