Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ



жүктеу 95,03 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі95,03 Kb.
#2992



Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы « »

бұйрығына

3-қосымша


«Салық төлеушілерді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары (салықтық өтінішті қағаз тасығышта табыс еткен кезде) арқылы, сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін автоматты режимде алу арқылы (хабарландыру алған кезде), «электрондық үкімет» веб-порталын (бұдан әрі – портал) пайдалана отырып, салық төлеушінің «Жеке кабинет» арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – СТ МДҚ) енгізу – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

СТ МДҚ-да салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу – сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

салық органының әділет және ішкі істер органдарына резидент еместі тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жіберуі – уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:



1) көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректерін СТ МДҚ-ға енгізу, өзгерту және (немесе) толықтыру;

2) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін беру
(СТ МДҚ-на резидент емес, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар, сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдігі туралы мәліметтерді енгізу кезінде);


3) СТ МДҚ-нан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастау.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (тіркеу куәлігін) беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) СТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер енгізу, СТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес салықтық өтініш;

2) СТ МДҚ-на резидент емес көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер енгізу үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі;

3) СТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының басшысы туралы тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерінен) тұратын заңды тұлғаның бір қатысушысы (акционері) шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) СТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының басшысы туралы тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін – заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің немесе оның өкілеттігін растайтын басқа құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – тарату салық есептілігі;

6) қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктеме;

7) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – тарату теңгерімі;

8) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және бюджет алдындағы берешегі өтелгеннен кейін заңды тұлғаның таратылуына, қайта ұйымдастырылуына, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – банктік шоттардың жабылғаны туралы банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамасы;

9) құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін бөліну жолымен заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – бөліну теңгерімі;

10) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қызметінің тоқтатылуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтатқаны туралы резидент заңды тұлға шешімінің көшірмесі;

11) резидент заңды тұлғаның оңайлатылған тәртіпте таралуына байланысты СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;

12) заңды тұлға бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде СТ МДҚ-нан көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді алып тастау үшін – беру актісі.

Егер қызметін тоқтатқалы отырған құрылымдық бөлімше салықтар, төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша дербес төлеуші деп танылмаған жағдайда тарату салық есептілігі табыс етілмейді.

Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен портал арқылы электрондық хабарлама түрінде алады.

Келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Сонымен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Пошта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші пошта хабарламасына белгі қояды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында, салық органының күту залындағы стенділерде және арнайы бағандарда орналастырылған. Салықтық өтініш нысаны салық органында тегін беріледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.



_______________
жүктеу 95,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау