Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет73/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97

3.Мыналар:

елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.




590-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі

1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.


2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

591-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар үшін салық салу объектілері:

1) олардың жұмыскерлерінің саны;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелерінде болатын әрбір жеке тұлғалардың саны болып табылады.

2. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.

3. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.

4. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

5. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірінің орнына «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.

§ 8. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

592-бап. Жалпы ережелер

1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

3. Бюджетке төленуге тиiс радиожиілік спектрін пайдалануға байланысты салада қзыметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бiр жолғы төлемақы сомасы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемақы есебiне есептелмейдi.

4. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салық төлеушілердің орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданыс кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілермен жіберілген хабарламалар және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:

1) осы Кодекстің ___-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда – салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;


2) осы Кодекстің ___-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.

5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмейтін мерзімде салық төлеушінің орналасқан орны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланумен байланысты байланыс саласында қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемді төлеуші, бюджетке төленетін осындай біржолғы төлем сомасы және уәкілетті органмен бекітілген нысанда оны төлеу мерзімі туралы мәліметті салық органдарына ұсынады.




593-бап. Төлемақы төлеушiлер

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.


2. Заңды тұлға өзінің шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осы құрылымдық бөлімше пайдаланатын радиожиiлiк спектрiнің номиналы үшін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау