426-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу 2022 жылға дейін қолданылады
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте аталған тізбеге өндірісі Қазақстан Республикасында жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады:
1) меншікке сатып алу мақсатында және одан әрі өткізуге арналмаған шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару;
2) халықаралық қаржылық лизингке беруді қоспағанда, қаржылық лизингке беру мақсатында;
3) осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге қамтылған ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төленген жағдайда қосылған құн салығын нақты төлемей жүргізіледі.
4. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы бойынша декларацияда есептеу мен есепке жатқызуда Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен бір мезгілде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарлар қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.
Бұл ретте осы бапта белгіленген:
1) осы баптың 1-тармағы 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлеп сою,
немесе осындай жануарлардың кемуі (қырылуы)
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормалары шегінде нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу;
2) бұрын әкелінген тауарларды кері экспорттау рәсімдеріне сәйкес шығару;
3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастау талаптары бұзушылық болып табылмайды.
5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісі арқылы төленген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығы салынуға жатпайды.
Осы тармақтың ережелері импорттау кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.
6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржылық лизингке берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызу әдісімен төленген, өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржылық лизингке беру кезінде де қолданылады.
427-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу 2022 жылға дейін қолданылады
1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мына тауарлар:
1) жабдықтар;
2) ауыл шаруашылығы техникасы;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;
4) тікұшақтар мен ұшақтар;
5) теміржол локомотивтері мен вагондар;
6) теңіз кемелері;
7) қосалқы бөлшектер;
8) пестицидтер (улы химикаттар);
9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;
10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.
Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте аталған тізбе өндірісі Қазақстан Республикасында жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарларға енгізіледі.
2. Осы баптың есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға қатысты қолданылады:
1) меншікке сатып алу мақсатында және одан әрі өткізуге арналмаған шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару;
2) халықаралық қаржылық лизингке беруді қоспағанда, қаржылық лизингке беру мақсатында;
3) осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге қамтылған ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын.
3. Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде мемлекеттік кірістер органына:
1) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында нақты тауар кіші қосалқы позициясына жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын қамтитын құжаттарды табыс етеді. Қажет болғанда фотосурет, сызбалар, бұйымдардың паспорты, тауарлардың сынамалары мен үлгілері, басқа да құжаттар табыс етіледі.
4. Осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес табыс етілген құжаттар бойынша мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының аумағына тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет аумағынан әкелінетін тауарға Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтердің тауар номенклатурасы коды бойынша қорытынды уәкілетті орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша жасалады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы нақты төленбей жүргізіледі.
6. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда бір уақытта есептеу мен есепке жатқызуда көрініс табады.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.
Бұл ретте:
1) осы баптың бірінші тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде осындай малдардың кемуі (өлуі);
2) Салық кодексінің 276-6-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарларды есепке алу күнінен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастау осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.
7. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына сай келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептемегенде, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген импортталған тауарларға да қолданылады.
49-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС
428-бап. Есепке жатқызылатын салық сомасының есептi салық кезеңi үшін есептелген салық сомасынан асып түсу
1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi) қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады.
Қосылған құн салығының асып кетуі импортталаттын тауарлар және (немесе) бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеу есебіне есептелмейді.
2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай шарттар орындалатын болса осы Кодекстің 273-бабында белгіленген тәртіппен:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың мақсатында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге әрбір тоқсанда бір рет кезекті үш салық кезеңі ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жатады. Бұл ретте тұрақты өткізу деп көрсетілген әрбір салық кезеңінде осындай өткізу танылады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда қосылған құн салығының асып кетуі қосылған құн салығын төлеушіге нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы қосылған құн салығы бойынша декларацияда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасына тасымалдаудың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдаудың физикалық көлемінің салыстырмалы салмағын қолдану арқылы есептеледі.
4. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты түзілген қосылған құн салығының сомасының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 274-бабы 2-тармағында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі құқығын пайдаланбаған жағдайда, Салық кодексінің 273-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібін қолдаунға құқылы.
6. 2, 3 және 3-1-тармақтарының ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 273-1, 273-2, 274-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кету сомасына қолданылмайды.
7. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде:
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;
салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасы ескерілмейді.
8. Салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша салық бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша қосылған құн салығының асып кетуі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен кейін осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткен соң есептен шығарылуға жатады.
Салық төлеушінің жеке шотынан қосылған құн салығының асып кетуін есептен шығару уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
9. Салық төлеушінің қызметінің тоқтатылуына байланысты осы Кодекстің 230-бабы 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптастқан қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеушінің қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату декларациясы берілген салық кезеңінде қосылған құн салығының асып кетуі қалыптасқан мөлшерде азайтылуға жатады.
10. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
429-бап Жекелеген негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару
Бюджеттен қайтарылуға:
1) осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге төленген;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен төлеген;
3) бюджетке артық төленген осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге қосылған құн салығы бюджеттен қайтарылуға жатады.
430-бап Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері
1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:
1) егер осы Кодекстің 273-1, 273-2, 274-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;
2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер осы Кодекстің 273-1, 273-2, 274-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеріс нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығын төлеушіге мына мерзімдерде:
қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін шот-фактураларды жазып беру мен алу электрондық нысанда ғана жүзеге асырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қатер аймағындағы салық төлеушілердің санатына жатқызылмаған жағдайда – отыз жұмыс күні ішінде;
қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайыз құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын – елу бес жұмыс күні ішінде;
қалған жағдайларда – күнтізбелік жүз елу бес күн ішінде жүргізіледі.
Бұл ретте қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мерзімінің өтуі осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген, осы Кодекстің 72-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, соңғы күн өткен соң басталады.
Осы тармақтың мақсатында:
1) шағым жасалу (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;
2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
5. Қосылған құн салығының асып кетуі:
1) мыналар:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа немесе фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;
2) осы Кодекстің 267-бабының және 231-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.
6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.
7. Салық төлеуші декларацияда қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасы осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес ол келіскен жағдайда камералық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеріс нәтижелері туралы хабарлама негізінде салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.
Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық бақылау нәтижелері боййынша расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес ол келіскен жағдайда камералық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.
431-бап Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері
1. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:
1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;
2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;
3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады.
Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыстарға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер қоюға немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-көңіл көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады.
Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "толық аяқталған" құрылыс кезінде де қолданылады.
Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні:
1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;
2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;
2) құрылыс осы Кодекстің 130-1-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;
3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса;
4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.
Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыстар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.
2. Егер қосылған құн салығының асып кетуі салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.
Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты, негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 46-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының анықтығы расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.
4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 272 және 273-2-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |