Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап.Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер



жүктеу 16,95 Mb.
бет51/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97
437-бап.Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер

Мыналар:


1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;

2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:

резидент заңды тұлға;

егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

егер резидент-заңды тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға;

сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;

нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жеке практикамен айналысатын адамдар;

медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;

кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
438-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау

Егер осы Кодекстің 276-4-бабында өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 229, 230, 241-баптарына сәйкес айқындалады.


439-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау

1. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлар экспорты тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.

2. Егер осы Кодекстің 276-5-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды Еуразиялық экономикалық одақта өткізу бойынша айналым болып табылады.

3. Мыналар салық салынатын импорт болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 276-15-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығын салудан босатылғандарды қоспағанда).

Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар.

4. Мыналар:

1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу;

2) бұрын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкетілген тауарларды қасиеттері мен сипаттамаларын өзгертпей, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.

Осы тармақтың ережелері тауарларды уақытша әкелу кезінде:

1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;

2) көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады.

Осы тармақтың ережелері өздері арқылы осы Кодекстің 244-бабының 2-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.

Салық төлеуші осы тармақта көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.

Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелген кезде тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде хабарлама табыс ету жөніндегі міндет туындайды.

Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.

Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына табыс ету тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:

1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;

2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.

Салық төлеуші осы тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде осы баптың 4-тармағында көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде салық органдарын хабардар етуге міндетті.


440-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 236-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.

2. Егер:

1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен байланысты болса.

Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдау, жалға алу және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсетуге қатысты да қолданылады.

Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауының учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;

2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға беру), лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа).

Осы тармақшаның мақсаты үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; жылжымалы теміржол немесе трамвай составының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік самосвалдар көлік құралдары болып танылады.

3) мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;

4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:

консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызмет көрсетулерді, ақпаратты өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;

ЭЕМ мен деректер қорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен деректер қорын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.

Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ мынадай:

патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;

көлік құралдарын мүліктік жалдауды, лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті мүліктік жалдау, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;

осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;

5) егер осы баптың 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы болып танылады.

Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын мүліктік жалдау, лизингі және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.

3. Мыналар:

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);

жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.

4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы тараумен реттелетін қызметтің, жұмыстың бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

 

441-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні



1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындалғаны туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.

Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаты үшiн:

1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;

тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

тауарларды халықаралық және мемлекетаралық темір жол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (стансасына) әкелген күн;

тауарларды магистральдық құбыржолдары жүйесi бойынша немесе электр беру желiлерi бойынша тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;

халықаралық почта жөнелтілімдері бойынша тауарларды жөнелту кезінде – Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында почта штемпелі қойылған күн айқындалады.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

Осы тармақтың екінші – жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не иеленуді) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке алу күні болып танылады.

3. Лизинг алушыға осы тауарларға (лизинг нысанасы) меншік құқығының өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып сыйақыны есепке алмағандағы лизинг шартында көзделген (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар құнының (лизинг нысаналарына) бір бөлігін төлеу күні табылады.

Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бастапқы күні болып табылады.

Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.

Осы Кодекстiң 276-1-бабының 2-тармағында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген сәттен бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.

4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн болып танылады.

Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда бірінші басталатын күн:

шот-фактура жазылған күн;

әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күн айналым жасау күні болып табылады.

Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алатын жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді он екі ай және одан артық мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын бейрезиденттен сатып алған жағдайда - жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні өткізу бойынша салық салынатын айналым жасау күні болып табылады.
442-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқыау

1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.

2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.

Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.

3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері - шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда – тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.

Бұл ретте осы тараудың мақсаты үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты, багаж ведомосы, почта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігі және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар; шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.

4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасы және (немесе) жасақталымы болмауы себепті қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шартқа (келісімшартқа) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық кезеңінде түзетіледі.

 

443-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау



1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.

2. Осы баптың мақсаты үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаттары негізінде айқындалады.

Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда аталған шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.

Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомалары импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.

4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.

Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасының, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген бағаның, шартта (келісімшартта) және тауарларға ілеспе құжаттарда бағасы көрсетілмеген кезде – тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасының негізінде айқындалады.

5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.

6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 276-6-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.

Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизинг төлемдері мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің 276-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау принципі ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы аталған жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне енгізіледі.

7. Салық органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.

Бұл ретте салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.

8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау