Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні



жүктеу 16,95 Mb.
бет46/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97

400-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;

2) осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

Осы тармақтың мақсаттары үшін түзетілмеген болып табылатын
шот-фактуралар ескеріледі.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

2. Осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

1) осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы бюджетке төлемді салық төлеу есебіне жүзеге асырған күннің;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салық декларациясында осындай салық есептелген салық кезеңінің соңғы күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

3. Осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

1) осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы бюджетке төлемді салық төлеу есебіне жүзеге асырған күннің;

2) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осындай салық есептелген салық кезеңінің соңғы күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

4. Осы Кодекстің 256-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығын тіркеу есебіне қою күні болатын салық кезеңінде ескеріледі.

5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні болатын салық кезеңінде ескеріледі.


401-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

1. Мыналарды:

1) егер қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 260 және
262-баптарына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу арқылы әдісті қолданса, салық салынбайтын айналым мақсатында пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

2) негізгі құралдар ретінде ескерілетін жеңіл автомобильдерді;

3) мыналар:

есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта осындай құжатты жазып берген адамның және (немесе) осындай құжат жазып берілген адамның сәйкестендіру нөмірі туралы деректер көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген құжат;

құжатты жазып беру күні, шот-фактура нөмірі, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атаулары, салық салынатын айналымның мөлшері туралы деректер көрсетілмеген шот-фактура;

осы Кодекстің 263-бабы 11-тармағының талаптарына сәйкес куәландырылмаған шот-фактура;

осы Кодекстің 263-бабының талаптарын бұза отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

4) төлем кезеңділігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу жүргізілген және республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және төлем жасау күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

5) қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған тұрғын ғимаратты салу үшін пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

6) осы Кодекстің 107-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкте арнайы депозиттік шотта орналастырылған тарату қорының қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

7) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым алу немесе осындай нысаналы салым қаражатынан өтеусіз негізде қаржыландыру есебінен сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төленуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайды.

2. Мыналар:

1) комиссионерден – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы;

2) экспедитордан – көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша міндеттерді орындау кезінде тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайды.

3. Тұрғын ғимараттың құрылысына пайдаланатын немесе пайдаланылатын, қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналым түрінде өткізу үшін арналған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы Кодекстің 262-1-бабында көрсетілген мақсаттар үшін тұрғын үй ғимаратын салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші бөлек салық тіркелімінде ескереді және:

осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;

мұндай тұрғын ғимаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдап алғанға дейін декларацияда көрсетеді.

Мұндай қосылған құн салығы кейіннен осы Кодекстің 262-1-бабында көзделген тәртіппен ескеріледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін мұндай құрылыс объектісін немесе оның бір бөлігін аяқталмаған құрылыс объектісі түрінде өткізу кезінде осындай өткізу күні бөлек ескерілетін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 262-1-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасына азайтылады.
402-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау

Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:

1) сот немесе қылмыстық қудалау органының оңалтылмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған шот-фактура және (немесе) өзге де құжаттар  жазу әрекеті (әрекеттері) бойынша мәміле (операция) бойынша;

2) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша жарамсыз деп танылған мәміле бойынша;

3) қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта қателесіп артық көрсетілген сома бөлігінде алып тастауға жатады.

Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын алып тастау декларацияда қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған салық кезеңінде жүргізіледі.


403-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы бапта және осы Кодекстің 259-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту болып табылады.

2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту мынадай жағдайларда:

1) салық салынбайтын айналымның мақсаты үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің болуына байланысты осы Кодекстің 260 және 261-баптарына сәйкес барабар әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;

2) тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) олар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі бұл тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылмайтын тауардың барлық немесе оның жекелеген сапасының (қасиеттерінің) нашарлауын білдіреді. Салдары тауардың жойылуына немесе ысырап болуына әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.

3) табиғи монополия субъектісі нормативтен тыс шеккен шығындар бойынша;

4) жарғылық капиталға үлес ретінде берілген мүлік бойынша;

5) жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда салық міндеттемесін орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемі бойынша;

6) осы Кодекстің 239-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталғанда жүргізіледі.

3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 239-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталғанда жүргізіледі.

Осы Кодекстің 239-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты өнім беруші жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша шот-фактурасында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.

4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, құрылған тауарлар бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету түзетуді жүзеге асыру күні қолданылатын қосылған құн салығына мөлшерлемені қайта бағалауды және құнсыздануды ескерместен, сол күнгі бухгалтерлік есептің деректері бойына тауарлардың баланстық құнына қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі.

6. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым бойынша осы Кодекстің 262-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің


249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:

ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы;

ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

Sжалпы – жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;

Sжер – жер учаскесінің ауданы, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылады және осы Кодекстің 262-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылады.

7. Осы Кодекстің 231-бабы 5-тармағының 1) және 22) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 231-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.

8. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы осы бапта көзделген түзетуді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.


404-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің 89-бабына сәйкес күмәнді болып танылса, онда осы Кодекстің


256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негізінде бұрын есепке жатқызылған деп танылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес мөлшердегі осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бұрын есепке жатқызылған деп танылған қосылған құн салығының сомасына азайта отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету мынадай:

орындау мерзімі анықталған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі;

орындау мерзімі анықталмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінен бастап есептелетін үшжылдық кезең өткен салық кезеңі ішінде жүргізіледі.

2. Егер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығын төлеуші азайту жағына қарай түзеткеннен кейін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізілсе, онда ақы төлеу жүргізілген салық кезеңінде ақы төлеу сомасына сәйкес келетін мөлшерде көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын салықты ұлғайту жағына қарай түзету жүргізіледі.

3. Осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілмеген міндеттемелерді есептен шығару кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету бұрын есепке жатқызылған деп танылған осындай міндеттеменің құрамында төлеуге жататын қосылған құн салығының мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету мұндай жағдайлар басталған кезеңде жүргізіледі.

4. Егер әділет огандары банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы шешім шығарған күні сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме толық немесе ішінара қанағаттандырылмаған жағдайда, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету, егер мұндай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізілмесе, осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын, бұрын есепке жатқызылған деп танылған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету әділет органдарының көрсетілген шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.

5. Осы бапта көзделген түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған түзету жүргізілетін кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.
405-бап.Түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы түзетулерді ескере отырып, мынадай тәртіппен:

осы Кодекстің 256-бабында көзделген тәртіппен айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы

минус


осы Кодекстің 258-1, 258-2 және 259-баптарында көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету

плюс


осы Кодекстің 258-2-бабының 3-тармағында және 259-бабының
2-тармағында көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы салық кезеңі үшін есептеледі.

2. Осы бапқа сәйкес айқындалған түзетуді ескере отырып есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.


406-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындау әдістері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың


3-тармағында көрсетілгеннен басқа, қосылған құн салығын төлеуші мынадай:

барабар әдіспен;

салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындайды.

2. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын мыналар:

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары - кепілдегі мүлікті (тауарды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша;

2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн пайдаланатын ұйымның:

мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша банктен алған мүлікті (тауарды) сатып алумен, иеленумен және (немесе) өткізумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомаларын есепке алудың бөлек әдiсiн қолдануға құқығы бар; 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін.

3) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы - мыналарды:

күмәнді және үмітсіз активтер бойынша бас банктен сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алу нәтижесінде алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша; 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін;

4) лизинг беруші – мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығындар ретінде қаралады;

5) ислам банкі – Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру;

6) қосылған құн салығын төлеуші – Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шартымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сату-сатып алу операциялары бойынша бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы;

7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік оператор қызметіне (туроператорлық қызмет) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар басқа қызметтерден бөлек туроператор қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есеп жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 248-бабы 25) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.

3. Осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдары босатылатын объектілерді салуды жүзеге асыратын адам:

осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және өзге айналым мақсаты үшін;

әрбір құрылыс объектісін салу барысында – осы Кодекстің 262-1-бабын және осы Кодекстің 257-бабы 3-тармағын қолдану мақсаты үшін пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүзеге асыруға міндетті.

Өзге айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 261-бабына сәйкес барабар әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.
407-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын барабар әдіспен айқындау тәртібі

1. Салық кезеңі үшін есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы барабар әдіспен мынадай формула:

ҚҚСре = ҚҚСесеп * А сал/ А жалпы

бойынша айқындалады, мұндағы:

ҚҚСре - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

ҚҚСесеп – түзетуді ескергендегі есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

А сал – салық салынатын айналымның сомасы;

А жалпы – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.

Бұл ретте осы Кодекстің 260-бабы 2-тармағында көрсетілген адамдар А сал және А жалпы мәндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 262-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ескермейді.

Салық кезеңінде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын өткізу бойынша айналым болмаған кезде түзетуді ескергендегі есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде айқындалады.

2. Салық кезеңі үшін есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы мынадай формула:

ҚҚСер = ҚҚСесеп – ҚҚСре

бойынша айқындалады, мұндағы:

ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

ҚҚСесеп - түзетуді ескергенде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

ҚҚСре – осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.

Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мәні осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.
408-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі

1. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаты үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомаларын бөлек есепке алуды жүргізеді.

2. Осы Кодекстің 262-1-бабында көзделген жағдайлардан басқа, бөлек есепке алуды жүргізу кезінде:

1) есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзетуді ескергенде салық салынатын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

2) есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

3) бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы мынадай формула:

(1) ҚҚСре = ҚҚСесеп * А сал/ А жалпы

(2) ҚҚСер = ҚҚСесеп – ҚҚСре,

бойынша айқындалатын есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасына бөлінеді.

мұндағы:

ҚҚСре - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл соманың теріс мәні болуы мүмкін;

ҚҚСесеп - бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетуді ескергендегі есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл соманың теріс мәні болуы мүмкін;

А сал - салық салынатын айналымның сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 260-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сал-ды осы бапқа сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ретінде айқындайды.

А жалпы – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.

ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл соманың теріс мәні болуы мүмкін.

Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы орсы Кодекстің 100-бабы 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау