Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 16,95 Mb.
бет47/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97

409-бап. Тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) құрылысын жүзеге асыратын, қосылған құн салығын төлеушінің есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын анықтау тәртібі

1. Тұрғын ғимараттың құрылысы аяқталмаған объект өткізілген жағдайда осы объектінің салу барысында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы құрылысы аяқталмаған объектіні өткізу жүзеге асырылатын салық кезеңінде ескеріледі және:

1) осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған құрылысы аяқталмаған объектіні өткізу кезінде – көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде;

2) бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған, құрылысы аяқталмаған объектінің бір бөлігі болып табылатын, құрылысы аяқталмаған объектіні өткізу кезінде – мынадай формула:

ҚҚС ерқс = ҚҚСже * Sақб / Sақ

бойынша есептелетін аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бір бөлігіне сай келетін қосылған құн салығы мөлшерінде айқындалады, мұндағы:

ҚҚС ерқс – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған, аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;

ҚҚСже – осы Кодекстің 257-бабы 2-тармағына сәйкес өткізу күні бөлек есептелетін, құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;

Sақб - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған, аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылатын жобалау-сметалық құжаттама бойынша аяқталмаған құрылыс объектісінің ауданы;

Sақ - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы ауданы.

2. Тұрғын ғимараттың (оның бір бөлігінің) құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 249-бабы
1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күнінен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) бір бөлігі болып табылатын, тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула:

ҚҚСер = (ҚҚСесеп – ҚҚСерқс) * Sта / Sтғ

бойынша айқындауға құқылы, мұндағы:

ҚҚСер - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;

ҚҚСесеп - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бөлек ескерілетін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының
3) тармақшасында көзделген жағдай басталған күні, бірақ тұрғын ғимаратты мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдау күнінен ерте айқындалмайды;

ҚҚСерқс - қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;

Sта – тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бір бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың ауданы;

Sтғ - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) жалпы ауданы;

Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі және мынадай формула:

ҚҚСре = НДСесеп – НДСерқс- НДСре

бойынша айқындалады, мұндағы:

ҚҚСер – тұрғын емес үй-жайы бар тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бір бөлігі) болып табылатын тұрғын үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.


410-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы

1. Мынадай адамдар:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімдерін, балық өсіру шаруашылығының өнімдерін өндіру бойынша, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын, тауарларды өткізу айналымы бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімдерін, балық өсіру шаруашылығының өнімдерін өндірушілер;

2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығы өнімін өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу айналымы бойынша заңды тұлғалар қосылған құн салығына қосымша соманы есепке жатқызуға құқылы. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығы өнімін өңдеуге қызметтің мынадай түрлері:

ет және ет өнімдерін өндіру;

жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу;

өсімдіктер мен жануарлар майларын және тоң майларды өндіру;

сүт өңдеу және ірімшік өндіру;

ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру;

нан өндіру;

балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімдерін өндіру;

крахмал-cірне өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін өңдеу;

мақтаны тұқымынан тазарту;

тірі балықты өңдеу жатады.

3) ауыл шаруашылығы кооперативтері мына қызмет түрлері:

өз өндірісінің, сондай-ақ осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығының өнімін өткізу;

өз өндірісінің, осындай өнімдердің отандық өндірушілерінен сатып алынған және (немесе) осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығының өнімін өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу бойынша;

осы тармақшада көрсетілген айналымдарды жүзеге асыру мақсатында осы кооператив мүшелері агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша қосылған құн салығына қосымша соманы есепке жатқызуға құқылы.

Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.

Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер мыналарды:

осы баптың 1-тармағында көзделген қызметті және өзге де қызметті өткізу бойынша айналымдар;

осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланатын және пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға жататын бөлек есепке алуды жүргізу жағдайында осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.

3. Осы баптың ережелерін:

1) еншілес ұйымдары бар заңды тұлға;

2) қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік, бейрезидент заңды тұлға қолдануға құқылы емес.

4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула:

ҚҚСқе = (ҚҚСсал – ҚҚСре– ҚҚСас)*70%

бойынша жүргізіледі, мұндағы:

ҚҚСқе - есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;

ҚҚСсал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша өткізудің салық салынатын айналымынан есептелген қосылған құн салығының сомасы;

ҚҚСре – осы Кодекстің 261, 262, 262-1-баптарында көзделген тәртіппен айқындалған, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланатын немесе пайдаланылатын, алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады;

ҚҚСас - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi.

Алынған нөлдік немесе теріс мән салық кезеңі үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде ескерілмейді.


47-ТАРАУ. ШОТ-ФАКТУРА
411-бап. Жалпы ережелер

1. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айналым жасау кезінде мыналар:

1) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған азақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

3) осы Кодекстің ___ бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

4) осы Кодекстің ___ бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер
шот-фактура жазып беруге міндетті.

2. Шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі, алайда салық төлеуші мынадай:

1) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда
шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті орган ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен уәкілетті органның


интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы.

Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелуге жатады.

3. Электрондық нысандағы шот-фактура электрондық


шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.

4. Шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беру осы баптың ___ тармағында көзделген тәртіппен, салық төлеуші дербес айқындаған нысан бойынша жазып беріледі.

5. Шот-фактурада:

1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;

4) шот-фактураның жазып берiлген күні;

5) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;

6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі;

7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

10) қосылған құн салығының сомасы;

11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.

6. Салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша бөлек көрсетіледі.

Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы Кодекстің ____бабының 4-тармағының 7) – 11) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылған құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте


шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күніне сілтеме, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.

7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

Мынадай:

1) өнімнің бөлінісі туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;

2) тауарларды осы Кодекстің 242, 276-11 және 276-13-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

3) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;

4) осы Кодекстің 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген
шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

8. Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет еткен және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болса:

1) осы баптың 6-тармағының 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;

2) осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес құрылымдық бөлімшенің деректемелері көрсетілген жағдайда осындай құрылымдық бөлімшенің сәйкестендіру нөмірі қосымша көрсетіледі.

9. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің
256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:

1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;

2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» деген белгіні көрсетеді.

10. Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурада осы бапта көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.

11. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.

12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:

заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен;

дара кәсiпкерлер үшiн – дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрiмен (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбасымен куәландырылады.

Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген қызметкердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттi адам куәландырған көшiрмесiн беру талабымен жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураны оның шешiмi бойынша заңды тұлғаның осындай құрылымдық бөлiмшесiнiң заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен куәландыруға құқылы.

Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi жазып берген шот-фактура осы Кодекстiң 308-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi өкiлдiң атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.

Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептiк саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзген жағдайда, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетiледi.

Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

13. Шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:

1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол есеп айырысу және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін арналған құрылғыны қолдана отырып, есеп айырысу жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;

2) есеп айырысуы электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғаларға өткізу кезінде талап етілмейді.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 276-бабы 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда қолданылмайды;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысуды банктер, пошта операторлары арқылы жүзеге асырылған;

4) жолаушы тасымалы теміржол немесе әуе көлігінде жол жүру билетін қағаз жеткізгіште, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) осы Кодекстің 250-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда талап етілмейді.

14. Осы баптың 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 12-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы баптың 12-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжат немесе осындай көрсетілетін қызметтердің шот-фактурасын жазып беру талабымен өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.

15. Шот-фактураны жазып беру ерекшеліктері жекелеген жағдайларда осы Кодекстің 263-1, 263-2, 264, 264-1, 264-2 және 264-3-баптарында белгіленген.


412-бап. Шот-фактураны жазып беру мерзімдері

1. Шот-фактура:



1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігінде тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жолаушыларды, багаж бен жүктерді әуе көлігінде тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық құбыржолдар жүйесінде жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйе операторы көрсететін жүйе қызметтерін, банктік операциялардың қосылған құн салығы салынатын кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 276-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір жыл немесе одан да көп жыл мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу айналымын жасау күні сәйкес келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

2) тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыра отырып әкеткен жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

3) қалған жағдайларда - өткізу бойынша айналым жасау күнінен ерте емес және сондай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

2. Осы Кодекстің 263-бабы 15-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасау күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

3. Осы Кодекстің 78-бабының талаптары сақталмаған кезде түзетілген шот-фактураны лизинг беруші осындай сақтамау басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.

Қалған жағдайларда түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген
шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.


4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімі осы Кодекстің
265-бабында белгіленген.

413-бап. Баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

Ортақ қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста жарияланғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда,


шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға сәйкес келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналым жасау күнінен ерте жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада өткізу бойынша айналым мөлшері және осындай күнтізбелік жылға сәйкес келетін әрбір салық кезеңіне қосылған құн салығының тиісті сомасы бөлек көрсетіледі.


414-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.

Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.

Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.

2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салық салынбайтын) айналым көлік экспедициясы шартының шеңберінде:

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;

қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

Осы Кодекстің 263-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында экспедитор жазып беретін шот-фактурада:

өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі;

алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.

3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 77-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің берушілері, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салық тіркелімін жасайды.

4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу үшін негіз болып табылады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау