118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Осы Кодекстің ____ (609) бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда:
1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салық есептiлiгiн табыс етпегенде - осы Кодекстің ____ (607) бабының
2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің ____ (607) бабының
2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;
3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті):
тәуекел дәрежесі жоғары санатқа жататын салық төлеуші – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;
тәуекел дәрежесі орташа санатқа жататын салық төлеуші – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн бюджетке салық берешегiн өтемегенде (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі);
4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
5) осы Кодекстің ____ (607) бабы 2-тармағының 5) және
10) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда – қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
6) салық төлеуші осы Кодекстің ____ (558) бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда – осы Кодекстің
558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:
1) осы Кодекстің ____ (55) бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу бойынша операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;
салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.
3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.
4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.
5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм де осы Кодекстің ____ (608) бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңдерін қамтитын салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы ұйғарым табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей күшi жойылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді тиісті салық органына қайтарады.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты көрсетілген кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.
Достарыңызбен бөлісу: |