Салыќ жѕне бюджетке тґленетін басќа да міндетті тґлемдер туралы 2008 жылєы 10 желтоќсандаєы №99-іv салыќ кодексі (Салыќ кодексі)


Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



жүктеу 26,45 Mb.
бет76/136
Дата24.12.2017
өлшемі26,45 Mb.
#5561
түріКодекс
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.

5. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.

 

276-16-бап. Кеден одағында қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 34-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.

2. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.



Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы болып табылады, бірақ осы Кодекстің 276-8-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың көлеміне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан артпайды. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 599 және 601-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жолымен төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.

 

276-17-бап. Шот-фактура



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі, осы Кодекстің 35-тарауына сәйкес айқындалады.

2. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

3. Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 263-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ мыналар:

1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекетте сатып алушы-салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.

3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде сыйақы есепке алынбай, әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.

Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетілуге тиіс.

 

276-18-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері



1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.

Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.

2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше үшінші бір мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі төлейді.

3. Егер Кеден одағына мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Егер Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді оларды сатып алу-сатуға бейрезидентпен шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.

Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде, мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.

Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Кеден одағына мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жеріндегі салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына комиссионер, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылатын сенім білдірілген адам (оператор) бұдан бұрын импорттаған, олар бойынша жанама салықтар төленбеген тауарларды Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған комиссия, тапсырма шарты (келісімшарты) бойынша сатып алса, онда жанама салықтарды төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауардың меншік иесі не тауарды импорттаған комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.

5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше емес мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.



 

276-19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Кеден одағында комиссия, тапсырма шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері

1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 276-20-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің көшірмесі негізінде есепке жатқызуға тиіс.

2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.

4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі - комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің «комиссионер» («сенім білдірілген адам») деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.



Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 263-бабы 5-тармағының 1) - 6) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.

Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.

Мұндай шот-фактураға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.

5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.



Осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні есепке қабылдау күні болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 276-20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



276-20-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Кеден одағында қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес айқындалады.

2. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етуге міндетті.

Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттарды:

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда



1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етеді.

Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;

2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 276-15-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.



Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотының есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.

Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) тауарлардың Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын, тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етеді. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды табыс етеді.

Егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі;

5) Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, тауарларды дайындау туралы шарттар (келісімшарттар), алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (жеке кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мынадай мәліметтер:

тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;

Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (жеке кәсіпкердің) толық атауы;

Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;

келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;

ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы Кеден одағына мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарлама (осы Кодекстің 276-18-бабының 2 - 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).

Егер одан тауар сатып алынатын Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген адам болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі.

Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.

Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;

7) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда);



2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген адам төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 276-18-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда).

Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) табыс етіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге да адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.

Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағына олардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін.

Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан - салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Кейіннен салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан - салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан - салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді.

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан - салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Кейіннен салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан - салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):

1) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;

3) осы Кодекстің 276-22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші;

4) осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-2. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана табыс етілген кезде, осы баптың 3-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді.

Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-1-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.

Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.

Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.

Тауарлардың әкелінгені және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште салық органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.

Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



8. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық қағаз жеткізгіштегі төлеушіге уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысандағы уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



10. Осы Кодекстің 276-8-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етіледі.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.

Мыналар: бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт бойынша және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны шығару (жазып беру) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 276-21-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 276-21-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



276-21-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттерге экспорты немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 270-бабында көзделген қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде тауарларды (оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін) импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі өтінішті (өтініштерді), сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.



Осы тармақта көрсетілген өтініш (өтініштер):

1) тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша;

2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына табыс етіледі.

2. Салық төлеушісі тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш электрондық нысанда ғана табыс етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.



Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі.

Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (өтініштер) салық органына қағаз жеткізгіште табыс етілмейді.

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етілмеген не электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 271-бабының 1-тармағында белгіленген төлеу мерзімінде осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.



Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есепке жазуды салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.

4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын осы Кодексте айқындалған тәртіппен қолданады.

5. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін қағаз жеткізгіште табыс етілген не электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 599 және 602-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.

Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жазылған өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

 

276-22-бап. Кеден одағында тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу



1. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде кері қайтаруға жатады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай жағдайларда:

1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш қате табыс етілгенде;

2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, оның ішінде осы Кодекстің 276-23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;

3) осы Кодекстің 276-23-бабының 2-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алғанда табыс етуге құқылы.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай әдістердің бірімен:

1) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау әдісімен жүргізіледі, бұл әдіс қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер бойынша қолданылады;

2) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдісімен жүргізіледі.

Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген деп есептеледі.

4. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.



Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация салық есептілігі болып табылады, оны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық төлеуші болып табылатын тұлға осы өзгерістер мен (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс еткен салық есептілігіне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі.

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша салық есептілігі болып табылады, осы тұлға салық төлеуші болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс етеді.

7. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке:

1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнде;

2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.

 

276-23-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардыңтиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себептіоларды осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілмейді.

1-1. 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарған кездеосындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште көрсетілуге жатады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті оларды осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарған кездеосындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш осы Кодекстің 276-22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Осы баптың мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:

1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себепті қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;

2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);

3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);

4) жою актілері болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері салық органына осы Кодекстің 276-20-бабы 3-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде қағаз жеткізгіште табыс етіледі.



4. Қосылған құн салығын салуға мыналар жатпайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи зиян нормалары шегінде салық төлеуші тартқан тауарлар шығыны;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған тауарлардың бүлінуі.

Осы баптың мақсаттары үшін тауарлар шығыны деп тауарлардың жойылуы немесе жоғалуы болған оқиға түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

 

 



9-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР

 

38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 

277-бап. Акциздерді қолдану

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 277-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

277-1-бап. Кеден одағында қолданылатын ұғымдар

Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.

Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар көзделмеген болса, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.

 

278-бап. Төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5) - 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциздерді төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, бейрезидент заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 279-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



279-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:

1) спирттiң барлық түрлерi;

2) алкоголь өнiмi;

3) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) темекi бұйымдары;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық;

5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;



2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;

двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);

двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

7) шикi мұнай, газ конденсаты.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.



Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздер мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

280-бап. Акциз мөлшерлемелері



2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Акциз мөлшерлемелері заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.

2. Алкоголь өніміне акциздер мөлшерлемесі осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Акциз сомасын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) осы Кодекстің 279-бабының 1) - 4-1), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

7, 12, 14 және 15-жолдарының қолданылуы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңының 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2017 ж. 2 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейін акциздердің мөлшерлемелері қолданылады



2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңының 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2019 ж. 1 қаңтарға дейін акциздердің мөлшерлемелері қолданылады

1) осы Кодекстің 279-бабының 1) - 4), 4-1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

 

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері

(өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100 % спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100 % спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа)

100 % спирт 2000 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

 Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

39 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

6200 теңге/ 1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

6200 теңге/ 1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/ 1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

жүктеу 26,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау