Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Уәкілетті мемлекеттік орган бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын салық органы қызметкерi куәгерлердi (екіден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:
1) оның жасалған орны мен күнi;
2) актіні жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;
4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;
5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.
Салық органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.
Талапта:
уәкiлеттi органның толық атауы;
сәйкестендiру нөмiрi;
талапты жiберу үшiн негiз;
талап жiберiлген күн;
уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.
Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.
Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
8. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
9. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
92-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕК
657-бап. Салық төлеушілерге көмек
Салық органдары:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша электронды төлем құжатын түзе отырып, салық есептілігін электрондық нысанда табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 3) тармағының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
3) салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжаттың дайындығының жай-күйін қарауға оған қол жеткізу үшін терминалдар желісін құру және дамыту;
4) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) жеке тұлғалардың көлік құралы салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 5) тармағының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
5) салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеу үшін орталықтардың желісін құру және дамыту;
6) салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 657-баптың 7) тармағының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
658-бап. Салық заңнамасын насихаттау
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.
2. Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.
659-бап. Электрондық нысанда салық есептілігін тапсыру үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру
1. Салық органы электрондық нысанда салық есептілігін тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілімді салық төлеушіге (салық агентіне) тегін негізде береді.
2. Салық есептілігін электрондық нысанда тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олар салық органына келіп жүгінген кезде және (немесе) оны салық органдарының интернет-ресурсында орналастыру арқылы электрондық ақпарат жеткізгіштерінде берілуі мүмкін.
3. Салық есептілігін электрондық нысанда тапсыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етілім оған бағдарламалық қамтымды орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 659-баптың 4-тармағының қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
4. Бағдарламалық қамтамасыз етілім салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің электрондық төлем құжатын қалыптастыру үшін мүмкіндік береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 660-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту
1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың:
1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазбаның дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуді ұсыну үшін терминалдар желісін дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Салық төлеуші (салық агенті) сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізу салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі.
3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.
661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету
Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 661-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
661-1-бап. Жеке тұлғаларда салық міндеттемелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну
1. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:
1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;
4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызметтерді алу үшін салық төлеуші - жеке тұлға тұратын жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 662-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
662-бап. Салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар
1. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының1) және 5) тармақшаларында көзделген салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.
4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.
663-бап. Салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) интернет-ресурс арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.
2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық органдарының интернет-ресурстарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
3. Салық органдарының интернет-ресурстары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 48 бабына сәйкес 664-баптың қолданылуы 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету
1. Салық органдары мынадай операцияларды жасауға:
1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды
2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.
665-бап. Салық органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі
Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:
1) салық органдарының офистерінде;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.
21-БӨЛІМ. Тексеру нәтижелеріНЕ ЖӘНЕ
салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
93-тарау. Тексеру нәтижелері ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
666-бап. тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.
3. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен - салық органдары шағымды алған күн;
2) почтамен - почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жоғары тұрған салық органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған салық органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Салық төлеушінің (салық агентінің) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;
2) шағым берілетін жоғары тұрған салық органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
5. Шағымға:
1) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
669-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Жоғары тұрған салық органы:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 667-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;
4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық органы шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жоғары тұрған салық органының шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
670-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.
6. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;
2) осындай органдар мен заңды тұлғалардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.
7. Жоғары тұрған салық органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық қызметінің жоғары тұрған органы шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.
2. тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық органы мына шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 672-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде - олар аяқталғанға дейін;
2) мемлекеттік органдарға және мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарына сұрау салулар жіберген кезде жауап алған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
2. Жоғары тұрған салық органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі салық төлеуші (салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.
673-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің нысаны мен мазмұны
Жоғары тұрған салық органының шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органының атауы;
3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) шағым бойынша шешім шығару кезінде жоғары тұрған салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 674-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 674-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары
Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.
Жоғары тұрған салық органына шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы жоғары тұрған салық органының жазбаша шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Осы Кодекстің 94-тарауында белгіленген салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібіне қолданылатын жоғары тұрған салық органының шешімдері бойынша осы хабарламаның орындалуы осы Кодекстің 677-бабы 1-тармағында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 675-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Жоғары тұрған салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары тұрған салық органының тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді уәкілетті орган жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмауға тиіс.
3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы жоғары тұрған салық органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
94-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ) ШАҒЫМЫН ҚАРАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЕШІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ
676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган
Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды уәкілетті орган жүргізеді.
677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған кезде осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына жіберуге тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойғызып тапсырған күн немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген кезде пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.
Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) пошта арқылы - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Уәкілетті органға шағым беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкілетті органға жіберілетін шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға жауап беруге тиіс.
2. Уәкілетті органға жіберілетін шағымға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық органы шешімінің көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
679-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешiмдi қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 677-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстiң 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) уәкiлеттi органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.
680-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган - оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.
2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;
3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 682-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады және (немесе) ұзартылады.
683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Уәкілетті органның шешімінде:
1) шешімнің қабылданған күні;
2) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) жоғары тұрған салық органының шағым жасалып отырған шешімінің қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәні;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме мен қорытындылар көрсетілуге тиіс.
684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары
1. Уәкілетті органға шағым беру жазбаша шешім шығарылғанға дейін тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 685-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
685-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына тақырыптық тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.
4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім тақырыптық тексеру және (немесе) қайта тақырыптық тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
95-тарау. Салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
686-бап. Шағым жасау құқығы
Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
687-бап. Шағым жасау тәртібі
Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.
688-бап. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
Н. НАЗАРБАЕВ
|
|
|
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 99-ІV ҚРЗ
Достарыңызбен бөлісу: |