§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды
шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 337-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
337-бап. Салық салу объектісі
Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде нормаланған ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.
Нормаланған ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 338-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
338-бап. Салық базасы
1. Салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында минералды шикiзат:
1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикiзат;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералдық шикізат;
3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикiзат;
4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндiрiлген минералды шикiзат;
5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлетiн минералды шикiзат болып бөлiнедi.
3. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны:
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңiнде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негiзiнде айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының Metal Bulletin» журналында, «Metal-pagesLimited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.
Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңi iшiнде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;
Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкi фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.
Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
S -күмiске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;
Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрiнiң барлық көлемiне, оның iшiнде кейiннен өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлiмшеге берiлген көлемге қолданылады.
Салық жылының iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбір пайдалы қазба түрiнiң нақты көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен бекітілген кен орындарын игерудiң техникалық жобасындағы өндiрудiң күнтiзбелiк кестесi негiзiнде әзiрленген жергiлiктi жобада көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептiк баланстарының деректерi бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерiн нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерiне түзету жүргiзуге және есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша қосымша декларация табыс етуге мiндеттi.
Жүргiзiлген түзету ескерiлетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң осы салығы бойынша салық мiндеттемесi болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша түпкiлiктi есеп-қисап есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейiн жүргiзiлуге тиiс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - оларды өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.
6. Келісімшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге мiндеттi.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңiне жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткізудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 7 бабына сәйкес 339-бабының бірінші бөлігінің қолданылуы 2014 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 339-бап өзгертілді
339-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгіленеді
Рет №
|
|
Пайдалы қазбалардың атауы
|
Мөлшерлемелер, %-бен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi
|
Хром кенi (концентраты)
|
16,2
|
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)
|
2,5
|
Темір кенi (концентраты)
|
2,8
|
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)
|
18,5
|
2.
|
Металдар
|
Мыс
|
5,7
|
Мырыш
|
7,0
|
Қорғасын
|
8,0
|
Алтын, күмiс, платина, палладий
|
5,0
|
Алюминий
|
0,25
|
Қалайы, никель
|
6,0
|
3.
|
Құрамында металдар бар минералды шикiзат
|
Ванадий
|
4,0
|
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар
|
6,0
|
4.
|
Құрамында сирек кездесетiн металдар бар минералды шикiзат
|
Ниобий, лантан, церий, цирконий
|
7,7
|
Галлий
|
1,0
|
5.
|
Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикiзат
|
Селен, теллур, молибден
|
7,0
|
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий
|
6,0
|
6.
|
Құрамында радиоактивтi металдар бар минералды шикiзат
|
Радий, торий
|
5,0
|
7.
|
Құрамында металл еместер бар минералды шикiзат
|
Тас көмiр, қоңыр көмiр, жанғыш тақтатастар
|
0
|
Фосфориттер
|
4,0
|
Бор ангидритi
|
3,5
|
Барит
|
4,5
|
Тальк
|
2,0
|
Флюориттер
|
3,0
|
Воластонит
|
3,5
|
Шунгит
|
2,0
|
Графит және басқалар
|
3,5
|
|
Жарқырауық тас шикiзаты:
|
|
8.
|
Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикiзат
|
Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар
|
12,0
|
9.
|
Құрамында жасанды тастар бар минералды шикiзат
|
Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар
|
3,5
|
10.
|
Құрамында техникалық тастар бар минералды шикiзат
|
Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар
|
2,0
|
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.
Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.
Сирек және жерде сирек кездесетін металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндіру салығы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |