Ќазаќстан Республикасы ‡кiметiнiњ



жүктеу 54,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі54,5 Kb.
#22401



Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2014 жылғы « »

бұйрығына

6-қосымша



«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті) арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою кезінде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;



электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) жою немесе ауыстыру – көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған), қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) ЭЦҚ беру;

2) ЭЦҚ жою;

3) ЭЦҚ ауыстыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) портал, салық төлеушінің кабинеті – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтінішті табыс етеді.

«Жеке кабинетте» немесе Салық төлеушінің кабинетінде портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны/қабылданбағаны туралы электрондық хабарлама/растама алады.

Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз тасығышта табыс етілген салықтық өтініш екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Сонымен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында, салық органының күту залындағы стенділерде және арнайы бағандарда орналастырылған. Салықтық өтініш нысаны салық органында тегін беріледі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, Министрліктің www.minfin.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті ашық бөлігінде ЭЦҚ-мен, жабық бөлігінде ЭЦҚ болуы шартымен портал, Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.



_______________
жүктеу 54,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау