2 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫМЕТІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Жезқазған аймағының салық қызметінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан республикасы мемелекеттік органдарының жүйесі жиі реформалауға душар болған. Салық қызметі бастапқыда Қазақ ССР Қаржы министрлігінің Салық инспекциясы ретінде (1990 жыл 16 наурыз) пайда болды. Ал, 1996 жылы Мемлекеттік Салық қызметіне айналады. Осыған орай, бұл Қаржы министрлігі құрамынан шығады да, қайтадан кіреді. Содан кейін, 1998 жылы Қазақстанның даму стратегиясын қамтамасыз ететін салық қызметі құрамының уәкілетті мемелкеттік органы ретінде Мемлекеттік кіріс Министрлігі құрылды. ҚР президентінің 28 тамыз 2002 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатындағы іс – шаралар туралы» қаулысымен мемлекеттік кіріс Министрлігі қысқартуға ұшырайды. Қаржы Министрлігінің Салық басқармасы салық қызметінің уәкілетті мемлекеттік органы болды.
Жалпы салық қызметі органының басшылығын ҚР-сы Қаржы Министрлігі атқарады. Салық қызметі құрамына: ҚР- ның қаржы Министрлігінің салық комитеті, облыстар бойынша, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері аймақтық салық басқармалары аудандар бойынша, қалалар және қала аудандары бойынша салық басқармалары кіреді.
Аймақтық салық қызметі органдары лайықты жоғарғы тұрған салық қызметі органдарына міндетті түрде тікелей бағынады; мысалға, Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасы Қарағанды облысы бойынша салық комитетіне бағынады. Ал, ол ҚР- сы Қаржы Министрлігінің салық комитетіне бағынады.
Жезқазған қаласының Салық басқармасы салық қызметі және «жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы құрамына кіретін ҚР-сы қаржы Министрлігінің ведомствосы болып табылады. Жезқазған қаласының Салық басқармасы ең бірінші 1990 жылдың 30 мамырында тіркелді, 2010 жылдың 29 желтоқсанында Жезқазған қаласының Салық басқармасы қызметінің құрамына Сатпаев қаласы Салық басқармасы қызметі толық ауыстырылуына байланысты қайта тіркеуден өткізілді. Сатпаев қаласының Салық басқармасы өз қызметін 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта атқаруда.
Ұйым деңгейлерінің саны және құрылымдық бөлімшелері ұйымдастыру – құқықтың форманың күрделігіне тәуелді. ҚР –ның 1993 жыл 31 наурыз «ҚР –сы қаржы Министрлігінің салық қызметі туралы» заңына және «ҚР қаржы Министрлігінің Салық басқармасының Қарағанды облысы Жезқазған қаласы бойынша Салық басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы» жайға сәйкес Салық комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру – құқықтық формасындағы заңды тұлғасы болып табылады.
Салық басқармасының міндеттері:
-бюджетті салықтар, басқа да түсетін міндетті төлемдермен толық қамтамасыз ету және міндетті зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аудару;
-мемлекет алдындағы төленбеген бюджетке түсетін салықтар мен басқа да қаржылық міндеттемелердің нақты көрінісін табу;
-салық төленушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін талқылау, салық төлеушілерге салық заңдылықтарының өзгеруі жайлы ақпаратты уақтылы хабарлау;
Басқармасының негізгі қызметтері:
-бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің толықтылығын қарастыратын салық заңдылықтарының бұзылмауын бақылау;
- салық есептілігінде тұрған салық төлеушілерге салық тексерулерін жүргізу және мониторинг;
-салық заңыдылықтарын бұзудағы өтініштерді, хабарламаларды және басқа да ақпараттарда тексеру;
-салық заңдылықтарын қолдану барысында салық төлеушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жұмыстарын жүргізу;
-заңдылықтарды бұзу және сеьептерді жою бойынша сәйкес ұсыныстарды кіргізуді және салық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға себеп болатын шарттарды талдау және бағалау;
-барлық деңгейдегі бюджеттің салықтары мен төлемдерін жинау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы есептілікті құру;
-кадрлардың біліктілігін жоғарлату бойынша шаралар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |