Салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері


Салык жүйесінің түсінігі және құрылу принциптері



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/19
Дата25.08.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Акциз салығы

1.2 Салык жүйесінің түсінігі және құрылу принциптері

Жас тәуелсіз еліміздің қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу - маңызды мәселе. Өйткені, денсаулық сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық жіктерінің тағдыры бюджетке байланысты екені хақ. Бюджет кірістерінің құрамы, бюджетке шоғырланатын ақша қаражаттарының формалары шаруашылық жүйелері мен әдістерінен, сол сияқты қоғамның экономикалық шараларын шешуге тәуелді. Бұрын бюджет кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша қорларынан құралса, нарықтық экономикаға- көшуге байланысты, ол заңды және жеке түлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады.

Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әр түрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міңдеттерін шешуге, сондай-ақ, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.

Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әркашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп-өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған.

Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейінінен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.

Салықтардың, салықтық құқықтың мемлекеттермен қатар пайда болуы олардың құқықтық табиғатын, мәнін ашып көрсететін сияқты. Өйткені сол кездерден бастап мемлекеттерде әлеуметтік әділеттілік, демократиялық және

құқықтық принциптері көрініс берген. Әртүрлі меншік нысандарының теңдігі, олардың өндіріс құралдары мен жабдықтарына негізделуі де мемлекеттің экономикалық жүйесімен шартталған болатын.

Сонымен салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамытып, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың функционалдық, сипаттамасын нақтыландыру, яғни қызметтеріне талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің негізгі бағытын көруге болады. Салықтардың қызметтері белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге септігін тигізуге, қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады. Салыктардың қалыптасқан түрдегі негізгі үш қызмет бар. Олар: фискалдық, қайта бөлу және реттеуші қызметтер. Негізінде экономикалық теория жене басқа тиісті оқулықтарда осы негізгі үш қызмет көрсетілмегенімен, кейбір белгілі экономист-ғалымдардың еңбектерінде оларға қоса тағы бірнеше қызметтер аталады.

Бірінші, фискалдық қызмет-салықтардың және басқа да міндетті телемдердің бюджетке толығымен және уақтылы (мерзімінде) түсіп отыруын қамтамасыз етеді. Фиск - латын тілінде мемлекеттік қазына деген мағынада айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет-салықтық-бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына-бюджетті түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету жөнінде қызмет болып табылады. Қысқаша айтқанда, қаражаттарды бюджетке жұмылдыру қызметі. Тауарлық-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл қызмет -мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі. Ал қайта бөлу қызметі, әртүрлі субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Үшінші қызметі - салықтық реттеу, яғни реттеуші қызмет-салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды және жеке тұлғаларды нарыққа бағытталған экономикалық белсенділіктерін (қызметтерін), сондай-ақ мүдделерін қамтамасьгз ету. Бұл қызмет өзінің осындай сипаттамасына байланысты ынталандыру қызметі деп те аталады. Салықтық реттеу (салықпен реттеу деген де болады) мүмкіндігінше тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін өзгерту, сондай-ақ жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін өзгерту сияқты әрекеттерден тұрады. Әсіресе бұл қызметті ғылыми-техникалық процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.

Мемлекет үстінде аталған салықтардың қызметін қолдана отырып салық салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді және салық

жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару тұтқасын әзірлейді. Салық салу саласыңдағы жүзеге асырылатын шараларды қоғамның нақты бір даму кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен ұштастыру да осы қызметтер арқылы жүргізіледі.

Енді осы қызметтер жөнінде қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастармен шектеліп қана қоймай басқа да авторлардың пікірлеріне тоқталайық. Белгілі экономист-ғалым Қарағұсова Г.Ж. айтуынша салықтардың атқаратын қызметтері мына төмендегідей болып келеді:

1.фискалдық немесе жұмылдыру қызметі арқылы мемлекет тиісті шығындарын қаржыландыруға қажетті салықтарды жиыстырады;

2.қайта бөлу қызметі арқылы мемлекет экономика аясының әртүрлі саласына ықпал етеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, табыстарды халық арасындағы әлеуметтік топтарға қайта бөледі, табысты өте төмен топтарға жәрдем береді. Мысал ретінде үдемелі ставкалы табыс салығын көрсеткен;

3.ынталандыру қызметі - экономиканы дамыту, техникалық жаңарту және т.б, әртүрлі жағдайлар жасауды жүзеге асырады;

4.шектеу кызметі, салық саясаты арқылы мемлекетке тиімсіз (пайдасыз) өндірістердің дамуын шектеу немесе тоқтата тұру больтп табылады;

5.бақылау-есептеу қызметі, кәсіпорындар мен азаматтардың табыстарын, өндірістің құрылымы мен көлемін және қаржылардың қозғалысын есептеп, бақылаудан тұрады.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономпкалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

Салық категориясының нақты формалары болып құқық органдарымен тағайындалған салық төлемдерінің түрлері жатады. Салық дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік шығындарын жабу үшін, заң жүзінде бекітілген төлемі. Мемлекеттің алатын салықтарының формасы мен әдістерінің жиынтығын салық жүйесі дейміз.

Салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың ара қатынасынан тұрады. Біріншісі - салық төлеушілердің табысы мен мүлкінен алынатын мемлекет түсімі, екіншісі - тауар бағасына немесе қызмет көрсетуге үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Тікелей салық салуда ақша қатынастары мемлекет пен қазынаға енгізетін төлеушінің өзімен тура болады.

Жанама салықтың субьектісі, мемлекет пен төлеуші арасьында болатын делдал, яғни тауар сатушысы болып табылады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты мүлік түрлерінің әрқайсына төленетін, жеке және заңды түлғалардың кіріс көздерінен немесе декларация бойынша алынатын салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтардың біреулерін тек заңды түлғалар, келесісін тек-жеке тұлғалар, ал үшіншісін - заңды да жеке түлғада төлейді.

Жанама салықтар құрамы да әр түрлі - акциздер және қосылған құнға салынатын салықтар. Олардың алынуыда өте қарапайым Олардың алымдық әсері өндіріс құлдырауында да қолданылады. Алыну обьектісі мен колданылу әдістері әр түрлі болып келетін, тікелей және жанама салықтардың жүйесі, мемлекетке салықтардың - алымдық және экономикалық қызметтерін толықтай атқаруына мүмкіндік береді.

Нарықтық экономикалық қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басқы мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және тағы басқалар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

Сонымен салық жүйесінің өте маңызды және күрделі құрылым екенін білдік. Салық жүйесінің мемлекеттің нақты тарихи ұлттық даму кезеңдерімен шартталарыны белгілі.

Сондықтан, қандай да болмасын дамыған елдің салық жүйесі бізге эталон бола алмайды.

Бірақ дамыған елдерінің салық жүйесінің тенденциясын және жалпы сипаттамасын қарастыру және талдау жасап отыру біздің міндетіміз.

Салық салу кезінде мемлекет белгілі бір принциптерді колданады. Салық салу принциптері салық теориясының басты элементі болып табылатынын ұмытпауымыз қажет.

Салықтар жөніндегі ілімнің тұңғыш қарлығаштары, саяси экономикалық, теорияның ең ірі классиктері Адам Смит, Вильям Питти және т.б. болатын.

Кезінде салық жүйесін құрудың төрт қағидасын Адам Смит ұсынған болатын. Олар күні бүгінге дейін (әрине дамыған елдерде) салық салуды ұйымдастыру принциптері ретінде қолданылады.

1.Біршіш қағида - салық әрбір салық төлеушінң тапқан табысына сәйкес алынуға тиісті;

2.Екінші қағида - салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі заң жүзінде күні бұрын және дәл белгіленуі қажет;

3.Үшінші қағида - ыңғайлылық қағидасы, яғни әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және осы салық төлеушіге ыңғайлы әдіспен алынуға тиісті;

4.Төртінші қағида - үнемділік қағидасы, яғни салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мейлінше аз болуға тиісті.

Салық салу кезінде, аталмыш принциігіерді басшылыққа алу барысында мемлекет тарапынан белгілі қағидаларды қолдану тәртібі туындаған болатын.

Қазіргі кезде қолданылатын салық салу прпнциптері тікелей салық салу жүйесіне бағынышты (байланысты) болады. Белгілі ғалым Қарағүсова Г.Ж. өзінің еңбегінде салық салу принцпптерінің ең қолайлы деген түрлерін атап көрсеткен:

1.Салық салмағының тең болуы, яғни әркім мемлекет қорына " әділ үлесін " қосуға міндетті;

2.Салық жүйесінің қарапайым және анық болуы, яғни салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет;

3.Салық салудың теңділігі және әділеттілігі, яғни әлеуметтік-экономиқалық мақсаттарға жету үшін, мүмкіндігінше әртүрлі жеңілдіктерді азайту;

4.Салыктарды басқару және заңдылықты сақтау жөніндегі әкімшілік шығындар мүмкіндігінше аз мөлшерде болуы қажет.

Қазіргі кезеңде, мемлекет алдында тұрған бірден-бір күрделі мәселе -салық салмағын (айырмашылығын) халық арсында ойдағыдай етіп бөлу. Әзірше осы мәселе жөргінде екі принцип барын білуіміз қажет.

Біріншісі, тапқан (алған) игіліктерге негізделген яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің бәрі оның азаматтарына кәдімгі тауар ретінде берілуге тиісті. Бірақ мемлекеттен алынатын игілгктердің сапасы әртүрлі болуы мүмкін, ал сол үшін бәрі бірдей төлейді. Нарық кезеңінің көрінісі ретінде, қоғамымызда байлар мен кедейлердің пайда болғаны баршаға мәлім. Сондықтан мемлекеттен берілетін жәрдем ақыларды, субсидияларды тек табысы төмен, тұрақты табыс көзі жоқ адамдарға беру қажет.

Екіншісі, төлеу қабілеттілігі принцппіне негізделген. Бұл жерде салық айырмашылығы салық төлеушілердің нақты табыстарына және тұрмыс деңгейлеріне байланысты болады

Мельников В.Д. өз еңбегіңде дүние жүзілік мәні бар салық салу принцицтерінің ұтымды түрлерін (Я.Корнай және т.б. ұсынған) атап көрсеткен. Бүл принциптер нарық қатынастары жағдайындағы салық жүйесінің ойдағыдай тиімді болуына бағытталған.

Дүние жүзілік тәжірибеден өткен ол принциптер мыналар:

1.Салық салу формаларын белгілеу барысында карапайым формаларды қолданған жөн. Сонда төлеушілер салық төлеуден жалтара алмайды.

2.Салық жүйесі мүмкіндігінше бейтарап болуы тиіс. Былайша айтқанда, мемлекет салық төлеушілерді салық жүйесі арқылы ынталандыруға (жеңлдік беру арқылы) немесе жазалауға жол бермеуі керек. Өнімдердің, қызметтердің жеке түрлерін салық салуда немесе кейбір әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, мәдеииет салаларын мемлекет қаржыландырғанымен, бұл қаржыларды салық ставкаларын өзгерту (жоғарлату жолымен алуға болмайды).

3.Прогресивті салықтардың орнына тікелей пропорционалды салықтарды басымырақ пайдалану.

5.Салық жүйесі экономикалық қызметтердің жақсаруына және күрделі жұмсалымдардың өсуіне кедергі келтірмеуіне тиіс. Көп өнімді жұмыс істегенде прогресивті салықты қолданбай, салықтардың өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға тигізер ықпалының нәтижесі қандай болатынын ескерту қажет.

Сонымен салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатымен анықталатын, үстінде аталған принциптерді еске ала отырып, біздің пікірімізше, салық салу (салық қызметі) принциптері мүмкіндігінше мына төмеңдегідей болуы қажет; заңдылық және негізділік; жалпыға бірдей және нақтылық; теңділік және әділеттілік; ыңғайлылық және жеткшіктілік; карапайымдылық және бейтараптылық; жоспарлылық және нормативтік; тиімділік және үнемділік; жеңілділік және бірдүркінділік.




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау