Төраға
1-ші Орынбасар
3-ші Орынбасар
2-ші Орынбасар
Заңды тұлғалар ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы
Жеке тұлғалар ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы
Жеке кәсіпкерлер ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы
Өндіріп алу бөлімі
Заңды тұлғалар аудитінің бөлімі
Жеке тұлғалар аудитінің орталығы
Жанама салықтар бөлімі
Өндірістік емес төлемдер бөлімі
Құқықпен қамтамасыз ету бөлімі
Ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі
Бухгалтерлік есеп пен мемлекеттік сатып алуларды қаржыландыру бөлімі
Есепке алу және сводтық талдау бөлімі
Құжаттық қамтамасыз ету мен бақылау секторы
1 Сурет СБ құрылымы
Жезқазған қаласының салық басқармасының құрылымы көрсетілген. Осы суретте көрсетілген бөлімдердің атқаратын қызметі мен міндеттеріне тоқталып өтейік.
Ішкі жұмыстар бөлімі:
- салық басқармасы бойынша барлық бөлімдердің жұмыс жоспарын жинақтайды және оның сапалы әрі уақтылы орындалысын бақылайды. Ќорытындысын әр тоќсанда басшыға мәлімдейді;
- салық басқармасының іс-әрекетін растайтын тиісті протоколдау құжатын жүргізеді;
- салық басқармасы бойынша барлық бөлімдердің салық жүйесіне қатысты жұмысын реттейді және олардың бір-біріне деген байланысын ұйымдастырады. ЌР заңдарын білуде техникалыќ оќудың өткізуін ұйымдастырады;
- салық саласындағы құқықты бұзушылыққка жол берілмейтін тәсілді құрастыруға және оны іске асыруға қатысады;
- салық басқармасының барлық бөлімдердің жұмыс жоспарының орындалысын, олардың заң талаптарын ұстануын тексереді және оның қолдану жолдарын ұйымдастырады;
- жоғарғы органның тапсырмаларының, шешімдерінің және ұсыныстарының уақтылы орындалысын бақылайды;
- қызметкерлеріне жұмысын жақсы орындағандарға сый көрсетуді ал қателік жібергендерді жауапқа тартуды ұсыныс етеді:
- Кадрлардың біліміне және тәжірибесіне орай бөлім бастығымен бірлесіп іріктеу-реттеуде шешімін табуда ат салысады;
- салық басқармасының кадрларын оқытуды, тәрбиелеуді және резерв дайындауды қалыптастырады;
- салық заңы жөнінде білімін арттыруда облыстық семинарға қатысады.
Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының салық тіркеу бөлімі:
- салық төлеушілердің құқықтарың қадағалау және мемлекеттік мүдделерің қорғау;
- заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу, СТТН меншіктеу;
- жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер түрінде тіркеу, қайта тіркеу;
- ҚР ИНИС және СКУНС база деректеріне жеке тұлғаларға меншіктелген СТТН енгізу және салық төлеушілерге куәлік беру;
- қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді есепке алу;
- салық басқармасының мәліметтер жиынтығын сәйкес келтіру жұмыстарын бақылау;
- жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмаларын орындау және орындауын бақылау;
- түскен арыздарды, өтініштерді, шағымдарды, мұқтаждарды қарау;
- салық басқармасымен ұйымдастырылған кезекшілік атқаруларда, рейдтік тексерістерде қатысу;
- 2Н есепті құрастыру.
Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасының ақпаратты қамту бөлімі:
- салық басқармасындағы барлық ақпараттық жүйелердi салық органдарында қолдану;
- жаңа программалық ресурстарды қолдану және оны әрi қарай дамыту;
- ақпараттық технологияларды дұрыс қолдану барысын үйрету және қадағалау;
Жеке кәсіпкер тұлғалардың салық есептеліктерін өңдеу және қабылдау бөлімі:
- салық төлеушілердің бюджетке салықтардың және жинақы зейнетақы жарналарының толық және уақытылы есептелінуін және толық төленуін қамтамасыз ету;
- салық салу бойынша салық заңдылықтарының және нормативтік актілерінің өзгерістері туралы салық төлеушілерді уақытылы хабардар ету, салық төлеушілердің міндеттері мен құқұқтарын түсіндіру;
- бюджетке төлемдер бойынша нұсқаулар мен Заңдардың жобаларын талқылауға және дайындауға қатысу;
- жеке тұлғалардың тіркелу үшін өтінішін қабылдау және тіркеу бөліміне өтінішті өңдеуге беру;
- салық есептеліктерінің нысандарын тіркеу, қабылдау және салық есептеліктерінің ақпараттарын енгізу;
- жеке тұлғалардың бюджетке берешегі жоқтығы туралы анықтамасын, салыстырып тексеру актісін беру туралы өтініштерін қабылдау және есеп бөліміне орындауға беру.
Дайын анықтамалар мен салыстырып тексеру актісі бөлімде беріледі.Сонымен өтініштердің заңда бекітілген мерзімде орындалуының бақылауы жеке тұлғалардың салық есептеліктерін қабылдау бөліміне жүктелген;
- қосымша салық есептеуліктерін өңдеу және қабылдау;
- салық есептеліктерін тапсырмағаны үшін хабарландыру хатын дайындау және тапсыру;
- салық есептеулерін уақытылы тапсырмағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- салықтардың және зейнетақы жинақы жарналарының есептелуіне байланысты салық төлеушілердің есептіліктерінің, декларацияларының және басқа да құжаттарының уақытылы тапсырылуына бақылау жүргізу.
Заңгерлік бөлім:
- салық салу аумағындағы істер бойынша және шаруашылық істер бойынша, сондай-ақ бюджетке қарыз саналарын өндіріп алу бойынша және ЖЗҚ бойынша соттарда претензиялық-талап жұмыстарын жүргізу;
- әкімшілік тәжірибені жүргізу және есептеу, салынған әкімшілік айыппұл саналарын өндіріп алу мәселесін қадағалау және шығарылған әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды мәжбүрлеп орындау үшін іс-қағаздары сотқа жіберу.
- бюджетте 150 АЕК-тен жоғары салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша төленбеген санасы бар, әрекет етпейтін шаруашылық субъектілеріне қатысты және жоқ борышкерлерге қатысты банкроттықты ұсынуды жүргізу;
- ҚСжАО-на статистикалық карталарды жіберу үшін белгіленген коррупциялық карталарды жіберу үшін белгіленген коррупциялық құқықбұзушылықтар бойынша бақылау жасау;
- салық төлеушілердің құқықтары мемлекеттік мүддесін сақтау;
- жалпыға құқықтық білімін беруді және салық басқармасының қызметкерлерін мемлекеттік тілге үйретуді ұйымдастыру;
- жалпыға түсіндіру жұмысын жүргізу;
- орталықтандырылған тапсырмаларды уақытылы орындау.
- салық салушылардың хаттарын, арыздарын және шағымдарын уақытылы қарау;
- құқықтық сұрақтар бойынша СК бөлімдеріне көмек көрсету.
Заңды тұлғалардың салық есептеулерін өңдеу және қабылдау бөлімі:
- келісті жылға салықтардың және зейнетақы жинақы жарналарының республикалық және жергілікті бюджетте бекітілген сомма мен мөлшерде бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету;
- барлық салық төлеушілердің меншік нысанына тәуелсіз Заңға сәйкес міндетті бюджетке және жинақы зейнетақы қорларына салықтардың есептелінуін және төленуін өндіруге салық заңдылықтарын орындауға қамтамасыз ету;
- салық төлеушілердің бюджетке салықтардың және жинақы зейнетақы жарналарының толық және уақытылы есептелінуін және толық төленуін қамтамасыз ету;
- салық салу бойынша салық заңдылықтарының және нормативтік актілерінің өзгерістері туралы салық төлеушілерді уақытылы хабардар ету, салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтарын түсіндіру.
- бюджетке төлемдер бойынша нұсқаулар мен Заңдардың жобаларын талқылауға және дайындауға қатысу;
- заңды тұлғалардың тіркелу үшін өтінішін қабылдау және тіркеу бөліміне өтінішті өңдеуге беру;
- салық есептіліктерінің нысандарын тіркеу, қабылдау және салық есептіліктерінің ақпараттарын енгізу;
- заңды тұлғалардың бюджетке берешегі жоқтығы туралы анықтамасын, салыстырып тексеру актісін беру туралы өтініштерін қабылдау және есеп бөліміне орындауға беру. Дайын анықтамалар мен салыстырып тексеру актісі бөлімде беріледі.Сонымен өтініштердің заңда бекітілген мерзімде орындалуының бақылауы заңды тұлғалардың салық есептеулерін қабылдау бөліміне жүктелген;
- қосымша салық есептеулерін өңдеу және қабылдау;
- салық есептеулерін тапсырмағаны үшін хабарландыру хатын дайындау және тапсыру.
Жеке тұлғалар аудиты бөлімі:
- салық төлеушілердің салық төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын бақылау ҚР Салық және басқа да төлемдер туралы Заңымен жүзеге асырады;
- бюджеттік төлемдер жөніндегі Заңдар мен нұсқаулардың жобасын дайындау жұмыстарына қатысады;
- салық төлеушілерден түскен хат,өтініш және арыздарды талқылайды;
- салық төлеушілердің құқығын және мемлекет мүддесін қорғайды;
- 2-Н формалы есепті және түсініктеме хатын (запискасын) дер кезінде орындалуын қамтамасыз етеді.
Жанама салықтар бөлімі:
- нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтаруға бақылау жасайды және салық төлеушінің өтініші бойынша тексеріс жүргізеді;
- қосылған құнға салық және акциз жөнінде тақырыптық тексерістерді
жүзеге асырады;
- есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасы салық кезеңі ішінде
есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджеттен қайтарылуға тиісті қосылған құн салық сомасының дұрыстығын дәлелдеу мақсатында қарсы тексерістер жасайды;
- бөлім жұмысын дұрыс жүйеге қою мақсатында салық төлеушілер жайындағы электронды базаны хранометраждық зерттеу қорытындыларын өңдеп тиісті қорытынды жасайды.
Есеп және жинақты талдау бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: |