Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы



жүктеу 1,61 Mb.
бет4/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Перспективалары:

Жалпы алғанда, алдағы болашақта бұл саланың басым даму бағыты мұнай өңдеу көлемін арттыру; шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту; өндірілетін өнім сапасын жақсарту болып табылады. Ауданда аталған салада өнім өндіретін «Stratus Oil» ЖШС кәсіпорнының өндіріс қуаттылығы жылына 250,0 мың тонна мұнай өңдеуі күтілуде.


Химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі

2012 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 196,0 млн.теңге сомасында өнім өндірілген, 2011 жылдың деңгейіне 3,4 есе артық өндірілген. Салада «Vin House» кәсіпорны 85,6 мың литр спирт өндірген. 2011 жылы Индустриаландыру Картасы аясында іске қосылған «Swed kaZ» ЖШС 2012 жылы 101,1 млн.теңге немесе 962,4 тонна «Ракша» маркалы синтетикалық жуғыш заттар өндірген. 2012 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдерінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 0,6% құрады.

2013 жылы өнім көлемі 289,7 млн.теңгені құраған, 2013 жылмен салыстырғанда өсім 30,8% құрады.

2014 жылы химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 31,5 млн.теңге сомасында өнім өндірілген. Салада 2015 жыл соңына дейін 130,0 млн.теңгенің өнім көлемі жоспарланған. Салада синтетикалық жуғыш заттар шығаратын Индустриаландыру Картасы аясында іске қосылған «Swed kaZ» ЖШС кәсіпорны өнім өндіреді. (№9 кесте)



2012-2014 жылдары химия және фармацевтика өнеркәсібінің даму динамикасы

№9 кесте


Көрсеткіштердің атауы

Өлш. бірлік

2012

2013.

2014

Химия өнеркәсібі өнімдер өндіру көлемі

млн.

теңге


196,0

119,1

31,5

НКИ, өткен жылға пайызбен

%

168,1

66,7

13,1

Өңдеу өнеркәсібінің көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі

%

0,63

0,7

0,16

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Перспективалары:

Саладағы Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Swed kaZ» ЖШС кәсіпорнының өнім көлемі есебінен ауданда химия өнеркәсібінің дамуы күтілуде.


Резіңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

Салада 2012 жылы 790,4 млн.теңгеге өнім шығарылған, 2011 жылмен салыстырғанда 92,9% кемейген. Өнім көлемінің кемуі өнімге тапсырыстың төмендеуінен болып отыр. Ауданда бұл салада «Шымпласт» ЖШС, «РИН және К» ЖШС және басқа да мекемелер қызмет атқарады.«Шымпласт» ЖШС 2012 жылы 133,9 млн теңгеге немесе табиғи түрде 690,4 мың метр пластик трубаларын өндірді.«Рин және К» ЖШС пластик құбырларды және профильді шығарады. 2012 жылы – 41,9 млн.теңгеге (табиғи түрде 76299 м пластикалық труба) өнім өндірілді. Басқа кәсіпорындарды қосқанда 2012 жылы 55224 кг пластикалық бұйымдар өндірілген. 2012 жылы резіңке және пластмасса бұйымдарының үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 2,6% құрады.

2013 жылы сала кәсіпорындары 651,9 млн.теңгенің өнімін өндірген. Өңдеу өнеркәсібіндегі құрылымы 1,8% құраған.

Салада 2014 жылы 689,5 млн.теңгеге өнім шығарылған, («Шымпласт» ЖШС кәсіпорны отырған Шымкент қ.) 2013 жылмен салыстырғанда 105,8% құрап отыр. 2014 жылы салада "Полиэтилен трубалар шығаратын" «ЮКПЗТ» ЖШС кәсіпорны іске қосылып, 33 жұмыс орны ашылған. Саладағы «ЮКПЗТ» ЖШС, «РИН К» ЖШС кәсіпорындары есебінен жыл соңына 424,7 млн.теңге өнім көлемі күтілуде. (№10 кесте)



2012-2014 жж. резіңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің динамикасы
№10 кесте

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

млн.

теңге


911,5

651,9

689,5

НКИ, өткен жылға

%

64,2

103,8

83,9

Өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі үлесі

%

3,0

3,8

3,6

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру. Құрылыс материалдар өндірісін дамыту

2012 жылы өзге де металл емес минералды өнімнің басқа түрлерінің өндірісі 7465,4 млн.теңге сомасын құрады, 2011 жылмен салыстырғанда өсімі 146,9%. Бұл салада келесі мекемелер өнім өндірген: цемент өндіру бойынша – «Стандарт Цемент» ЖШС, крпішті өндіру – «Күмбез құрылыс» ЖШС, темірбетон өнімдерін өндіру – «ЖБИ-С» ЖШС және құрылыс материалдарының өндіру негізін құрайтын басқа мекемелер.«Стандарт Цемент» ЖШС құрғақ тәсілмен цемент өндіруде 2012 жылы 5796,1 мың теңгенің немесе 711,1 мың тонна цемент өндірген, өнім көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 165,2% немесе 2288,6 мың теңгеге артық (2011 жылы 3507,5 мың теңге немесе 467,7 мың тонна) өндірілген. Одан басқа сала кәсіпорындары 17,3 мың текше метр күйдірілген кірпіш, 67554 тонна тауарлы бетон өндірілген. 2012 жылы өзге де металл емесе минералдық өнімдерінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 24,6% құрады.

2013 жылы 12309,1 млн.теңгенің өнімі өндірілген, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 2 есені құрады. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі 33,7% құрады.

2014 жылы өзге де металл емес минералды өнімнің басқа түрлерінің өндірісі 771,8 млн.теңге өнім көлемі, 2013 жылмен салыстырғанда 6,2% құрады.

2015 жылы 750,3 млн.теңгенің өнім көлемі күтілуде. Салада «ЖБИ-С» ЖШС кәсіпорны 2015 жылдың 11 айында 14675 тонна құрылыс қажетіне арналған бетон заттарын өндірген. (№11 кесте)
2012-2014 жж. өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру динамикасы

№11 кесте



Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2012

2013

2014

Өзге де металл емес минералдық өнімдер көлемі

млн.

теңге


6877,3

1126,4

771,8

НКИ, өткен жылға

%

151,9

131,7

175,4

Өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі үлесі

%

22,4

6,6

4,1

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі

Сала кәсіпорындары 2012 жылы 2922,6 млн.теңгеге өнім өндірген. Бұл салада ауданда «Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС, «ШЗМ» ЖШС және «Казвторчермет» АҚф кәсіпорындары жұмыс атқарады. «Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС – қара металдан дайындалған бұйымдарды өндіретін қарқынды дамып отырған мекеме. 2012 жылы 2848,9 млн.теңгенің немесе 30135 тонна өнім өндірген. «ШЗМ» ЖШС 2012 жылы 310,8 млн.теңгеге металл құрылымдарын өнідрген, 2011 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,5 есеге артық. 2012 жылы Металлургия өнеркәсібі өнімдерінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 9,6% құрады. 2013 жылы салада 1236,9 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3,4% құраған.

Салада 2014 жылы 2712,3 млн.теңгеге өнім өндірілген, 2013 жылмен салыстырғанда өсім 2,2 есені құраған. 2014 жылы салада (Шымкент қ.) «Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС, «ШЗМ» ЖШС және «Казвторчермет» АҚф кәсіпорындары өнім өндірген. 2015 жылдың 11 айында 86,2 млн.теңгеге өнім өндірілген, жыл соңына 114,2 млн.теңге өнім көлемі күтілуде. Салада «Феррум Втор» кәсіпорны Сайрам ауданына тіркелгендіктен аталған кәсіпорынның өнім көлемі алынған.

Перспективалары:

Қолданыстағы қуаттылықтарды жаңарту және жаңа қуаттылықтарды құрудың арқасында өндіріс көлемін ұлғайту күтілуде;

Қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту;
Дайын металл бұйымдарын жасау саласында

2012 жылы сала кәсіпорындары 419,4 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2013 жылы 247,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 59% құрады.2013 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 6,8% құрады.

2014 жылы 356,2 млн.теңгенің өнімі өндірілген. 2013 жылмен салыстырғанда өсім 144%. 2015 жылы 937,7 млн.теңгенің өнім көлемі жоспарланған. Салада «ЮКМЗ», «Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС кәсіпорындары өнім өндіреді.

Машина жасау

Ауылшаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау. Ауданның машина жасау саласын «ОҚМЗ» АҚ мен «Сайрам» ӨК кәсіпорындары және аудан бойынша жеке кәсіпкерлер шағын МТС –тер құрайды. Ауданда машина жасау кәсіпорындары 2012 жылы 1438,8 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 163,7% немесе 383,5 млн.теңгеге артық. Оның ішінде: 2012 жылы іске қосылған «Казгеомаш» ЖШС, өндіретін өнім түрі: бұрғылау колонналары, бұрғылау снарядтары, ауыр бұрғылау трубалары. Кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы 900 жылына тонна өнім өндіру. 2012 жылы 809,2 млн.теңгеге немесе 850 тонна өнім өндірген. Жұмысшылар саны 18 адам. «ОҚМЗ» АҚ 2012 жылы 196,7 млн.теңгеге өнім өндірген немесе табиғи түрде 12 дана СНП 500/10 құны 62,1 млн.теңге, 2 дана СНПЭ 500/10, құны 8,4 млн.теңге және 2,1 млн.теңгеге полиэтилен бұйымдар, 10 дана УПП-3, құны 15,1 млн.теңге, 3 дана ВУ-3, құны 3,6 млн.теңге, 10 дана ВЛМ-100А, құны 3,4 млн.теңге т.б. өнім өндірген.«Сайрам» ӨК облыс көлеміндегі барлық ауыл шаруашылық техникаларын күрделі жөндеуден өткізеді. Жалпы ауданның өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі машина жасау саласының үлесі 2012 жылы - 3,2% құрады.

2013 жылы 1321,3 млн.теңгеге өнім өндірілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3,6% құрады.

Ауданның машина жасау саласында «ЮКМЗ» АҚ мен «KaZ tel» ЖШС кәсіпорындары және аудан бойынша жеке кәсіпкерлер шағын МТС–тер құрайды. Ауданда машина жасау кәсіпорындары 2014 жылы 1362,8 млн.теңгенің өнімін өндірді. 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 103% құрады. 2015 жылы 514,7 млн.теңгенің өнім көлемі күтілуде. Саладағы «KaZ tel» ЖШС 2013 жылдан бері өңірлік индустрияландыру картасына енген. (№12 кесте)


2012-2014 жж. машина жасау динамикасы

№12 кесте



Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Машина жасаудың өндіріс көлемі

млн.

теңге


985,1

1102,9

1362,8

НКИ, өткен жылға

%

80,9

72,5

73,4

Өңдеу өнеркәсібінің көлеміндегі үлесі

%

3,2

6,4

7,2

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Перспективалары:

2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ екінші бесжылдығы аясында аудандағы машина жасау саласындағы «ЮКМЗ» АҚ-ндаөнімнің жаңа түрін шығару мақсатында инвестициялық жобаны іске асыруып, қосымша 20 жаңа жұмыс орнын құру күтілуде.


Өнеркәсіптің өзге де салалары бойынша

2012 жылы салада 73,3 млн.теңгенің, 2013 жылы 122,9 млн.теңгенің өнімі өндірілген. НКИ 2012 жылы 94,1%, 2013 жылы 100% құраған.

2014 жылы өнеркәсіптің басқа да салаларында өнім көлемі 65,9 млн.теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген. Салада 2014 жылы «Ақсу Энерго» ЖШС «Қуаттылығы 1 МВт күн электр станцасының құрылысы» жобасы іске қосылған. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жоба 2014 жылдан бері өңірлік индустрияландыру картасына енген. 2015 жылы саладағы өнім көлемі 47,7 млн.теңге көлемінде күтілуде.
Электр қуатын, суды,газды және буды өндіру және үлестіру

2012 жылы аудан бойынша электр қуатын, суды, газды және буды өндіру және үлестіру 2480,9 млн.теңге көлемінде болды, 2011 жылдың деңгейіне 106,6% құрады. Оның ішінде 1910,7 млн.теңгеге газ және электр энергиясын таратылуы, 570,2 млн. теңгеге сумен, бумен қамтамасыз ету құрайды . Аудан өнеркәсібі өнімінің құрылымында электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру үлесі 2012 жылы - 7,5% құрады. 2013 жылы 2405,4 млн.теңгеге электр энергиясы, 490,3 млн.теңгеге су пайдаланылған. Саланың өнеркәсіптегі үлесі 6,0%.

2014 жылы аудан бойынша электр қуатын, суды, газды және буды өндіру және үлестіру 3286,2 млн.теңге көлемінде болды, 2013 жылдың деңгейіне 136,6% құрады. 2015 жылы 3150,2 млн.теңгенің өнім көлемі күтілуде. 2016-2020 жылдар аралығында өнім көлемінің өсімі жыл сайын 3-6% аралығында жоспарланған.

Өнеркәсіп саласының дамуына және жұмыс орындарының ашылуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы едәуір өз әсерін тигізуде.

Аудан көлемінде Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 4 млрд 825 млн.теңгелік 8 жоба енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде, 1 жоба 2016 жылы іске қосылуы жоспарланып отыр. Іске қосылған 7 жобаның жоспарлық қуаттылығын жүктелуі бойынша мониторинг жүргізіліп отырады: Синтетикалық тазартқыш заттар шығаратын "Swed Kaz" ЖШС – 2015 жылдың 11 айында 675 тонна (жоспар 600 тонна) немесе 94,7 млн.теңгеге өнім өндірген, сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт» ЖШС -1667 тонна (жоспар 1334 тонна) немесе 298,6 млн.теңгеге сүт өнімдерін өндірген, электр сымдарын өндіретін «KaZ tel» ЖШС - 2833 км (жоспар 2800 км) немесе 1845,8 млн.теңге өнім өндірген. Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал және кебек өндіретін "Bio Grain" ЖШС, Қуаттылығы 1 мВт күн электростанциясы «Ақсу Энерго», «Жеміс және көкөніс консервілерін өндіретін» «Глобус плюс» ЖШС, Өнеркәсіптік үлгідегі интенсивті бау «Грейн Ленд» ЖШС-лардың жоспарлық қуаттылығының жүктелуі 100%.

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2015 жылдың қазан айында Индустрияландыру картасына күзгі өзектендіруде, «Бірлік-4» ЖШС (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қойма құрылысы жобасы) енді, жобаның құны 200,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 50 адам. Жоба 2016 жылы іске қосылуы жоспарлануда (№13 кесте).
Индустрияландыру картасындағы жобалар тізімі

№13 кесте



р/с

Жобаны іске асырушы

Жоба атауы

Іске қосылу мерзімі

Жобаның қуаттылығы жылына

1

"Swed Kaz" ЖШС

Тазартқыш заттар өндірісі

2011 ж.

3 мың тн тазартқыш заттар

2

"Сайрам сүт" ЖШС

Сүт өңдейтін жаңа цехтың құрылысы

2013 ж.

7200 тонна сүт

3

"Bio Grain" ЖШС

Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал және кебек өндіретін зауыттың құрылысы

2013 ж.

9180 тн сироп, 1700 тн клейковина, 3400 кебек

4

"KAZ TEL" ЖШС

Кабель өнімдері өндірісінің қаутталығы арттыру, кеңейту және ПВХ түйіршіктерін өндіретін цехтің құрылысы

2013 ж.

7200 шақырым кабель

5

«Аксу – Энерго» ЖШС

Қуаттылығы 1 мВт күн электростанциясы

2014 ж.

1 МВт

6

«Globus Plus» ЖШС

Жеміс және көкөніс консервілерін өндіретін зауыттың құрылысы

2014 ж.

3 млн. банка

7

«Корпорация Green Land» ЖШС

Өнеркәсіптік үлгідегі интенсивті бау ұйымдастыру

2014 ж.

3950 тонна

8

«Қайып ата» ЖШС

«Ет өңдейтін комбинат құрылысы»

2016ж.

1000 тонна

9

«Бірлік-4» ЖШС

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цех құрылысы»

2016 ж.

1,2 млн банка

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
2012 жылы ауданда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 17075 бірлікті құраған. Оның ішінде шаруа қожалықтарының саны 6570 бірлік, заңды тұлғалардың саны 309 бірлік, жеке кәсіпкерлердің саны 10196 бірлік. 2012 жылы ШОК субъектілері өндірген өнім көлемі 44638,8 млн.теңгені құраған, төленген салық төлемдері 2288,8 млн.теңгені құраған.

Аудандық салық басқармасының көрсеткіштері бойынша 2013 жылы ауданда тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің саны 19922 бірлік, оның ішіндегі белсенді шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 17253 бірлік. Оның ішінде шаруа қожалықтарының саны 6577 бірлік, заңды тұлғалардың саны 351 бірлік, жеке кәсіпкерлердің саны 10325 бірлік. Шағын және орта бизнес субъектілерімен 2013 жылы 47,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 107,4 % құрады. Төленген салық төлемдері 2,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 17,2 пайызға артқан. 2013 жылы кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 26,0 мың адамды құраған.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі:

2014 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 13819 бірлікті құраған. Осы жылы тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 90,7 пайызды құраған.



1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі:

2014 жылдың қорытындысы бойынша халық саны 320500 адамға жетіп, оны 1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі 43,1 бірлікті құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 39088,5 млн. теңгені құрады.

Облыс әкімдігі тарапынан құрылған «Максимум» АИО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аудан көлемінде 2009-2014 жылдар аралығында 582 жоба 4136,1 млн.теңге көлемінде несиеленген. Олар арқылы 6 жыл ішінде 1559 жұмыс орны ашылып, бюджетке 7,5 млн. теңге көлемінде салық төленген. Оның ішінде 2014 жылы 73 жоба, 713,6 млн.теңге көлемінде қаржыланған.

2015 жылдың 10 айында жалпы аудандағы микрокредиттік ұйымдарымен 3492 адам 2482,4 млн.теңге көлемінде жобалар несиеленген.

2015 жылы ауданда 162 кәсіпкерлік субъектілерінде 811 жұмыс орны ашылған, 2014 жылдың сәйкес мерзімінде 145 кәсіпкерлік субъектілерінде 760 жұмыс орны ашылған.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы » 2 бағытының іске асырылуы:

2015 жылы бағдарламаның 2-ші бағыты аясында ауданға үш жақты келісімге сәйкес 130 жоба 296,8 млн.теңге шағын несие бойынша индикатор қойылған. Бүгінгі таңда 65 жоба 185,5 млн.теңгеге несие берілген немесе орындалуы 50% . Несиенің орташа көлемі 2,85 млн.теңгені құрап отыр.

2013-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы » бағдарламасы арқылы ауданда 380 адам 902,6 млн.теңге көлемінде несие алған. Оның ішінде:

2013 жылы 155 жобаға - 287,9 млн.теңге шағын несие берілген;

2014 жылы – 160 жоба – 429,2 млн.теңге көлеміндешағын несие берілген;

2015 жылы – 65 жоба 185,5 млн.теңгене шағын несие берілген.


Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бағдарламаның бірінші, екінші, үшінші бағыттары бойынша қолдау алған жобалар:

Атап айтқанда: 2011 жылы құны 2111,0 млн.теңгелік 3 жоба қолдау алған. 2012 жылы жобалық құны 6349,2 млн.теңгелік 20 жоба қолдау алған. 2013 жылы жоспар бойынша 26 жобаны ұйымдастыру керек болса, құны 9 млрд. 968,2 млн. теңгелік 30 жоба қолдау алып, индикатордың орындалуы 115,4% болған. Оның ішінде: 20 жоба бірінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау, 6 жоба инфрақұрылымдарды дамыту, 3 жоба кредиттер бойынша кепілдіктер беру, 1 жоба экспорттық өнімді субсидиялау бойынша. 2014 жылы 20 жобаны қаржыландыру болса, құны 8 млрд 580,4 млн.теңгелік 21 жоба қолдау алған. Оның ішінде: құны 2127,7 млн.теңгелік 13 жоба - банк кредиттерін субсидиялау бойынша, құны 319,5 млн.теңгелік 4 жоба - кредиттер бойынша кепілдіктер беру, құны 1055,0 млн.теңгеге1 жобаға инфрақұрылым дамытылған, құны 5078,1 млн.теңгелік 3 жоба - экспортқа бағытталған өнімді субсидиялау бойынша жобалар. 2015 жылдың 9 айында Бағдарлама аясында құны 670,0 млн.теңгелік 8 жоба (6 жоба субсидиялау, 2 жоба кепілдендіру бойынша) 414,4 млн.теңге көлемінде қолдау алған. (№14 кесте)


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау