Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері Сабақтың мақсаты



жүктеу 251,07 Kb.
бет1/3
Дата05.01.2018
өлшемі251,07 Kb.
#6993
түріСабақ
  1   2   3


86 орта мектеп




Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «Б»

Мерзімі: 25.10.2014 ж

Пән мұғалімі: А.Көшербаева

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«
Кім тапқыройыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)


Жер көлемі

Көрші елдері

Солтүстік және солтүстік батысында

Оңтүстікте

Шығыста

Ең биік нүкте-сі

Ең төмен нүктесі

2.7 млн км

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қытай

Ресей

Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан

Қытай

Хан тәңірі (6995м)

Қарақия ойысы (-132 м)

Табиғат зонасы



Орманды дала

Дала

Шөлейт

Шөп

Биік белдеу

(3%)

(26%)

(14%)

(44%)

(13%)


Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз – пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.


Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
3-бөлім. «Кітап – білім бұлағы»
Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту
Сергіту сәті
Қолымды көкке көтерсем
Көрсетеді солтүстік.
Аяқ бассам оңтүстік.
Оң қолым шығысым,
Ал сол қолым батысым.
Бағыттарды анықтап,
Айналамын жер шарын.
4-бөлім. «Іздеген жетер мұратқа»
Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
6.Ел іші-алтын бесік
Дәптермен жұмыс


Тау жотасы-созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері.Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды,мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады.Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйінділері деп атайды.Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.


Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.
5-бөлім. «Бәрін білгім келеді»
Бұл қызық!
Ең, ең,ең
Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс
Ең терең көл-Байкал
Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты
Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған ел-Түркия
Ең ұзын сөз-қанағаттандырылмағандықтан,залалсыздандырылмағандықтан
6-бөлім. «Үйренгенім көп менің»
“Кім жүйрік” ойыны

-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұны.
VIІ. Бағалау


Көшербаева Анаркүл

Қараманқызы
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Шалқия кенті
86 орта мектебінің

бастуыш сынып мұғалімі

Блог - TOTY

Бала кезімізде күзді күні ауылдың айналасына егілген бидай, күнбағыс, жүгері алқаптары жайқалып тұратын. Біздер, яғни маңайдағы ұсақтар, шыдамай, бір-бір велосипедке мініп алып, егістікке барып, шала-мала піскен жүгері собығын шетінен ақырын үзіп, үйге әкеп, пісіріп жейтінбіз. Тұз сіңіп піскен бұрқыраған иісі де керемет еді… 
Ал қалада жаздың соңын ала сауда-саттық жерлерде сатыла бастайды. Бұрындары орталық базарлардан ғана көретінмін, биылғы жылы мен тұратын Цементшілер ауданында да не көп, жүгері сатып отырған апалар көбейіп кетіпті. Кешкісін жұмыстан қайтып жатқан елдер жапа-тармағай алып жатады. Егер сіз де сатып алып, жеп жүрсеңіз… мен сияқты... адам ағзасына тигізер пайдасын білген де артық етпейді. Жүгерінің емдәмдік /диеталық/ көкөністерге жататынын білуші ме едіңіз? 
Жалпы, өсімдік ретінде, жүгеріні осыдан 12 мың жыл бұрын Мексикада қолдана бастаса керек. Алайда, собығы қазіргі түрлерімен салыстырғанда 12 есе кішірек болған, ұзындығы небәрі 4 сантиметрден аспаған екен. Көптеген үнді тайпалары жүгеріні тағам ретінде пайдаланған. Үнді шіркеулерінің қабырғаларынан ертеректе салынған жүгерінің кескіндері табылған деседі. Ал еуропа елдері арасында жүгері Христофор Колумбтың арқасында кеңінен тараған. Дәндері Еуропаға ХҮ ғасырда келсе, Ресей бұл көкөніс түрімен ХҮІІ ғасырда танысқан. Көбінесе оны Крым, Кавказ, оңтүстік Украина сияқты жылы өлкелерде өсірген. Бүгінде Мексикада жүгерінің сары, ақ, қызыл, қара, тіпті көк түсті алуан түрін өсіреді. Мексикандықтар ата-бабалары сияқты көп мөлшерде пайдаланатын көрінеді. Айталық, Мексиканың орташа тұрғыны жылына 100 кг. жүгері жейді екен. 
Пайдасына тоқталсақ, жүгері дәні дәруменге, минералды заттарға бай. Соның ішінде, құрамында обыр ауруларынан сақтайтын қышқылдар, ағзаға пайдалы крахмал, протеин,қант, майлар, аскорбин қышқылы мен минералды тұздар көп кездеседі. Оған қоса, жиі пайдалансаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Құрамындағы К дәрумені жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізсе, Е дәрумені теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, сонымен қатар, қартаюдан сақтайды. В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына пайдасы зор. Халықтық медицинада жүгеріні бауыр мен өт жолдарын тазарту үшін қолдануға кеңес береді екен. Ал бетіңізге маска жасасаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады. 


жүктеу 251,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау