Презентацияларды демонстрациялау, тапсырмалармен компьютерлік жұмыс. Саба қ ты ң жоспары



Дата15.04.2020
өлшемі70 Kb.
#29502
түріПрезентация

Тақырыбы: Ауқымды желі. Интернет.

WWW іздестіру жүйелері.


Мақсаты: Интернет желісімен таныстыру.

Интернеттің мүмкіндіктерін және

түрлерін түсіндіріп, оларды пайдалануды

үйрету. Ақпараттық іздестіру порталдарымен

таныстыру. Интернетте ақпаратты іздеуді

үйрету. Интернетті қолдануды практикада

пайдалануды дағдыларын қалыптастыру.
Жабдықтар: Презентация слайдтарын қолдану.
Жұмыс түрлері: Жаңа материалдарды түсіндіру,

презентацияларды демонстрациялау,

тапсырмалармен компьютерлік жұмыс.
Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа алғашқы дайындық (2 минут).

  2. Жаңа материалдарды түсіндіруге кіріспе (3 минут).

  3. Жаңа материалды түсіндіру. (15 минут).

  4. Жаңа материалды бекіту. (2 минут).

  5. Копмьютердегі практикалық жұмыс. (20 минут).

  6. Қорытындылау. (3 минут).


Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:



  • Интернет туралы жалпы түсінік;

  • Интернет желісіне қосылуды;

  • Модеммен жұмыс істеуді;

  • Интернеттің мүмкіндіктерін және түрлерін;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • Браузер туралы жалпы түсінікті;

  • Интернетте ақпаратты іздеуді;


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабақ тақарыбы мен мақсатын баяндау.

Кіріспе.

Интернет деген не және ол не үшін қажет?

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.

Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады.

Интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.



Интернетті кім қадағалайды.

Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ, бас әкімде жоқ. Бірақ Интернет қоғамдастығы (Internet Society,ISOC) құрайтын еріктілер тобы бар. ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатын арнайы ережелердің бар болуына кепілдік береді.



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Барлық әлем қазіргі күні телефондық қоңырау қашықтығында тұр. Модем мен компьютерге ие бола отырып, сендер әлемдегі ең үлкен компьютерлік желімен – Интернетпен байланыс жасай аласыңдар (егерде сендердің жолдарың болып жатса, онда модем де керек емес: көптеген колледжілер мен бірлестіктер өз студенттері мен қызметкерлеріне Интернетке тура қатынауға мүмкіндік береді)

Модем бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы аудармашыдай. Оның керек болуы телефон желілері мен компьютерлер ақпаратты екі әр түрлі және үйлеспейтін тәсілдермен береді және өңдейді. Компьютерлер сандар тілінде «сөйлеседі» – олар ақпараттарды сандардың тізбегі түрінде жөнелтеді және сақтайды. Телефондық желілер осцилограф экранында толқындар секілді көрінетін аналогтық сигналдармен жұмыс істейді. Сендердің компьютерлерің мәліметтерді телефон желісі бойынша басқа компьютерге беруге дайын болған кезде, модем компьютерден сандарды сондай толқындарға түрлендіреді, яғни оларды «модульдейді». Егерде сендердің модемдеріңе ақпарат толқындар түрінде келетін болса, онда оларды компьютерге түсінікті сандарға түрлендіреді – «кері модульдейді». Барған сайын жиі-жиі құрамдас модемдері бар компьютерлерді шығаруда. Егерде сендердің компьютерлеріңде ондай жоқ болса, онда өздеріңе сатып алатын модемнің ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болуы тиісті екендігін шешуге тура келеді. Модемнің жылдамдығы секунд ішіндегі биттермен (бодпен) өлшенеді. Бидтың мөлшері – бұл бір секунд ішінде модем жеткізе немесе қабылдай алатын биттің саны. Әріп немесе символ сегіз биттен тұрады.

Бүкіләлемдік Өрмек: әдетте WWW (World Wide Web-тен) немесе веб деп аталатын, веб-браузерде қарап шығуға арналған көптеген арнайы құрамдас беттер болып табылады. Веб-браузер мәтінді, графикті және басқа мультимедиалық мазмұнды, мысалы, әуенді қамтитын веб-беттерді бейнелеуге және орнын анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қосымша.

Электрондық пошта немесе e-mail, Интернеттің барлық желісінде ашық. Ол адамдарға файлдарды барлық әлем бойынша тез жөнелтуге мүмкіндік береді. Бұл жай ғана мәтіндік мақалалар болуы мүмкін немесе графиканы, немесе қандайда бір мазмұнды қамти алады.

Файлдарды жеткізу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге орын ауыстырады немесе көшірмелейді. Интернет бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын Файлдарды жеткізу хаттамасы ретінде арнайы FTP (File Transfer Protocol ) басқарушы ережелері немесе хаттамалары бар.

Usenet жаңалықтары (Usenet News): белгілі бір тақырыпқа мақалалар алмаса алатын компьютерлер желісі, ол бағдарламалық өнімдерге қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді немесе алуан түрлі санаттағы сұрақтарға жауаптар ұсынады.

Жаңалық тобы (newsgroups): пікір сайыс жүргізу немесе жаңалықтар алмасу үшін ұйымдастырылған USENET-тегі желілік алқалы жиын. Хабарларды оқу және жіберу пайдаланушылардың компьютерлерінде іске қосылатын және жаңалықтар серверімен қосатын бағдарламамен жүзеге асырылады.

Google, Yandex, Rambler ақпараттық іздестіру порталдары

Гиперсілтеме бойынша қатынас негіздеріне ие бола отырып, FTP-сеансында компьютерлер арасында файлдарды қалай бағыттауды біле отырып, Интернет-кеңістігіне батыл түрде аттануға болады. Тек қайда бару түсініксіз. Егерде адрес белгілі болса, онда жақсы, ал егерде барлық не бары – тек сөз ғана, қандайда бір атау, қандайда бір ұғым, қандайда бір аббревиатура болса ... , онда Не істеу керек? Қоңыраулату, жазу, кітапхана бойынша іздестіру? Жоқ! Интернетке бару керек! Онда көмектеседі.

Интернетте елестетуге болмайтын ақпараттың ғаламат молшылығына араласқан керектіні іздеп табу арнайы іздестіру механизмінсіз мүмкін емес. Ондайлар бар. Бұл ресурстар каталогы (Directories) мен іздестіру машиналары-роботтары (Search Engines). Каталогтар да іздестіру машиналары да түйінді сөздер, тіркес сөздер, арнайы құрастырылған сөздік құрыстырылым бойынша қисынды іздестіруге арналған тапсырмалар кездесетін сол ресурстардың адресін табуға мүмкіндік береді.

Шет елдің іздестіру жүйелерінің ең атақтылары: Alta Vista, Northern Light, HotBot, Exite, Infoseek, Lycos, Web Crawler, Google. Ең ірі көрсеткіштің мөлшері — Alta Vista и Northern Light — шамамен 150 млн құжат. Осы қатардан ең кішісі — Web Crawler іздестіру машинасы. Оның көрсеткішінің мөлшері — миллион құжаттың бірлігі. Алайда бұл жүйе өзінің базасын күн сайын жаңартады, сондықтан мұнда әрқашанда ең жаңа мәліметтер.

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымының бірі. Банктер мен тауарлық өндірістің және айналымдардың дамуы тарихи түрде параллель жүрді және тығыз өрілді.

Web-сайттар арқылы электрондық сауда-саттықпен айналысуға болады, айтып отырғанымыз – Интернет-технологиялар негізінде тауарлар мен қызмет көрсетулерді алмасу жүйесін жүзеге асыруға болады. Әдетте электрондық дүкен ақпараттық-сараптамалық сайттармен қатар (немесе сүйемелдеумен) құрылады.

Интернет арқылы сауда жасауда электрондық дүкенді құру кезінде санасуға тура келетін мынадай өзіндік ерекшеліктер бар:

  • дүкенге келушілер тауарды «сипалай», өлшей, керекті өлшемді сұрай алмайды;

  • келуші қайтару мен қызмет көрсету кепілдігі туралы әрқашанда ойланады (егерде сатып алынған магнитофон түсі бойынша жарасым таппаса, онда оны электрондық поштамен қайтара алмайсың);

  • келуші жеткізуге қымбат төлегісі келмейды, ал маусты шерту арқылы сатып алынған тауарға өзінің барғысы жоқ;

  • ресейлік пайдаланушылар, әдеттегідей, электрондық кәртішке бойынша төлей алмайды немесе төлеуге қорқады.

Атап айтқанда осы факторлардан қазіргі ресейлік электрондық дүкендерде тауарлардың негізгі түрлері — бұзылмайтындар, сынбайтындар, шағын заттар.

Электрондық сауда-саттықты жүргізудың формалары жеткілікті түрде алуан түрлі. Бұл аукциондар, тапсырыстар және театр билеттерінің төлемдері, қонақ үйлеріндегі орны, бұл Уимблдон ипподромындағы ат жарысындағы «қараңғы аттарға» тотализаторлардың ставкасы, бұл электрондық биржалар саудасындағы ойындар.

Электрондық дүкенді жасау — өте күрделі техникалық, қаржылык, ұйымдастырушылық процесс. Интернетте дүкен ашу немесе электрондық сауда-саттық жүргізудің басқа формалары үлкен қаржылық салымды талап етеді. Интернеттің Ресейлік сегментінде қазіргі уақытта электрондық сауда-саттық өзін-өзі өтемейтінін ескеру керек. Бірақ көптеген фирмалар, осыны жақсы түсіне тұра, бәрі-бір электрондық дүкенді жасайды, дәйектемесі мұнда алуан түрлі. Әлде-кім, таудың ар жағында емес деп айтатын электрондық сауда-саттықтың дауылын күтеді, Әлде-кім, тәжірибе жасай отырып, сынақ үшін істейді. Әлде-кім тауар сатпайды, өзінің бас пайдасына Интернет бойынша қыдыруға сылтау табады.

Виртуалбдық сауданы ұйымдастыра отырып, не істеу керектігінің толық емес тізімі мыналар:

  • Электрондық дүкеннің техникалық атқарушысын табу, әлдеқашан қалыптасқан саудалық қатарға кірігу немесе дайын бағдарламаны таңдап және оның негізінде дүкен құруды маманға тапсыру.

  • Электрондық дүкенді орналастыратын техникалық аумақты (меншікті сервер сервер, провайдер сервері) және оның кәсіпорындарды қолдаудың ақпараттық жүйесіне астасу дәрежесін анықтау керек. Алдымен бірінші кезекте тауарлар мен қызмет көрсету бойынша мәліметтер базасының ортақ бөлімдері есте болу керек.

  • Интернет арқылы сатып алынатын тауарлардың төлем жүйесін анықтау керек.

  • Сатып алушыларға тауарды жеткізіп беру схемасын дайындау және кепілдемелік міндеттерді, техникалық қолдауды атқару механизмін құру, сатып алуға қосарланатын қызмет көрсету жүйесін құру керек.

  • Дүкеннің әкімгершілік жүйесін анықтау керек (бағаларды басқару, жаңа тауарларды қосу, тауаларды алып тастау, тапсырыстар және басқаларды қадағалау).

Келтірілген тізімді талдау, электрондық дүкенді құру туралы шешімнен іс жүргізудің үйреншікті тәртібіндегі барлық өзгерістерге дайындықпен баруға тиіс екендікті көруге болады. Электорндық дүкенді ашудың қандайда бір қалыптасқан әдістемесін және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық сипаттағы мәселелерді кешенді шешу әлі әзірленген жоқ. Электрондық сауда-саттықтың сол немесе басқа формаларын кең практикалық қолданудың қандайда бір тәжірибесі ол да жоқ. Сондықтан әрбір нақты жағдайда ерекше түрде әрекет ету керек.

4. Бекіту сұрақтары.

1. Интернет дегенімі не?

2. Интернетті кім қадағалайды?

3. E-mail, WWW, FTP мүмкіндіктері жайлы не білесіңдер?

4. Браузер дегенді қалай түсінесіңдер?

5.Шет елдің іздестіру жүйелерінің ең атақтыларыын атаңыз?
5. Практикалық жұмыс

Презентацияда көрсетіледі.

6. Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау