Сабақтың ортасы 22 мин
|
(Т) Сарамандық жұмыс:
Сарамандық жұмыс кезеңі.
1-бағыт. Мектеп қауымдастығының тұрақты даму үлгісін әзірлеу.
Жұмыс барысы:
Мектеп қауымдастығының тұрақты даму үлгісін әзірлеу және ұсыну.
1. Ол үшін қоршаған ортаға экологиялық тұрғыдан шолу жасау және алынған деректерді «Қоршаған ортаға шолу» 20-кестеге толтыру қажет.
2. Алынған деректерді талқылау.
3. Зерттеу нәтижесін талдау негізінде барлық деңгейдегі мектеп қауымдастығы үшін ұсыныстар жасап,әрекет ету жоспарын әзірлеу керек
(оқушылар, мұғалімдер, техникалық қызметкер, атааналар), мектеп қоғамдастығының экономикалық мүмкіндіктері мен қоршаған ортаның сапалық жағдайын ескере отырып, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған қауымдастық құру.
4. Көркем көрме үшін қабырғалық материал ресімдеу.
2-бағыт. «Жасыл технологиялардың» әртүрлі бағытын білдіретін конструкцияларды құру.
Жұмыс барысы:
1. «Жасыл технологиялардың» түрлі бағытын білдіретін конструкцияларды құру.
2. Балама энергия көзімен жұмыс істейтін үлгі құрастыр (жел, су, биоэнергия т.б.). Сызба, үлгілер ұсын.
3. Көркем көрме үшін қабырғалық материал ресімде. 4. Таныстырылым алгоритмі: конструкция аты, тағайындалуы, қолдану аумағы, материал түрі, экологиялық әсері.
Дайындық кезеңі.
Қабырғалық материалды рәсімдеу.
Қорытынды таныстырылым.
Барлық жұмыстарды көркем көрмеде көрсет. «Жаңашыл технологиялар мектепте және үйде» Таныстырылым кезеңі.
1. Жұмыс нәтижесінің таныстырылымы.
Таныстырылым нұсқасы: әрбір топтан баяндамашы жұмысын таныстырады. Қалған оқушылар бір стендтен екінші стендке жылжи отырып, сұрақтар қояды, маршруттық қағазға рейтингісін жазады.
2. Жұмыс нәтижесін өзіндік және өзара бағалайды.
|
Технологиялық
карта (әрбір жұмыс кезеңіне қарай ресурстар – іс-әрекет алгоритмі).
Қоршаған орта параметрін өлшегіш құралдары.
Қоршаған орта параметрі деректерімен таратпа материал (өздері параметрді өлшеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда)
Флипчарттар, маркерлар, стикерлер,
компьютер
Үлгілерге арналған керекжарақтар: сызба қағаздары, қарындаштар, маркерлер т.б.
|
|
Рейтинг бойынша қорытынды жүргізу және бірігіп талқылау, қай жұмыс қызықты және өмірде қолдануға болытынын таңдау.
Зерттеу нәтижесін өзара бағалау.
ҚБ. Мұғалім + оқушы.
«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі Дескриптор:
- Зерттеу әдістерін қолданады.
- Ақпараттың әрбір түрі мен типтерін салыстырады.
- Өлшегіш құралмен жұмыс дағдыларын қолданады. - Өңдеу (синтездеу), сарамандық іс-әрекеттің алынған нәтижесін талдау.
- Бағалайды және қорытындылайды.
|
Таныстырылым.
Өз жауаптарын
айтады, талқылайды
|