Типі: Жаңа тақырып
Көрнекілігі: Сызбалар
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру
1).Үй есебінің орындалуын тексеру
Жаңа тақырып
Дұрыс көпжақ жақтары дұрыс үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш және т.б болуы мүмкін.
1. Дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс үшбұрыш деп қарастырамыз:
Сонда көпжақтың төбесіндегі жазық бұрыштардың қосындысы 600n болуға тиіс, n -жақтарының саны. Көпжақ болу үшін n ≥3.
а) егер n=3 болса, онда 600 · 3 = 1800 ә) егер n=4 болса, онда 600 · 4 = 2400
б) егер n=5 болса, онда 600 · 5 = 3000 в) егер n=6 болса, онда 600 · 6= 3600
n=6 жағдайда дұрыс көпжақ шарға айналады.Сонымен жақтары дұрыс үшбұрыш болғанда,дұрыс көпжақтың үш түрі болады.
2.Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс төртбұрыш деп қарастырамыз:
Дұрыс төртбұрыштың бір бұрышы 900.Ал төбесіндегі жазық бұрыштарының қосындысы 900 n.
а) егер n=3 болса, онда 900 · 3 = 2700 ә) егер n=4 болса, онда 900 · 4 = 3600
n=4 жағдайда көпжақ шарға айналады. Сонымен жақтары дұрыс төртбұрыш болғанда дұрыс көпжақтың бір ғана түрі болады.
3.Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс бесбұрыш деп қарастырамыз:
Дұрыс бесбұрыштың бір бұрышы:
(n -2)· 1800 /5 = (5 -2)· 1800 /5 = 1080
а) n=3 болса, онда 1080 · 3 = 3240 б) n=4 болса, онда 1080 · 4 = 4320 > 3600
ондай дұрыс көпжақ қарастыруға болмайды. Сондықтан жақтары дұрыс бесбұрыш болғанда, дұрыс көпжақтың бір ғана түрі болады.
4. Енді дұрыс көпжақтың жақтары дұрыс алтыбұрыш деп қарастырамыз:
Дұрыс алты бұрыштың бір бұрышы : (n -2)· 1800 /6 = (5 -2)· 1800 /6 = 1200
Егер n=3 болса, онда 1200 · 3 = 3600
n=3 жағдайда көпжақ шарға айналады.
Жақтары дұрыс алты бұрыш болып келген дұрыс көпжақты қарастыруға болмайды екен.
Сонымен дұрыс көпжақтың саны бесеу болды.
Кесте құрастырамыз:
№
|
Дұрыс көпжақтың
Грекше аттары
|
Қазақша аты
|
Қырының саны
|
Жақтарының саны
|
Табандарының саны
|
1
|
Тетраэдр
|
Төрт жақты
|
6
|
4
|
4
|
2
|
Гексаэдр
|
Алты жақты
|
12
|
6
|
8
|
3
|
Октаэдр
|
Сегіз жақты
|
12
|
8
|
6
|
4
|
Додекаэдр
|
Он екі жақты
|
30
|
12
|
20
|
5
|
Икосаэдр
|
Жиырма жақты
|
30
|
20
|
12
|
Осы кестеден байқағандай Қ +2= Ж+Т
Мұндағы Қ- қырларының саны,
Ж-Жақтарының саны,
Т-табандарының саны.
Бұл формула Эйлер формуласы деп аталады.
Есептер шығарту.
№6, №7
Бекіту
Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?
Дұрыс көпжақтың бес түрін атап, оларға сипаттама бер?
Үйге тапсырма беру:
§4 оқу сұрақ 1-5, №8 есеп
Сабақ №
Күні:
Сынып:_11___
Тақырыбы: «Көпжақтар.» бақылау жұмысы №1
Мақсаты:
Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.
Типі: Жаңа тақырып
Көрнекілігі: Бақылау жұмысының мәтіні
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру
1). Дайындығын тексеру
.
1.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Толық бетінің ауданын табыңыз. жауап: Е) 4(+2)
2.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 5 см, биіктігі 7 см.
Толық бетінің ауданын табыңыз. жауап: С) 5(5+)
3.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жақтары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейінгі қашықтық 2 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.
жауап: В) 42
4.Дұрыс үшбұрышты пирамида бүйір жақтары табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейін қашықтық болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.
жауап: С) 36
5.Дұрыс үшбұрышты пирамида төбесіндегі жазық бұрыш 600. Биіктігі 4 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз. жауап: Е) 18
Бекіту
Үйге тапсырма беру:
§4 оқу сұрақ 1-5, №11 есеп
Сабақ №____
Күні:___
Сынып:_11___
Тақырыбы: Бақылау жұмысы №2
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың 1 тарау бойынша алған білім, біліктілік, дағдысын тексеру.
Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру
Сабақтың түрі: бақылау жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырамасын тексеру.
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
1.Үшбұрышты көлбеу призманың бүйір қыры 10 см. Бүйір жақтарының екеуі өзара перпендикуляр. Осы жақтардың аудандары 50 см2 және 120 см2. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
2.Пирамиданың табаны – тікбұрышты үшбұрыш, оның бір бұрышы 300, оған қарсы жатқан катет 30см. Пирамиданың бүйір жақтары мен табан жазықтығының арасындығы бұрыш 600. Пирамиданың биіктігін табыңдар.
|
АВСА׀В׀С׀-көлбеу призма. АА׀С׀С және СС׀В׀Вжақтары тік бұрыш жасайды. Осы жақтардың аудандары 130 см2 және 150 см2. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
2.Пирамиданың табаны – тікбұрышты үшбұрыш. Оның бір бұрышы 600. Пирамиданың бүйір қырлары табан жазықтығымен 450-қа тең бұрыш жасайды. Пирамиданың биіктігі 10 см. Пирамида табанындағы үшбұрыштың 600 бұрышқа қарсы жатқан катетін табыңдар.
|
Үй жұмысы.
І тарау, Қайталау
Сабақ №__
Күні:______
Сынып:_11___
Тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты:
1. Көпжақты бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2.Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.
3.Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |