І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемнің синтаксисі. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздің байланысу түрлері.
Лексикалық тақырып: Тіс. Тістің құрылысы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімдлік: . Жай сөйлемнің синтаксисін, сөздердің байланысу тәсілдерін (қабыса, жанаса, меңгеріле, қиыса байланысу формаларын меңгерту. Сөздің байланысу түрлерін жұрнақ я жалғау арқылы байланысу жолдарын меңгерту.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында «Даналық дағағы» достық, татулық тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызып қатар аралық жарыс ұйымдастыру.
Б) Ой-өрісін дамытушылық: Оқушыларды тақырыпты меңгерту барысында грамматикалық дұрыс сөйлем құрау жолдарын жетілдіру. сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру. Мамандыққа қатысты медициналық ұғымдарды кәсіби қазақ тілі тұрғысынан таныстыру.
ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық
Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, бағалауға арналған тапсырмалар, қосымша оқулық материалдары.
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Студенттің бүгінгі көңіл-күйін суреттету.
2. «Сүйікті мамандығым».
1. Көптараған ару түрлерін ата.
2. Күз. Қыс мезгілдерінде болатын жиі кездесетін аруларды ата.
3. Тыныс алу жолдарының ауруларын ата.
4.Бүйрек ауруынын симтомын ата.
5. Денеде майлар қандай қызмет атқарады?
6. Денедегі энергия көзі?
7. Қан қысымынан күніне қанша ауру, айына қанша ауру, жылына қанша ару көз жұмады?
Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.
Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.
Аллергиялық дерттер. Үй тапсырмасын сұрау барысында: сұрақ-жауап баяндау, эвристикалық әдіс арқылы таққыға салу.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Сабақтың барысы:
Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.
Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:
Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:
Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).
По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).
Мысалы (Например):
Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем)
Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:
Простые предложения по строению делятся на 7 групп:
жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем) - предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады) - в предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
жақсыз (бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным.
толымды (сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі) - в предложении есть все 5 членов предложения.
толымсыз (айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі) - в предложении нет хотя бы одного члена предложения.
атаулы (ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.
Мысалы (Например):
Жаңбыр жауады. (жалаң)
Далада жаңбыр жауады. (жайылма)
Ертең мен театрға барамын. (жақты)
Осы сабақты оқу керек. (жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. (толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. (толымсыз)
Алтын күз. (атаулы)
Сөз тіркесі Байланысу тәсілі
Аймен аталас Ай+мен көмектес септік жалғауы
Күнмен баталас Күн+мен көмектес септік жалғауы
Бұлтпен туысқанымыз жоқ Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы
Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы
Сол күні жауған орын тәртібі арқылы.
Аталас емеспіз орын тәртібі арқылы
(1) Қиыса байланысқан сөз тіркестері. қиысу
2.Матаса байланысқан сөз тіркестері. матасу
3.Меңгере байланысқан сөз тіркестері. меңгеру
4.Қабыса байланысқан сөз тіркестері. қабысу
5.Жанаса байланысқан сөз тіркестері. жанасу
Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі.
Біріншісі зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысу.
Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі.
Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан түрі.
Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысуы.
Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.
Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі.
Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.
Мәліктің талдырмаш жас денесі баяғы сол арықтау қалпында.
Шақырылған қонақтар кештете келді.
Санжар көрсете алмай жүр
Тапсырмалар:
1 –тапсырмасы.
1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.
Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.
Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
А. Құнанбайұлы.
Отыз бірінші сөз.
2) Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.
3-тапсырмасы
1) Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау жазу.
2) Шығарма тақырыбы:
1. Адал достық.
2. Табиғат аясында.
3. Басты байлық - денсаулық.
1. Суретте. Өз досының бейнесі.
2. Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.
3. Суретте. Табиғат көрінісі.
4. Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.
Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут
Тіс. Тістің құрылысы. Баяндау. Тіс және ауыз қуысының аурулары.
Әдебиеттер:
А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006.
Оқытушының қолы:____________
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш) - главные члены предложения (подлежащее, сказуемое)
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) - второстепенные члены предложения (определение, дополнение, обстоятельство)
Белгілеу
|
Сөйлем мүшесі
|
Мысал
|
|
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.
|
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.
|
|
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
|
Мен дүкенге барамын.
|
|
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
|
Кең далада балалар ойнады.
|
|
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
|
Мен өз Отанымды жақсы көремін.
|
|
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
|
Ертең ол театрға барады.
|
Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз,балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.
Құнарлы тағамдар
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі,гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады,төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]
Бекітемін
Директордың ОІЖ орынбасары
________Г.Е.Садуакасова
Достарыңызбен бөлісу: |