Процессорды пайдалану шарттары
Процессор аналық тақшаның «жүрегі» ретінде ұсынылады, себебі аналық тақшаның басқа элементтерімен тұрақты өзара əрекет етуде болады.
Егер процессорды орнатқан (ауыстырған) кезде қақтығыстары айнықдалмаса, онда оның 54,8-ден 105 °С-қа дейін максималды жұмыс температурасына назар аудару қажет. Процессордың температурасы оның жүктелуіне жəне жылуды əкету сапасына байланысты. Жылу əкету сапасына термосықпалардың болмауы əрекет тигізуі мүмкін, себебі кейбір уақыттан кейін булану болады. Бос режимде жəне қалыпты салқындатуда процессордың температурасы 25...40°C шегінде болады, жоғары жүктелуі кезінде 60...70 °C жетуі мүмкін. Əр процессорға термодатчик орнатылған, ол температураның максималды мəнінде тактілік жиілікті кемітуге немесе процессордың жұмысын тоқтатуды орындауға мүмкіндік береді. Жоғары жұмыс температуралы процессорлар үшін мықты салқындату жүйелері ұсынылады. Жиі компьютерде салқындатудың ауа жүйесін (желдеткіштерді) қолданады, оны қолданғанда жүйелі блок қатты кірленеді, бұл температураны арттырады. Осындай салқындатқышты қолданғанда, жүйелі блокты үнемі тазалап отыру қажет. Салқындатудың ауа жүйесін таңдағанда мыс радиатордың жəне мойын тіректің түрін, мысалы гидродинамикалық (FDB bearing), керамикалық домалау мойынтіректің (ceramic bearing) бар болуын ескеру қажет. Мұндай мойынтіректер шу деңгейі бойынша ең төмен. Шудан жартылай арылтуға арнайы бағдарламалар мен BIOS баптаулары мүмкіндік береді.
Басқа да салқындату жүйелері болады, мысалы сұйықтық, Пельтье элементтері жəне басқалары.
Процессор жұмысы кезінде жылу бөлінеді – бұл процессордың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін арналған, салқындату жүйесі əкетуі тиіс қуат. Осы параметр неғұрлым үлкен болса, соғұрлым процессор қатты қызады, əдете ол параметр 10-нан 165 Вт шегінде. Жылу бөлуі төмен процессорды салқындату оңай, тиісінше оны қатты үдетуге болады. Алайда процессорларды өндірушілер жылу бөлуді əртүрлі өлшейтініне назар аудару қажет, сондықтан оларды салыстыру бір өндірушінің шеңберінде ғана дұрыс.
Номиналды кернеу – бұл процессордың жұмысында ескерілетін тағы да бір параметр. Ядроны қоректендіру үшін процессорға қажетті кернеу көрсетіледі, ол 0,45-тен 1,75 В шегінде орналасады. Это еще один параметр, который учитывается при работе процессора. Бұл параметр процессордың энергия тұтынуын сипаттайды жəне əсіресе мобильді, станционарлы емес жүйе үшін CPU таңдағанда маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |