Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі Сабақ өткізілетін күн



жүктеу 1,96 Mb.
бет8/8
Дата01.01.2018
өлшемі1,96 Mb.
#6886
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін мерзімі

30.11.2016

ЛФН-16-03р




11-40-13-00



І. Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913).

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік:. Әнші сазгер ақындар шығармашылығына шолу жасау. ХІХ ғасыр әдебиетінен білімгерлердің білімін шыңдау. Шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Жаңа сөздермен таныстыру.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Біржан сал.

  • Ләйлім Шырақ.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен.Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты-он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан – неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс (оны «Қара торғай» деп атаған), жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.

«Етегін ақ көйлектің алтындаған»

Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы – достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу, әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал-дағы
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы

Ертістің құба талы секілденіп,


Алдымнан майысып шық бұрал-дағы.
Қапаста қиын-қыстау бекінсең де
Тәуекел майданында тұрам-дағы.

Ақанның бір топ өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Балқадиша», «Ұрқияжан», т.б. әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен, әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.



«Сырымбет» әні
Ауылым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктергіге қор болып барасың ба?

Қайырмасы:


Қарындас-ау,
Енді, есен бол-ау.

Ауылым қонған Сырымбет жел жағына,


Артық туған бала едің ел бағына.
Бидайыққа лайық дейтін, сәулем,
Бөктергінің іліндің тырнағына.

Қайырмасы.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған,
Бешпентіңді беріп кет түймесімен.

Қайырмасы.



«Құлагер»

Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.


Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнапа бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны – «Құлагер» әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан «Құлагер» лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.

«Құлагер» әні

Жел соқса қамыс басы майда деймін,


Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,


Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай – Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,


Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.

«Балқадиша» әні

Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,


Бұралған белің нәзік тал – Қадиша
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара бассың – хан, Қадиша.

Дегенде, Балқадиша, Балқадиша,


Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.
Қызы едің Ыбырайдың Балқадиша
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.

«Заман адамы»

Заман ағысы мен қоғамдық өзгерістердің сыры жайые ойлана келіп, Ақан бір кез заман адамының сипатын беруге ауысады. Оның «Заман адамы» атты ұзақ толғауы – өз замандасын мінездеуге құрылады. Ақан замандасы – өз дәуірінің ұнамсыз мінездерін бойына жинаған ел басшылары – болыс-билер, байлар мен ауылнайлар. Солардың әрекет-тіршілігін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерін айта отырып, ақын оларды мінеп, сынайды. Сыртынан жылтыраған, бірақ іші надан адамдар типін ол:

Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны.
Іші зұлмат болған соң керегі жоқ,
Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы, – деп суреттейді.

Ақан өмірінің соңғы кезін оңашалану жағдайында өткізген. Серілік өмірден ада болған, жастық армандарының көбіне қолы жетпеген, жер-суынан айрылған, ел басшылары мен пиғыл-ниеті бұзыла бастаған пысықтардан жәбір көрген ол қасына жалғыз мылқау баласы Ыбанды алып Қоскөл жағасында оңаша өмір кешкен. Ақын дұшпандары ол туралы неше түрлі өсектер таратқан. Сөйтіп жүріп ол 1913 жылы 70 жасында қайтыс болған. Кеңестік Қазақстанның өрен ақыны Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасында ақын трагедиясының себептерін жан тербетерліктей нәзік, асқан шеберлікпен айтты. Ғабит Мүсірепов те өзінің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында Ақан өмірін оның ескішіл күштерге, дінге қарсы күресі арқылы суреттейді. Ақан сері – ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық адам. Оның есімі, ең алдымен, жұртшылыққа өзінің әнімен, өлеңімен тарады. Жас кезінен ол нәзік сезімді, үні мен әсем сазы жан тербеткен әнші болса, өсе келе сол сазына сәйкес ән шығаратын композитор болды. «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», «Көкжендет», «Маңмаңгер», «Құлагер», т.б. оның тамаша әндерін білетін, сүйсіне тыңдайтын адам Қазақстанның қай түкпірінен болсын табылады. Мұхит, Біржан, Ақан серілер халқымыздың ең ардақты, сүйікті әншілері екендігі жұртшылықтың бәріне мәлім.


Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова



Сабақтың жоспары

Пән аты: Қазақ әдебиеті


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін мерзімі

14.12.2016

ЛФН-16-03р




11-40-13-00


І. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қазақ салты», «Жиған терген», «Анама хат», «Маса», «Қырық мысал»

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік:..



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Әсет Найманбаев. «Қор қылмас зерек адам арқылы бар»


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Ахмет Байтұрсынов - Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды. 1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды. 1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған. Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда  1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,


Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

А. Байтұрсыновтың «Жиған-терген» өлеңі Абайдың «Сегіз аяғы» үлгісімен, әсерімен жазылған шығарма. Осы өлеңде қазақ қоғамының бірсыпыра көкейтесті мәселелері көтерілген. Елді, ел намысын ойлайтындар аздығы, бірліктің жоқтығы, ел басшыларының зорлықшылығы, т.б. жайлар туралы ой-тұжырым айтылған. Қоғам қалпы туралы ойланған ақын:

Әр жолды ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайыз, тереңді.
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен,
Құлағы жоқ кереңді —
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз   әуре,— дейді де, сөз ұғар, көңіл көзі сергек қауым алдына нелер келеңсіз көріністер сырын ашады. Ұлы ұстазы Абайша ол «Салынып дауға, сатылып жауға» аянған болыстықты, аңқау адамдарды алдап, мал жинап, кәсіп етіп жүрген арамза моллаларды, халық бойындағы енжарлық, бейқамдық мінездерді сынға алады. «Ұйқышыл жұртты, түксиген мұртты, обыр обып, сорып тұр» — «Түн етіп күнін оятқызбай қорып тұр» — ақын ойынша мұндай озбырлық, үстемдік ету үшін жүргізіліп отырган саясаттың нәтижесі. Соның бәрін көріп толғанған ақын:

Ұлғайып қайғы,


Уытын жайды,
Айтпасыма болмады.
Қабағын түйіп,
Қаһарын жиып,
Көкті бұлт торлады.
Жаңбыр жаумай, жауса қар,
Жұрт жұтайтын түрі бар,—деген ойлы тұжырым жасайды.

Қырағы қия жазбас, сұңқарым-ай!


Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк атты, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру — жұрт   жарылмай.

Бұл жолдарда қазақтың көркемдік ой жүйесінде қалыптасқан өрнектер ақынның өзіндік ізденістерімен астаса қиюласқан. Айталық, «қырағы қия жазбас сұңқарым-ай, қажымас қашық жолға тұлпарым-ай» деген метафоралық өрнектер бұрыннан көркемдік арсеналда бар болса «өлігін өлексенің өрге сүйреп, шығармақ қыр басына іңкәрім-ай» ақын өзі тапқан көркемдік тіркес, айтылмыш ойды үдете, үстемелей жеткізу қызметін атқарып тұр. Бұл синекдоха «сұңқарға, тұлпарға» балап отырған тамаша ер тұлғасының қадір-қасиеттерінің ықпалы күштілігін, елін өрге сүйреп, қыр басына, биікке шыгару жүгі ауырлығын, салмақтылығын айту үшін қолданылған.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр?
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын жүрек, самасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп   жатыр,— дегендегі, «кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр» деу де автордың көркемдік ой жүйесінің өзгешеліктерінің бір қыры. Әдетте жолдастық сөзі жиі қолданылғанмен, оның адам қарым-қатынасындағы терең мағынасы-мәні ауыр сыннан өту, шыдау, тозу арқылы шыңдалатыны, нағыз жолдастық әр адамның қолынан келе бермейтіні, биік рухани өріске, асыл арманға байланыстылығы ашыла түскен:

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,


Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала көп
Киіздей, шала басып,  қарпылмаған...
«Сасық ми, салқын жүрек, санасыздар, алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр» — ащы сөздер, көңілінде сәл саңлау бар адамды айналаға, өзіне сын көзбен қарауға, намыс туралы ойлануына елең еткізбей қалмайтын салмақты тіркестер.

Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы — көп ғасырғы қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық-ағартушылык әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Оларды қайта бастыру туған әдебиетіміздің жалпы адамзаттық, гуманистік, демократтық, тәрбиелік сипаттарын айқындап аша түсетін мұра болмақ.



Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________
жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау