Регламенті Жалпы ережелер «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»



жүктеу 64,79 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі64,79 Kb.
#13366
түріРегламент


2014 жылғы «_22_»__04___ № _74__ Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын

арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер


1. «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды әрі қарай көрсетілетін қызметті алушының банктік есепшотына аудару үшін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің (іс-қимылдардың) басталуына негіз болып:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1542 «Мал шаруашылығында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес үлгідегі өтінім;

стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қабылдау болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді;

нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон беру;

өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді;

көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілер дайындайды және оны әкімдер бекітеді;

нәтижесі – аудандар мен Орал қаласының әкімдері бекіткен жиынтық актілер;

аудандар мен Орал қаласы бойынша бекітілген жиынтық актілерді басқармаға ұсынады.

2) Басқарманың көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

бөлімдерден жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды;

нәтижесі – жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді;

сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына жібереді.

3) Комиссия аудан мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қарайды, облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны комиссия төрағасына бекітуге жібереді.

4) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді.

5) Басқарма қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін ұсынады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:

Бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

Басқарманың көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

Комиссия;

Комиссия төрағасы;

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі.

7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) кезектілігін сипаттау және әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу ұзақтығын көрсету:

1) Бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (15 минут);

нәтижесі – өтінімнің қабылданғаны туралы талон беру;

өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін құжаттар пакетін және көрсетілетін қызметті алушының өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 жұмыс күні);

көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілер дайындайды (3 жұмыс күні);

бекітілген жиынтық актілерді басқармаға ұсынады (3 жұмыс күні).

2) Басқарманың көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

бөлімнен аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды (3 жұмыс күні),

сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді комиссияның қарауына жібереді (3 жұмыс күні);

3) Комиссия аудан мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қарайды және облыс бойынша жиынтық актіні жасайды және оны комиссия төрағасына бекітуге жібереді (5 жұмыс күні);

4) Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 жұмыс күні);

5) Басқарма қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне есеп шоттарының тізілімін ұсынады (3 жұмыс күні).

Рәсімнің (іс-қимылдардың) кезектілігі осы «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

8. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі

мен сапасын арттыруды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезектілігін сипаттайтын блок-схема



Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді ұсынады




Бөлімнің көрсетілетін қызметті берушінің

жауапты орындаушысы:

1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетімен бірге өтінімдерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркейді (15 минут);

2) өтінімдерді қабылдап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін өлшемдер мен талаптарға сәйкестігін тексереді (5 жұмыс күні);

3) көрсетілетін қызметті алушының белгілі деңгейге сәйкестігі анықталғаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді дайындайды (3 жұмыс күні)

4) аудан мен Орал қаласы бойынша бекітілген жиынтық актіні басқармаға ұсынады (3 жұмыс күні)



Басқарманың көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
1) бөлімнен аудандар мен Орал қаласы әкімдері бекіткен жиынтық актілерді қабылдайды, жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті алушылардың өлшемдер мен талаптарға сәйкестігі бойынша жиынтық актілерді қарайды (3 жұмыс күні)

2) сәйкестігін анықтағаннан кейін аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді комиссияның қарауына жібереді (3 жұмыс күні)



3) қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (3 жұмыс күні)


Комиссия аудандар мен Орал қаласы бойынша жиынтық актілерді қарайды және облыс бойынша жиынтық актіні жасап, комиссия төрағасына бекітуге жолдайды ( 5 жұмыс күні)



Комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді (3 жұмыс күні)

Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі


жүктеу 64,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау