Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары.
Бұл желілер кең тараған, оларда ақпараттың 80-90% айналады және олардың тек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты. Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;
Барлық пайдаланушылардың ортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
Пайдаланушылардың өзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;
Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
Пайдаланушының кез келген компьютерден, жалпы желінің коммуникациялық торабы болған жағдайда, жалпы желінің ресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;
Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі (жетекші компьютерден ілесетін компьютерлерге жұмысты көрсету және керісінше).
Топологиясы бойынша жергілікті желілерді мыналарға бөлуге болады:
Жеке арналы (шина). Мұндай желі арқылы бір торап берген деректерді, барлық тораптар қабылдайды, бірақ тек оған арналған торап қана, оны таниды және қабылдайды.
Сақиналық (тұйық). Мұндай желіде деректер бергенде маркерлер қолданылады (белгілі тізбек бит).
Жұлдыз пішінді. Мұндай желінің барлық компьютерлерін біріктіретін активті ортасы болады. Деректер бергенде мұнда да маркер қолданады.
Ақшақар. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.
Ағаш түрінде. Жұлдыз тәрізді топологияның бір түрі.
Жергілікті желілер. Қосу және бағдарламалық жабдықтамасының құрылымы бойынша мыналарға бөлінеді:
Бір рангылы;
Тікелей қосу желілері (екі компьютер);
Клиент - сервер (бір файлдық серверді қолданатын);
Бірнеше файлдық серверлерді қолданатын желілер;
Жергілікті желіде қолданылатын ОЖ немесе желі қызметі бірнеше негізгі топқа бөлінеді:
NET WARE 4.1.
Windows NT
Vines 6.0.
OS2Warp.
UNIX
Жергілікті желідегі жұмыс.
Жергілікті желідегі (мысалы, бір рангылы) барлық компьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушының өз аты мен парольі болады. Windows'98-дің құрамдас желілік құралдарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдаланушы ол арқылы өзінің желілік аты мен парольінің көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы "Желілік орта" қапшығы арқылы жүзеге асады. "Желілік орта" серверлер (NetWare 4.1, Windows NT) ресурстарын да, бір рангылы желінің компьютерлерінің ресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желінің басқа компьютерінің ақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын ала рұқсат берілсе, қатынауға болады.
Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:
"Менің компьютерім" қапшығына кіру.
Арнайы қапшықты - С,А,В,Д, Е дискілерін белгілеу.
Маустың оң жақ батырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.
"Қасиеттер" пунктіне кіру.
"Доступ" (Қатынау) бет белгісін таңдау.
"Ортақ ресурс" деген сөз тіркесінің жанына нүкте қою.
"Тек оқу үшін", "Толық", "Парольмен анықталады" пункттерінің бірін таңдау.
"Парольмен анықтау" пунктін таңдағанда, пароль енгізіледі.
Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда "Жергілікті ресурс" сөз тіркесін белгілеу керек.
Тапсырмалар:
Сыныптағы компьютерлік желіні іске қосып, ол арқылы ақпарат алмасу
Желілік принтерді пайдаланып құжаттарды баспаға шығару.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Желінің қандай түрлері бар?
Жергілікті желініѕ артыќшылыєы ќандай?
Үйге
тапсырма: оқулықтағы 8.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 8.1.1, 2, 3 тапсырмаларды орындау.
№
32 сабақ
Сыныбы: Күні: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Электрондық пошта. Жалпы желі ұғымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Internet Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Желілер қандай түрлері бар?
Жергілікті желінің артықшылығы қандай?
Желілер топологиясы дегеніміз не?
Протокол дегеніміз не?
•Хабар дегеніміз не?
Жаңа түсініктер:
Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол
Интернет деп аталады.
Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген ақпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуалды турларға қатысуға болады және т.б.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолушылар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде коп қолданьшатыны - Internet Explorer (1.10 сурет).
Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперсылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады.
Microsoft Internet Explorer терезесі
Сілтеме(гиперссылка) бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге. суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме (гиперссылка) бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады. Сілтеме (гиперссылка) бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз:
Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз
Беттің жүктелуін тосамыз
Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.
Бет жүктелгеннен кейін өзіңізді қызықтыратын ақпаратты оқып, көшіріп, сақтап, қағазға басып шығар аласыз.
Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік,
дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық почта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
Электрондық хаттар жазу және оқуға арналған бағдарламалардың бірі - Outlook Express (1.13 сурет).Электрондық пошта жұмыс істеуі үшін оны күйге келтіру керек.
Шығатындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумада орналасады.
Өшірілгендер (Удалснные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келін орналасады.
Жіберілгендер (Отиравленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.
Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да
оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады.
Келіп түскен хатта мен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әртүрлі әрекеттерді орындауға болады.
Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл - Печать - ОК командасын орындау арқылы.
Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.
Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды саңтауға болады, ол үшін
Файл -
Сохранить как командасын орындаймыз.
Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар,
графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мүмкін. Егер қабылданған хатта
ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті
көрсетіледі. /
Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл - Сохранить вложения немесе Файл -Сохранить вложения - Все командаларын орындаймыз сол кезде бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.
Жаңа хат жазу немесе жіберу үшін оны жіберетін мекен жайдың адресін білу керек. Адрес былай жазылады: schooll2@os.kz, user@mail.kz жјне т.б.
Хат жазу үшін құралдар тақтасындағы Создатъ сообщение батырмасын басамыз немесе Сообщение - Создатъ командасын орындаймыз. Одан кейін адресін, тақырыбын, хаттың мәтінін жазамыз, түйреуіштің суретіне басу арқылы қажетінше файлдар қоямыз.
Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе Файл - Отправитъ командасын орындаймыз.
Тапсырмалар:
Otlook Express бағдарламасын жүктеңіз. Бағдарламаның терезесімен танысыңыз
Хат жазып жолдасыңызға, ата-анаңызға немесе мектепке жіберіңіз.
Ішіне салынған файлы бар хат құрыңыз және оны досыңызға жіберіңіз.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен басқа бетке қалай ауысамыз?
Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?
Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар көмегімен?
Қабылданған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін Outlook Express бағдарламасының қандай стандартты бумалары қолданылады?
Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 8.2. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 8.2.1, 2, 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау
№33сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сынақ жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру . /
Тестте берілген сұрақтарға жауап беру
Тест сұрақтарын талдау
Үйге тапсырма беру
Тест сұрақтары:
1 нұсқа
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...
А) компьютер Ә) модем Б) калькулятор В) машина
2. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?
A) 1823 ,МИНСК Ә) 1946, ЭНИАК Б) 1951, IBM В) 1949, ЭНИАК
3. Қай сөйлем дұрыс?
А) Пернетақта - енгізу құрылғысы Ә) Пернетақта - шығару құрылғысы
Б) Монитор - енгізу карылғысы В) Принтер - енгізу құрылғысы
4. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы -
А) сканер Ә) плоттер Б) процессор В) CD-ROM
5. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы -
А) принтер Ә) дискжетек Б) процессор В) CD-ROM
6. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз ...
А) Монитор, принтер Ә) Монитор, тышқан Б) Процессор, принтер В) Принтер, сканер
7. Бағдарламалау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді?
А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы
Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер
8. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі...
А) интерфейс Ә) операциялық жүйе Б) драйвер
9.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі...
А) драйвер Ә) операциялық жүйе Б) интерфейс
10. Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?
А) жүйелік, арнайы Ә) әмбебап, арнайы Б) әмбебап, жүйелік
11. Аты бар бірқатар байттар тізбегі ...
а) файл ә) қапшық б) объект в) шарт белгі
12. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?
А) аты, түрі Ә) аты, типі Б) типі, жазылуы
13. Файлдың типі неше символдан тұрады?
А)4 Ә)5 Б)3 В) 156
14. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?
А) процессор, қатқыл диск, CD-ROM, дискжетек
Ә) процессор, жады, электронды түтікше Б) дискжетек, процессор, пернетақта
15. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?
Л) тұрақты, уақытша жадтайтын құрылғы Ә) жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы
Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы
16. Дискілердің қандай түрлері бар?
А) иілгіш, қатты, жұмсақ Ә) иілгіш, қатты, компакт Б) қатты, иілгіш, терте
17. Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы ...
А) Терезе Ә) Шарт белгі Б) Жұмыс үстелі В) Бума
18. WINDOWS дегеніміз не?
А) программалық қабықша; Ә) операциялық жүйе; Б) мәтіндік редактор; В) графиктік редактор
19. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай орындалады?
А) Қосымша меню - Создать - Папку
Ә) Қосымша меню - Открыть - Папку Б) Негізгі меню - Создать - Папку
20. Жұмыс столындағы бумалардың атын өзгерту әрекеті қалай орындалады?
А) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Қосымша меню Изменить - Басқа ат жазу
Ә) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Қосымша меню - Переименовать - Жаңа ат жазу
Б) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Негізгі меню - Переименовать
21. Жұмыс столындағы қажет емес объектілерді өшіру әрекеті қалай орындалады?
А) Өшіретін объектіні белгілеу - Негізгі меню - Удалить
Ә) Өшіретін объектіні белгілеу - Қосымша меню Отправить - Корзину
Б) Өшірілетін объектіні белгілеу - Қосымша меню Удалить
22. Жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы
бөлігі і қалай аталады?
А) программалық қабықша; Ә) операциялық жүйе; Б) мәтіндік редактор; В) алмастыру буфері
23. Берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі...
а) мәтін ә) меню б) құралдар тақтасы в) жұмыс алаңы
24. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі...
а) жұмыс алаңы ә) тақырыптық катар
б) меню қатары в) құралдар тақтасы
WordPad мәтіндік редакторында файлдың типі қандай болады? a) .doc ә) .bmp б) .txt в) .ехе
Paint графиктік редакторында файлдың типі қандай болады?
a) .doc ә) .bmp б) .txt в) .ехе
27. Правка - Копировать командасы қандай қызмет атқарады?
а) белгіленген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
ә) белгіленген объектіні
алмастыру буферінен өшіреді
б) кез-келген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
в) алмастыру буферіндегі объектіні қажетті жерге қояды
28. Правка - Вставить командасының қызметі қандай?
а) белгіленген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
ә) белгіленген объектіні алмастыру буферінен өшіреді
б) кез-келген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
в) алмастыру буферіндегі объектіні қажетті жерге қояды
29. Paint графиктік редакторында өзінділерді бүру командасы қалай орындалады?
а) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Отразить/Повернуть
ә) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Отразить/Повернуть
б) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растянуть/Наклонить
в) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить
30. Paint графиктік редакторында өзінділерді енкейту мен созу командалары қалай орындалады?
а) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Отразить/Повернуть
ә) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Отразить/Повернуть
б) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растянуть/Наклонить
в) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить
31. Өте кішкенгай мәтіндік редактор қалай аталады?
a) WordPad ә) Блокнот б) MicrosoftWord в) Paint
32. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс істейтін колданбасы ...
a) WordPad ә) Блокнот б) Калькулятор в) Paint
33. Компьютердің дыбыс жазуға арналған қолданбасы ...
a) WordPad ә) Блокнот б) Paint в) Звукозапись
34. Бағдарламаларды, құжаттарды, принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен байланыстырылған
компьютерлер тобы ...
а) Компьютерлік желі ә) Компьютерлік байланыс б) Жалпы желі в) Интернет
35. Компьютерлік желілер неше топқа бөлінеді және қандай?
а) 2, қарапайым және күрделі ә) 3, жалпы, жергілікті, қосымша
б) 2, жергілікті және жалпы в) 3, қарапайым, күрделі, жергілікті
36. Ең белгілі және қол жететін (қатынауға болатын) жалпы желі қалай аталады?
а) Компьютерлік желі ә) Компьютерлік байланыс б) Жалпы желі в) Интернет
ІІ нұсқа
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...
А) машина Ә) модем Б) калькулятор В) компьютер
2. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?
А) 1823,МИНСК Ә) 1951, IBM Б) 1946, ЭНИАК В) 1949, ЭНИАК
3. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз ...
А) Монитор, тышқан Ә) Монитор, принтер Б) Процессор, принтер В) Принтер, сканер
4. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы -
A) CD-ROM Ә) плоттер Б) процессор В) сканер
5. Қай сөйлем дұрыс?
А) Пернетақта - енгізу құрылғысы Ә) Пернетақта - шығару құрылғысы
Б) Монитор - енгізу құрылғысы В) Принтер - енгізу құрылғысы
6. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы -
А) принтер Ә) CD-ROM Б) процессор В) дискжетек
7. Компьютердің барлық мәліметтерді ерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі...
А) интерфейс Ә) драйвер Б) операциялық жүйе В) жұмыс үстелі
8. Бағдарламалау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді?
А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы
Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер
9. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі...
А) драйвер Ә) операциялық жүйе Б) интерфейс
10. Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?
А) жүйелік, арнайы Ә) әмбебап, арнайы Б) әмбебап, жүйелік
11. Аты бар бірқатар байттар тізбегі ...
а) объект э) қапшық б) файл в) шарт белгі
12. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?
А) аты, типі Ә) аты, түрі Б) типі, жазылуы
13. Файлдың типі неше символдан тұрады?
А)4 Ә)3 Б)256 В) 156
14. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?
А) дискжетек, процессор, пернетақта
Ә) процессор, жады, электронды түтікше Б) процессор, қатқыл диск, CD-ROM, дискжетек
15. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?
А) тұрақты, уақытша жадтайтың құрылғы Ә) жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы
Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы
16. Дискілердің қандай түрлері бар?
А) иілгіш, қатты, жұмсақ Ә) иілгіш, қатты, компакт Б) қатты, иілгіш, терте
17. Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы ...
А) Бума Ә) Шарт белгі Б) Жұмыс үстелі В) Терезе
18. WINDOWS дегеніміз не?
А) программалық қабықша; Ә) операциялық жүйе; Б) мәтіндік редактор; В) графиктік редактор
19. Жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі қалай аталады?
А) программалық қабықша; Ә) операциялық жүйе; Б) мәтіндік редактор; В) алмастыру буфері
20. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай орындалады?
А) Қосымша меню - Открыть - Панку
Ә) Қосымша меню - Создать - Папку Б) Негізгі меню - Создать - Папку
21. Жұмыс столындағы бумалардың атын өзгерту әрекеті қалай орындалады?
А) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Қосымша меню - Переименовать - Жаңа ат жазу Ә) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Қосымша меню - Изменить - Басқа ат жазу Б) Атын өзгертетін буманы белгілеу - Негізгі меню - Переименовать
22. Жұмыс столындағы қажет емес обьектілерді өшіру әрекеті қалай орындалады?
А) Өшіретін объектіні белгілеу - Негізгі меню - Удалить
Ә) Өшіретін объектіні белгілеу - Қосымша меню - Отправить - Корзину Б) Өшірілетін объектіні белгілеу - Қосымша меню - Удалить
WordPad мәтіндік редакторында файлдың типі қандай болады? a) .txt ә) .bmp б) .doc в) .ехе
Paint графиктік редакторында файлдың типі қандай болады? a) .doc ә) .ехе б) .txt в) .bmp
Берілгеп терезеде орындауға болатын командалардың тізімі...
а) меню ә) мәтін б) құралдар тақтасы в) жұмыс алаңы
26. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі...
а) құралдар тақтасы ә) тақырыптық катар
б) меню қатары в) жұмыс алаңы
27. Правка - Копировать командасы қандай қызмет атқарады?
а) белгіленген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
ә) белгіленген объектіні алмастыру буферінен өшіреді
б) кез-келген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
в) алмастыру буферіндегі объектіні қажетті жерге қояды
28. Правка - Вставить командасыныц қызметі қандай?
а) белгіленген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
ә) белгіленген объектіні алмастыру буферінен өшіреді
б) кез-келген объектіні алмастыру буферіне көшіреді
в) алмастыру буферіндегі объектіні қажетті жері с қояды
29. Paint графиктік редакторында өзінділерді бүру командасы қалай орындалады?
а) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Отразить/Повернуть
ә) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Отразить/Повернуть
б) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растянуть/Наклонить
в) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить
30. Paint графиктік редакторында өзінділерді еңкейту мен созу командалары қалай орындалады?
а) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Отразить/Повернуть
ә) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Отразить/Повернуть
б) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растянуть/Наклонить
в) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить
31. Өте кішкентай мәтіндік редактор қалай аталады?
a) WordPad ә) Paint б) MicrosoftWord в) Блокнот
32. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс істейтін қолданбасы ...
а) Калькулятор ә) Блокнот б) WordPad в) Paint
33. Компьютердің дыбыс жазуға арналған қолданбасы ...
a) WordPad ә) Звукозапись б) Paint в) Блокнот
34. Бағдарламаларды, құжаттарды, принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен байланыстырылған
компьютерлер тобы...
а) Жалпы желі ә) Компьютерлік байланыс б) Компьютерлік желі в) Интернет
35. Компьютерлік желілер неше топқа бөлінеді және қандай?
а) 2, жергілікті және жалпы ә) 3, жалпы, жергілікті, қосымша
б) 2, қарапайым және күрделі в) 3, қарапайым, көрделі, жергілікті
36. Ең белгілі және қол жететін (қатынауға болатын) жалпы желі қалай аталады?
а) Компьютерлік желі ә) Интернет б) Жалпы желі в) Компьютерлік байланыс
Үйге тапсырма: оқулықтағы тақырыптарды қайталап оқу, қосымша газет-журналдардан білімдерін толықтыру.
№34 сабақ
Сыныбы: Күні: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың интернет желісінен ақпарат алу, электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру, хаттарды қабылдау және жіберу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйте тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен басқа бетке қалай ауысамыз?
Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай тарапы?
Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар көмегімен?
Қабылданған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін Outlook Express бағдарламасының қандай стандартты бумалары қолданылады?
Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?
Тапсырмалар:
Интернет желісінен әр түрлі ақпараттар іздеу, қажетті ақпараттарды көшіру
Әр оқушы өзінің электрондық поштасын құру
Электрондық пошта арқылы хаттар жазып, оны жіберу
Ішіне салынған бірнеше файлы бар хат құрыңыз және оны жолдастарыңызға жіберіңіз
Өзіңіздің поштаңызды тексеріңіз және келген хаттарды оқып, файлдарын ашыңыз.
Сабақты бекіту: Оқушылардың тапсырмаларды толық орындауын тексеріп, қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: оқулықтағы тақырыптарды қайталап, сынақ жұмысына дайындалу.