Сабақты бекіту сұрақтары:
Өзінділерді бұру әрекеті қалай орындалады?
Өзінділерді еңкейту немесе созу әрекеті қалай орындалады?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.4. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
№26 сабақ
Сыныбы: Күні: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Тестте берілген сұрақтарға жауап беру
Тест сұрақтарын талдау
Үйге тапсырма беру
Тест сұрақтары:
1. Жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі...
А) жұмыс үстелі Ә) операциялық жүйе Б) алмасу буфері В) Себет
2. Белгіленген объектінің Алмасу буферінде осы объектінің көшірмесі гүрінде орналасуы қалай аталады?
А) объектілерді жылжыту Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді орналастыру В) объектілердің орынын ауыстыру
3. Белгіленген объектінің бұрынғы орнынан алынып, алмасу буферіне орналасуы қалай аталады?
А) объектілерді қиып алу Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді орналастыру В) объектілердің орынын ауыстыру
4. Алмасу буферіндегі объектілерді қажетті жерге орналастыру қалай аталады?
А) объектілерді жылжыту Ә) объектілерді көшіру
Б) объектілерді кірістіру В) объектілердің орынын ауыстыру
5.Windws операциялық жүйесінде негізгі менюді пайдаланын объектілерді көшіру немесе қиып алу әрекеттері қалай орындалады ?
А) Правка - Копировать (Вставить) Ә) Файл - Копировать (Вырезать)
Б) Правка - Вырезать (Вставить) В) Правка - Копировать (Вырезать)
6.Қатар орналасқан бірнеше объектілерді қалай белгілейміз?
A) Shift пернесінің көмегімен Ј) Alt пернесінің көмегімен
Б) Ctrl пернесінің көмегімен В) Insert пернесінің көмегімен
7.Әр жерде орналасқан бірнеше объектілерді қалай белгілейміз?
A) Shift пернесінің көмегімен Ә) Alt пернесінің көмегімен
Б) Ctrl пернесінің көмегімен В) Insert пернесінің көмегімен
8.Алмасу буферіндегі объектілерді негізгі меню арқылы қажетті орынға кірістіру әрекеті қалай орындалады?
А) ГІравка - Копировать Ә) Файл - Вставить
Б) Правка - Вырезать В) Правка - Вставить
9.Пернетақтаның көмегімен объектілерді Көшіру үшін қандай пернелерді
қолданамыз?
A)Shift+ C Ә)Ctrl+ C Б)Сіг1+Х B)Ctrl +V
10.Пернетақтаның көмегімен объектілерді Қиып алу үшін қандай пернелерді қолданамыз?
A)Shift +C Ә)Сгг1+С Б)Сіг1+Х B)Ctrl+V
11. Пернетақтаның көмегімен объектілерді Кірістіру үшін қандай пернелерді қолданамыз?
A)Shift+C Ә)Сгг1+С B)Ctrl+X B)Ctrl+V
12. Paint графиктік редакторында файлдың типі қандай болады?
A).doc Ә) .Ътр B).txt В) .ехе
13. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі...
А) құралдар тақтасы Ә) тақырыптық қатар
Б) меню қатары В) жұмыс алаңы
14. Кез - келі ен бағдарламада жаңа құжат құру командасы қалай орындалады?
А) Файл - Создать Ә) 1 Іравка - Создать
Б) Файл - Открыть В) Файл - Сохранить
15. Кез-келген бағдарламада құжатты сақтау командасы қалай орындалады?
А) Файл - Создать Ә) Правка - Создать
Б) Файл - Открыть В) Файл - Сохранить
16. Кез-келген бағдарламада сақталған құжатты ашу командасы қалай
орындалады?
А) Файл - Создать Ә) Правка - Создать
Б) Файл - Открыть В) Файл - Сохранить
17. Paint графиктік редакторында өзінділерді бїру командасы қалай орындалады?
(2 жауабы бар)
A) Өзіндіні белгілеу, қосыммша меню - Отразить/Повернуть
Ә) Правка - Отразить/Повернуть
Б) Өзіндіні белгілеу, Рисунок - Отразить/Повернуть
B) Өзіндіні белгілеу, негізгі меню - Растянуть/Наклонить
18. Paint графиктік редакторында өзінділерді еңкейту мен созу командалары қалай
орындалады? (2 жауабы бар)
A)Қосымша меню - Отразить/Повернуть
Ә) Өзіндіні белгілеу, Правка - Растянуть/Наклонить
Б) Өзіндіні белгілеу, қосымша меню - Растяиуть/Наклонить
B)Өзіндіні белгілеу, Рисунок - Растянуть/Наклонить
19. Өшірілген объектілер орналасатын WINDOWS қолданбасы ...
А) Менің компьютерім Ә) Себет (Корзина)
Б) Менің құжаттарым В) Бағыттаушы (Проводник)
20.Қажет емес объектілерді өшіру әрекеті қалай орындалады? (2 жауабы бар)
A)Объектіні белгілеу - Қосымша меню - Удалить
О) Объектіні белгілеу - Delete пернесін басу
Б) Негізгі меню - Удалить
B)Қосымша меню - Delete
21.Дискілерді пішімдеу әрекеті қалай орындалады?
Менің компьютерім - A: (С:) - негізгі меню - Форматировать Ә) Менің компьютерім - A: (С:) - қосымша меню - Форматировать Б) Менің құжаттарым - A: (С:) - негізгі меню - Форматировать
Менің құжаттарым - A: (С:) - қосымша меню - Форматаровать
22.Дискілерді пішімдеудің неше әдісі бар?
А) 2, толық және тез Ә) 1, толық Б) 1, тез В) 3, толық, тез, жартылай
23.Аты бар бірқатар байттар тізбегі қалай аталады?
А) қапшық Ә) таңбаша Б) файл В) қолданба
24.Қапшықтардың қандай түрлері бар?
А) жүйелік және жұмыс қапшықтары Ә) жүйелік және қолданбалы қапшықтар
Б) жұмыс және жай қапшықтар В) қарапайым және күрделі қапшықтар
25. Жұмыс столында жапа қапшық қалай құрамыз?
А) Негізгі меню - Создать - Папку Ә) Қосымша меню - Создать - Папку
Б) Файл - Создать - Папку В) Қосымша меню - Создать - Ярлык
Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталау, 3-4 бөлімдерді оқу
№27 сабақ
Сыныбы: Күні: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының кызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, трафиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді. құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.
WORDPAD МӘТШДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс өзінділері мен бейне клиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы ~> Стандартные => WordPad (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
WORDPAD-та құжат құру
WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
Қаріп және оның өлшемін таңдау
Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтінді пішімдеу
Құжатты сақтау және ашу
Баспаға шығару
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.
Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті, Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат - Шрифт
(Формат - Қаріп) командасын орындаймыз.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу
Backspace — меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған, Кәдімгі Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж, К, Батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат - Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
4. Құж аттарды сақтау және ашу:
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болды.
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз Жаңа құжат құру үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз
Құжаттарды басу:
Құжат құрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжатты баспаға басу әрекеттері:
Достарыңызбен бөлісу: |