Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген Сабақтың тақырыбы


Файл - предварителыіый просмотр (алдын ала қарап шығу)



жүктеу 2,32 Mb.
бет8/9
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#17514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Файл - предварителыіый просмотр (алдын ала қарап шығу)

  • Файл - Печать

    Тапсырмалар:

    1. Оқулықтағы 168 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

    2. Оқулықтағы 171 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

    3. Оқулықтағы 178 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

    Сабақты бекіту сұрақтары:

    • WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

    • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?


    Үйге тапсырма: 5.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

    28 Сабақ



    Сабақтың тақырыбы:

    WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.



    Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторының қосымша

    мүмкіндіктерімен таныстыру.



    Білімділік: Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді және графикаға мәтінді енгізуді үйрету;

    Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалы - абстракциясын дамыту.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

    Сабақтың өту барысы:

    1. Оқушыларды ұйымдастыру .

    2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

    3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    4. Тапсырмаларды орындау

    5. Сабақты бекіту.

    6. Үйге тапсырма беру.


    Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

    • W'ordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?


    Жаңа түсініктер:

    WordPad бағдарламасында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістері немесе командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.

    +/

    Апару және орналастыру әдісі - бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті орынға апарып орналастыру.



    Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз, одан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті орынға апарамыз.

    WordPad - та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арасында, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.



    Мәтіннің бір бөлігін көшіру әрекеті:


    1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз

    2. Правка - Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню -Копировать, пернетақтаның көмегімен Crtl+C

    Мәтіннің бір бөлігін жылжыту әрекеті:

    1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз

    1. Правка - Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню - Вырезать, пернетақтаның көмегімен Crtl+X

    Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіру әрекеті:

    1. Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру

    2. Правка - Вставить командасын орындаймыз немесе Қосымша мсню - Вставить, пернетақтаның көмегімен Crtl+V

    WordPad бағдарламасының құжатына қалауымыз бойынша ағымдағы күн мен уақытты кірістіруге болады. ол үшін құрал-саймандар тақтасындағы Дата/время батырмасын шертеміз немесе Вставка => Дата и время командасын орындаймыз.

    Мәтінің ішіндегі қажетті сөзді іздеу үшін, құрал-саймандар тақтасындағы Найти батырмасына шертеміз немесе Правка => Найти командасын орындаймыз. Поиск диалогты терезесінде образец өрісіне ізделінетін сөзді енгіземіз.

    Мәтіндіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыру үшін, ІІравка => Заменить командасын орындаймыз. Замена диалогті терезесінде Образец өрісіне ауыстырғымыз келетін сөзді немесе сөйлемді енгіземіз, ал заменить на өрісіне оған ауысатын сґөді немесе сөйлемді енгізіп, Заменить батырмасын басамыз.

    Құжатқа суреттерді кірістіру:


    1. Paint пайдаланып сурет саламыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан аламыз

    2. Суретті белгілейміз

    3. Правка - Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз

    4. Суретті кірістіретін мәтінді ашамыз

    5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырамыз

    6. Правка- Вставить командасын орындаймыз

    Тапсырмалар:

    1. Оқулықтағы 188 беттегі 1-тапсырманы компьютерде орындаңдар

    2. Оқулықтағы 190 беттегі 2-тапсырманы компьютерде орындаңдар

    Сабақты бекіту сұрақтары:

    • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?

    • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

    • Жылжыту, кґшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет

    • Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?

    Үйге тапсырма: Оқулықтағы 5.2. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау

    29 сабақ



    Сабақтың тақырыбы: WINDOWS-тің Блокнот және Калькулятор қолданбаларымен танысу.

    Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Блокнот және Калькулятор қолданбаларымен мүмкіндіктерімен таныстыру.

    Білімділік: Блокнот және Калькулятор қолданбаларының міндеттерімен таныстыру, көшіру мен кірістіріп қою командаларын үйрету;

    Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.



    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері. Сабақтың өту барысы:

    1. Оқушыларды ұйымдастыру .

    2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

    3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    4. Тапсырмаларды орындау

    5. Сабақты бекіту.

    6. Үйге тапсырма беру.


    Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • WordPad мәтіндік^редакторының атқаратын қызметі қандай?

    • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

    • WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

    • WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңыз

    • Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

    • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?

    • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

    • Жылжыту, көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет

    • Мәтінге сурет енгізу әрекеті қалай орындалады?


    Жаңа түсініктер:

    Блокнот - бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оны іске қосу үшін мына әрекеттері орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => Блокнот Блокнот қолданбасының терезесі:




    Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка - Копироватъ, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.


    Файл - Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын (Альбомдық немесе Кітаптық) таңдауға болады.

    Формат - Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз

    Файл - Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *.txt болады.

    Файл - Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.

    Калькуляторды пайдалана отырып есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа бағдарламаларға беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек итеруге мүмкіндік береді.

    Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым және Инженерлік.

    Калькуляторды іске қосу: Пуск => Программы => Стандартные => Калькулятор

    Калькуляторлардың түрін ауыстыру үшін: Вид менюін пайдаланамыз.

    Калькулятордағы цифрлық ақпараттарды басқа бағдарламаларға көшіру үшін Правка=> Конировать немесе Вырезать және Вставить командаларын пайдаланамыз.



    Тапсырмалар:

    1. Оқулықтағы 194 беттегі тапсырманы компьютерде орындаңдар

    2. Оқулықтағы 202-203 беттердегі тапсырмаларды компьютерде орындаңдар

    1. Жұмыс дәптеріндегі 6.2.3, 6.2.6, 8, 9, 10, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22 тапсырмаларды орындаңдар

    Сабақты бекіту сұрақтары: '

    • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

    • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Калькулятордың қандай түрлері бар?

    Үйге тапсырма: Оқулықтағы 6.1, 6.2 тақырыптарды оқу. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

    30 сабақ



    Сабақтың тақырыбы: Дыбыс жазу мен ойнату бағдарламалары. Компакт дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу.

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік: Оқушыларды мультимедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру, дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;

    Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

    Сабақтың өту барысы:

    1. Оқушыларды ұйымдастыру .

    2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

    3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    4. Тапсырмаларды орындау

    5. Сабақты бекіту.

    6. Үйте тапсырма беру.


    Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

    • Блокнот қолданбасында қаріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?




    • Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай — орындалады?

    • Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

    • Калькулятордың қандай түрлері бар?

    Жаңа түсініктер:

    Мультимедиа - бұл компьютердің ақпараттық жабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, музыканы және анимацияларды қолданатын бағдарламалар. Бұл пайдаланушымен қарым-қатынас қызық және сазды болуына мүмкіндік береді. Мульти – көп, ал медиа - баспа мәтіндерді, дыбыс және теледидар бейнелерін қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрылған. Компьютерде мультимедианы қолдау үшін қосымша ақпарат құралдары, кем дегенде дыбыстық карта мен CD-ROM құрылғысы болуы керек.

    1. Колонкалар, динамиктер және құлақ қалқалар.

    2. Микрофон.

    3. CD-ROM.

    4. Дыбыс картасы.

    5. Айыру мүмкіндігі жоғары монитор.


    ДЫБЫСТЫ ЖАЗУ ЖӘНЕ ОЙНАТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

    Windows'98 ОЖ ұсынатын жазу және ойнату құрылғыларына фонограф, әмбебап және лазерлік ойнатқыштар сияқты стандартты бағдарламалар жатады. Бұл бағдарламалар жұмыс істеуі үшін, дыбыс тақшасы, колонкалар, құлақ қалқалар, микрофон, компакт-дискілерді оқу құрылғылары қолданылуы керек. Жоғарыда аталған бағдарламалардың жұмысын қолдау үшін, Дыбысты реттеу (регулятор громкости) бағдарламасы қолданылады. Windows'98-де әр түрлі құрылғылардың дыбыс қаттылығының деңгейін бөлек реттеуші алдын ала қарастырылған. Дыбыс қаттылығының деңгейін әрбір нақты құрылғының терезесінен де өзгертуге болады.



    ЛАЗЕРЛІК ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы CD-ROM-ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Музыкалық компакт-дискіні іске қосып қойып, басқа қолданбаларда жұмыс істей беруге болады.

    Іске қосу: Пуск - Программы - Стандартные - Мультимедиа —Лазерный проигрыватель.

    WINDOWS'98-дс компакт дискіні ойнату өте оңай, тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үшін музыкалық дискіні компакт-дискіден оқу құрылғысына орналастыру жеткілікті.

    Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әннен екінші әнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.


    1. Ойнату

    2. Үзіліс

    3. Тоқта

    4. Алдыңғы жазба

    5. Келесі жазба

    6. Артқа айналдыру

    7. Алдыға айналдыру

    8. Шығарып алу


    ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ

    Лазерлік ойнатқыш, әмбебап ойнатқыш, Фонограф бағдарламаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Дауыстың қаттылығын бірнеше әдіспен реттеуге болады:



    ч 1. Есептер тақтасындағы громкоговорителъ ( дауыстап сөйлегіш радио) түрінде бейнеленген белгішені бір рет шерткенде пайда болатын дауыстың қаттылығын реттеуішті пайдалану;




    2. Есептер тақтасындағы громкоговорителъ (дауыстап сөйлегіш радио) белгішесінде тышқанның батырмасын екі рет шерткен кезде пайда болатын Лазерлік ойнатқыш үшін дауыс деңгейін баптауға және ойнату кезінде әмбебап ойнатқыш пен Фонографты да баптауға мүмкіндік беретін Громкость терезесін пайдалан

    ӘМБЕБАП ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Әмбебап ойнатқыш (Унивсрсальный проигрыватель) мультимедиа файлын іске қоса алады, яғни лазер ойнатқыш дыбыс компакт-дискілерімен не жасаса, ол да дыбыс және бейне ақпарат көздерімен соны жасайды.

    Әдетте мультимедиа файлдары бағдарламалармен бірге ойындар немесе энциклопедия құрамында жабдықталады. Әдетте бұл файлдар ойын кезінде немесе энциклопедия оқығанда автоматты түрде іске қосылады. Универсальный проигрыватель бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск - Программы - Стандартпые - Мультимедиа -Универсальный проигрыватель командаларын орындаймыз. Оның терезесінің төмендегідей батырмалары бар:


    1. Ойнату

    2. Белгілеу басы

    1. Белгілеу аяғы

    2. Айналдыру жолағы

    Әмбебап ойнатқыштың көмегімен ойнатуға болатын файлдардың кеңейтуі бар: mov, avi, wav, rmi, mid.

    ФОНОГРАФ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Фонограф - бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табылатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы - микрофон. Іске қосу: Пуск - Программы - Стандартные - Мультимедиа - Фонограф

    Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:


    1. Бас жағына өту

    2. Аяқ жағына өту

    3. Ойнату

    4. Тоқтату

    5. Жазу

    Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.

    Фонограф бағдарламасы шағын дыбыс файлдарын дискіге жазуға арналған, оны кейін өзінің бағдарламалары мен құжаттарында қолданады. Фонограф терезесінің көлемі өзгертілмейді, оны тек есептер тақтасына жинап қоюға болады.



    КОМПКАТ-ДИСКІДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРНАТУ МЕН ІСКЕ ҚОСУ

    Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық, жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні CD-ROM-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.


    Тапсырмалар:

    * 1. Жұмыс дәптеріндегі 7.1.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.2.1, 2 тапсырмаларды орындау 2. Фонограф бағдарламасын пайдаланып қандай да бір дыбыстар жазып, сол дыбыстарды тыңдаңыз және кез-келген құжатқа кірістіріңіз



    Сабақты бекіту сұрақтары:

    • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

    • Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

    • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

    • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

    • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

    • Дыбыстық файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

    • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

    Үйге тапсырма: оқулықтағы 7.1, 7.2 тақырыптарды оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау

    31 сабақ



    Сабақтың тақырыбы: Компьютер көмегімен хабарларды беру және қабылдау.

    Жергілікті желі.



    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік:Оқушыларды «Электрондық хабар», «Компьютерлік желі» ұғымдарымен таныстыру, жергілікті желі туралы түсінік беру;

    Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

    Сабақтың өту барысы:

    1. Оқушыларды ұйымдастыру .

    2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

    3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    4. Тапсырмаларды орындау

    5. Сабақты бекіту.

    6. Үйге тапсырма беру.


    Өткен материалды қайталау сұрақтары:

    • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

    • Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

    • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

    • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

    • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

    • Дыбыстық файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

    • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?


    Жаңа түсініктер:

    ЛК ресурстары - бұл құрал-жабдықтар (аппараттық қамтамасыздандыру, бағдарламалар (бағдарламалық қамсыздандыру)) және ДК-да сақталатын және оқылатын деректер.

    Ортақ ресурс - бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсі, ол бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді (бір уақытта немесе әр уақытта).

    Компьютерлік желі (Network) деп ресурстарды бірге қолдану және ақиқаттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

    Компьютерлерді тікелей қосу - бұл екі компьютердің параллель портқа қосылған кабельдің қиындысымен қосылуы. Мұнда Windows'98 ОЖ-дан басқа, ешқандай қосымша аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ. Тікелей қосқанда бір ДК - жетекші, ал екіншісі ілесуші болын табылады.



    Жергілікті желі (LAN - Local Area NETwork) - бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Жергілікті желінің арналуы — ресурстарға бірігіп қатынау (ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге қолдану), сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау (әкімшілік функция).

    Бір рангты желі - бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

    "Клиент сервер" типті желі - бұл екіден артық ДК- ден тұратын желі, ойын бірі - файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

    Сервер - бұл компьютер немесе бағдарламалар дестесі, ол басқа компьютерде орындалатын пайдаланушының дестесіне қызмет көрсетудің спецификалық түрі. Бір компьютерде бірнеше сервер болуы мүмкін.

    Файлдық сервер - бұл "Клиент - сервер" желісінде жұмысты басқаратын және ақпаратты сақтайтын арнайы компьютер.

    Жұмыс стансасы - бұл желідегі кез келген кәдімгі компьютер, оның ішінде «Клиент - сервер» желісіндегі де (файлдық серверден басқа).

    Жүйелік әкім - бұл пайдаланушыларға нұсқаулар жүргізетін және ортақ деректерге қатынау режимін басқаратын желідегі жұмысқа жауапты тұлға.

    Желілер топологиясы — бұл компьютерлерді бір желіге қосу схемасы (желі конфигурациясы).

    Торап - бұл желіге жалғанған кез келген жеке компьютер.

    Модем — аналогтық телефон сымдарының көмегімен компьютерлердің арасында цифрлық ақпарат беру құрылғысы. Ақпаратты қабылдау үшін желінің басқа ұшында модем болуы керек.

    Протокол - бұл техникалық құрылғылардың өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін ережелер жиыны.

    Желілік протокол — бұл желідегі жұмысты басқаратын бағдарламалар кешені (желіде біріктірілген компьютерлердің қатынау тілі).

    Хабар (Message) - компьютерде жазылған және файл түрінде құрылған, белгілі құрылымы және кеңейтілуі бар, оны компьютерлік желі бойынша басқа компьютерге жіберуге болатын хат.

    Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі. Компьютерлік желілерді бірқатар белгілері бойынша жіктеуге болады, мысалы, территориялық таралу дәрежесі бойынша, топологиясы бойынша, қолданылатын бағдарламалық жабдықтамасы бойынша (ОЖ немесе желілік қызмет), құрылымы (архитектурасы) бойынша және т. б.

    Желінің территориялық таралуының дәрежесі бойынша олар мыналарға бөлінеді: І.Жергілікті желі (ЭЕМ-дер арасы 10 км, көбінесе ЭЕМ жоғарғы жылдамдықты деректер беру арнасы арқылы байланысады, атап айтқанда: шиырылған жұп, коаксиалды кабель, оптикалық кабель және т. б. радио байланысты да қолданылуы мүмкін);



    1. Динамикалық желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-1000 км, байланыс арнасы ретінде көбінесе телефон линиялары қолданылады);

    2. Дүниежүзілік (жалпы) желі (тораптар арасындағы қашықтық 10-15 мың км, көптеген басқалары мен қатар спутниктік байланыс арнасы қолданылады).


    жүктеу 2,32 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау