Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген Сабақтың тақырыбы



жүктеу 2,32 Mb.
бет5/9
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#17514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕНДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағын сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:



  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;

  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;

  • тұйық контурды құю;

  • суреттен түс таңдау;

  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

  • ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам); —түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;

—мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибут тарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);

—түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

—қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басу жылжыту арқылы орындалады);

—тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс — қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.

— салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl+Z пернесін басу керек.

Палитра.

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті таңдаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс таңдалған режимге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.



Сурет салу тәсілдері.

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал таңдаймыз. Егер қажет болса, сызықтар қалыңдығын түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режимді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаріп, оның өлшемі және басқа атрибут тары орналасатын жерді белгілейміз.



Меню.

Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тан дауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түріп, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.


Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 4.1.1,2,3 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?

Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 4.1.4,5 тапсырмаларды орындау.

20 сабақ



Сыныбы: Күні: Тексерген

Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар, тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тіктөртбұрыштар салу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

  • Paint графиктік редакторының тез есінің бөліктерін атаңыз

  • Сурет салу әдістері қалай орындалады?

  • Түстер палитрасының қызметі қандай?

  • Меню жолының қызметі қандай?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

ТҮЗУ СЫЗЫК СЫЗУ

Түзу сызық сызу айырықша еңбекті талап етпейді. Түзу сызық сызу үшін



1.Линия (сызық) 18 батырмасын шертеміз.

  1. Құрал-саймандар жиынының астындағы жақтаудан сызықтың қажетті қалдығын қалыңдығын

  2. Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарып қоямыз.

  3. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға нұсқағышты тасымалдап апарамыз.

  4. Маустың батырмасын жібереміз.


ТӨРТБҰРЫШТАР КВАДРАТТАР) САЛУ

Тік төртбұрыш құралымен боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үтпін:



  1. Прямоуголъник Я батырмасын шертеміз.

  2. Тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаймыз: 1-тек жақтау (рамка), 2-жақтау және толтыру, 3-тек толтыру. Жақтау палитраның бірінші төртбұрышында сол жақ батырмамен таңдаған кескін түсімен сызылады. "Жақтау және толтыру" түрін таңдағанда, онда жақтау кескін түсімен сызылады да, ал іші оң батырмамен өздерің таңдаған фон түсімен толтырылады. Ал "тек толтырылған" түрін таңдағанда, бірден кескін түсімен боялған тік төртбұрыш салынады.

  3. Маус нұсқағышын тік төртбұрыш салғыларын келетін жерге орналастырыңдар.




  1. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып. нұсқағышты тік төртбұрыштың жақтауын созып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша тасымалдаңдар.

  2. Маус батырмасын жіберіңдер.

БҰРЫШТАРЫ ДӨНГЕЛЕНГЕН ТІК ТӨРТБҰРЫШТАР САЛУ

Дөңгеленген тік төртбұрыш құралымен көмегімен бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады. Ол үшін:

  1. Скругленный прямоугольник О батырмасын шертіңдер.

  2. Дөңгеленген тік төртбұрыштың қажетті түрін таңдаңдар

  3. Маус нұсқағышын төртбұрыш салатын орынға орналастырыңдар.

4. Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты бұрышы дөңгеленген
төртбұрыштың жақтауын соза тартып, қажетті өлшем мен пішін шыққанша
тасымалдаңдар.

5. Маус батырмасын жіберіңдер.


ЭЛЛИПС ПЕН ШЕҢБЕР САЛУ

Эллипс құралымен іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады. Ол үшін:



  1. Эллипс ® батырмасын шертіңдер.

  2. Эллипстің қажетті түрін таңдар: 1 — тек шекара, 2 —шекара және толтыру, 3 - тек толтыру.

  3. Маус нұсқағышын өздерің эллипс сызғыларың келетін орынға орналастырыңдар

  4. Мауыстың сол батырмасын басып, жібермей отырып, қажетті пішін мен өлшемге жеткенше соза тасымалдаңдар

  5. Маус батырмасын жіберіңдер


Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 4.2.4, 5, 6, 8, 9, 11, 12, 13 тапсырмаларды компьютерде орындаңдар
Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?


Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.2 тақырыпты оқу (117-120 беттер),

жұмыс дәптеріндегі 4.2.1, 2, 3 тапсырмаларды орындау

21 сабаќ

Сыныбы: Күні: Тексерген:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.
Сабақтың мақсаты: Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Оқушының қисық сызықтар, көпбұрыштар салу және құю құралын пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:


  1. Оқушыны ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Түзу сызғыш, сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?


Жаңа түсініктер:

Қисық сықтарды салу:

  1. Кривая құралының батырмасын шертеміз

  2. Сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаймыз

  3. Түзу сызықтарды салу әрекеттерін орындаймыз

  4. Маустың сол батырмасын сызықтың бүгетін жерінің жанында басамыз да, он біліс жаққа апарамыз

  5. Осы әрекеттерді екінші біліс їшін де ќайталаймыз Көпбұрыштар салу:




  1. Многоугольник (Көпбұрыш) ^ құралының батырмасын шертеміз

  2. Көпбұрыштың типін таңдаймыз

  3. Бірінші сызықты саламыз

  4. Екінші сызықты саламыз және т.с.с. Күю (Заливка) құралын пайдалану:




  1. Құю (Заливка) & құралын батырмасын шертеміз

  2. Түстер палитрасынан түс таңдаймыз

  3. Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін мауспен шертеміз


Тапсырмалар:

1. Жұмыс дәптеріндегі 4.2.16, 17, 19, 20 тапсырмаларды компьютерде орындау


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?



Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.2. тақырыпты оқу (121-123 беттер),

жұмыс дәптеріндегі 4.2.18, 21, 22 тапсырмаларды орындау



22 сабақ

Сыныбы: Күні: Мұғалімі: _ Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Бүріккіш құралын пайдалану. Қылқаламмен сурет салу. Өшіргіш құралын пайдалану.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Қылқаламмен сурет салу, бүрккіш және өшіргіш құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрышты салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

  • Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?


Жаңа түсініктер:

Бүріккіш құралын пайдалану:

  1. Бүріккіш ^ құралының батырмасын шертеміз

  2. Түстер палитрасынан түс таңдаймыз

  3. Бүккіш дағының өлшемін таңдаймыз

  4. Бояуды бүркеміз


Қылқаламмен сурет салу:

  1. Кисть й құралының батырмасын шертеміз

  2. Кисттің пішіні мен өлшемін таңдаймыз

  3. Түстер палитрасынан қажетті түсті таңдаймыз

  4. Маус нұсқауышын бояуды бастайтын жерге орналастырамыз

  5. Маустың сол батырмасын басып тұрып, Кистьті жылжытамыз

  6. Маус батырмасын жібереміз

  7. Ластик (Өшіргіш) Ш құралының батырмасын шертеміз

  8. Өшіргіштің өлшемін таңдаймыз

  9. Маус нұсқауы шын өшірілетін сызыққа орналастырып, маустың сол батырмасын басып тұрын өшіреміз

  10. Батырманы жібереміз


Тапсырмалар:

  1. Оқулықтағы 126 беттегі 12 - суретті компьютерде салыңыз

  2. Оқулықтағы 127 беттегі 14 - суретті компьютерде салыңыз

  3. Оқулықтағы 129 беттегі 16, 17-суреттерді компьютерде салыңыз

  4. Төмендегі суреттерді компьютерде салыңыз





Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.2. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 4.2.23,24,25,26 тапсырмаларды орындау

23 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары. Болдырмау командасы. Суреттерді сақтау. Мәтіні бар сурет салу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік: Болдырмау командаларымен жұмыс істеуге, суреттерді сақтауға және суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибут тарының тақтасын пайдалануға үйрету; Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық; сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .



  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

  • Қисық сызықтар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Көпбұрыштар салу әрекеті қалай орындалады?

  • Құю құралын пайдаланып тұйық фигуралардың ішін қалай бояуға болады?


Жаңа түсініктер:

Болдырмау командасы:

  1. Соңғы әрекетті қалай болдырмауға болады? Правка - Отменить (Түзету - Болдырмау)

  2. Орындатпаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады? Правка - Вернуть (Түзету - Кері қайтару)


Суреттерді сақтау:

Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Paint графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі .bmp түрінде болады.

Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл - Сохранить как (Файл - Сохранить).
Сақталған суретті ашу: Файл - Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған терезеден қажетті файлды таңдаймыз.

Суретке мәтіндер енгізу:


  1. Надпись (Жазу) Ш құралының батырмасын шертеміз

  2. Мәтін енгізетін аймақты таңдаймыз

  3. Мәтінді енгіземіз

  4. Егер Шрифты (Қаріп) құрал-саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид - Панель атрибутов текста командасы арқылы қосамыз

5. Мәтін жақтауының сыртына шертеміз


Тапсырмалар: 1. Жұмыс дәптеріндегі 4.3.4 тапсырманы компьютерде орындаңыз

  1. Оқулықтағы134 беттегі 24-суретті компьютерде салыңыз

  2. Төмендегі заттардың суреттерін компьютерде салып жанына аттарын

жазыңдар:



жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау