Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген Сабақтың тақырыбы



жүктеу 2,32 Mb.
бет4/9
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#17514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?

  • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

  • Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?

  • Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай

Үйге тапсырма: 3.4. тақырыптарды оқу, жұмыс дәптеріндегі 3.4.5, 6 тапсырмаларды орындау.

16 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау

Білімділік: Оқушылардың енгізу-шығару, басу құрылғылары, сыртқы жады туралы білімдерін толықтыру және WINDOWS объектілері, терезесі, файлдар және қапшықтар бөлімдері бойынша алған білімдерін тексеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Тестте берілген сұрақтарға жауап беру

Тест сұрақтарын талдау

Үйге тапсырма беру



Тест сұрақтары:

1. «Информатика» пәні нені зерттейтін ғылым?

A) ақпараттар жиынтығын Ә) мәліметтерді тасымалдауды

Б) ЭЕМ-нің көмегімен таңбалар мен сигналдарды сақтау заңдылықтарын

B) ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын



2. Ақпараттың өлшем бірлігі

А) бид, байт Ә) код, бит Б) бит, байт В) код, бит



3. «Бит» сөзі қапдай тілдегі қай сөзден қысқартылып алыш ан?

А) ағылшын тіліндегі Binary digit Ә) Латын тіліндегі Binary digit Б) ағылшын тіліндегі Binry dijit



4. Байт дегеніміз не?

А) 10 биттен тұратын код Ә) 8 биттен тұратын код

Б) 18 биттен тұратын код В) 8 бірліктен тұратын аќпарат

5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...

А) компьютер Ә) модем Б) сканер В) принтер



6. 1Кбайтта қанша байт бар?

А) 1000 байт Ә) 1024 бит Б) 100 байт В) 1024 байт



7. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды?

А) 1823,МИНСК Ә) 1946, ЭНИАК Б) 1951, IBM В) 1949, ЭНИАК



8. Қай сөйлем дұрыс?

А) Пернетақта - енгізу құрылғысы Ә) Пернетақта - шығару құрылғысы


Б) Монитор - енгізу құрылғысы В) Принтер - енгізу құрылғысы

9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы -

А) сканер Ә) плоттер Б) процессор В) CD-ROM



10. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы -

А) принтер Ј) диск енгізгіш Б) процессор В) CD-ROM



11. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз ...

А) Монитор, принтер Ә) Монитор, тышқан Б) Процессор, принтер В) Принтер, сканер



12. Бағдарламалау жасақта малары қандай топтарға бөлінеді?

А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы

Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер

13. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмсын ұйымдастыратын
бағдарламалар жүйесі...

А) интерфейс Ә) операциялық жүйе Б) драйвер



14. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі ...

А) драйвер Ә) операциялық жүйе Б) интерфейс



15. Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?

А) жүйелік, арнайы Ә) әмбебап, арнайы Б)әмбебап, жүйелік



16. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?

А) аты, түрі Ә) аты, типі Б) типі, жазылуы



17. Файлдың типі неше символдан тұрады?

А)4 Ә)5 Б)3 В)156



18. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?
А) процессор, қатқыл диск, CD-ROM, дискжетек

ӘЈ) процессор, жады, электронды түтікше Б) дискжетек, процессор, пернетақта



19. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А) тұрақты, уақытша жадайтын құрылғы Ә) жедел, тұрақты жадайтын құрылғы Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы



20. Принтердің қандай түрлері бар?

А) лазерлік, инелік, сиялық Ә) матрицалық, инелік, сия бүрккіш Б) матрицалық, лазерлік, сия бүрккіш



21. Дискілердің қандай түрлері бар?

А) иілгіш, қатты, жұмсақ Ә) иілгіш, қатты, компакт Б) қатты, иілгіш, терте



22. WINDOWS дегеніміз не?

А) программалық қабықша Ә) операциялық жүй

Б) мәтіндік редактор В) графиктік редактор

23. Экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы ...

А) Терезе Ә) Шарт белгі Б) Жұмыс үстелі В) Бума



24. Жұмыс үстелі дегеніміз не?

A) компьютерді іске қосатын программалық қабықша

Ә) компьютер толық іске қосылғаннан кейін пайда болатын экран беті Б) мәтіндік редакторды іске қосатын бағдарлама

B) графиктік редакторды іске қосатын бағдарлама



25. Себет (Корзина) ол ...

A) Файлдарды уақытша сақтауға арналған қапшық

Ә) жойылған объектілерді уақытша сақтауға арналған қапшық Б) жаңа файлдарды тұрақты сақтауға арналған қапшық

B) архивтік объектілерді сақтауға арналған қапшық



26. Ш батырмасының қызметі...

А) терезені кішірейту Ә) терезені жабу Б) терезені ашу В) терезені жинау



27. 31 батырмасының қызметі ...

А) терезені үлкейту Ә) терезені жабу Б) терезені ашу В) терезені жинау



28. Ш батырмасының қызметі ...

А) терезені кішірейту Ә) терезені жабу Б) терезені апту В) терезені жинау



29. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай орындалады?
А) Қосымша меню - Создать - Папку

Ә) Қосымша меню - Открыть - Папку Б) Негізгі меню - Создать - Папку



30. Жұмыс столындағы қажет емес объектілерді өшіру әрекеті қалай орындалады?

А) Өшіретін объектіні белгілеу - Негізгі меню - Удалить

Ә) Өшіретін обьсктіні белгілеу - Қосымша меню - Отправить - Корзину

Б) Өшірілетін объектіні белгілеу - Қосымша меню — Удалить


17 сабақ

Сыныбы: Күні: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен және

объектілердің атын өзгерту, оларды жою, қалпына келтіру ережелерімен таныстыру;



Тјрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Компьютермен жұмыс

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?

  • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

  • Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?

  • Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай?


Жаңа түсініктер:

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру

Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады..

Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орныңда қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орнынан жоқ болып кетеді.

Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық:



1. Тышқанның оң\ жақ батырмасының көмегімен.

Объектіні қапшықтың терезесінде жылжу немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып , оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жада орынға жылжытады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копировать, жылжыту қажет болса, Переместить, ал таңбаша жасау қажет болса, Создать ярлык командаларының бірін таңдауға болады.



2. Тышқанның сол жақ батырмасының көмегімен.

Тышқанның сол жақ батырмасымен объектілі жылжытқанда, Ctrl немесе Shift пернелерін қолдануға болады.

1 Жылжытуға кезінде Ctrl пернесі басулы тұрса, онда таңдалған объектілер файлдың типіне және

оның тағайындалған орнына қарамастан көшіріледі. 2. Shift пернесі басулы болса, Windows объектіні жылжытады.


Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.



Меню командалары арқылы объектілерді көшіру және жылжыту

Объектілерді жылжытуда "апарып қою" әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копироватъ), Қию (Вырезатъ) және Кірістіру (Вставить) деп

аталатын командаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Window's'98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.



Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті ! жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows - тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.



Копировать, Вырезать және Вставитъ командаларын пернетақтаның ■ ■ көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl +C, қиып алу үшін Ctrl +X, • і қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl +V пернелерін басып шақыруға болады. і

Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:

1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименоватъ
командасын орындау

2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюіндегі файл - Переименовать


командасын орындау

  1. Объектіні белгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

  2. Объектіні белгілеп F2 пернесін басу, жаңа ат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:



  1. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

  2. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Удалить командасын орындау

  3. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, қапшықтың терезесінің менюіндегі Файл -Удалить командасын орындау

  4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып түру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл -1 Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

Себетті тазалау

  1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу

  2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау


Тапсырмалар: 1-тапсырма.

  1. Жұмыс столында өз есіміңізбен аталатын жаңа қапшық құрыңыз.

  2. Осы буманың ішіне Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығынан бірнеше объектілерді әр түрлі әдістермен көшіріңіз

  3. Жаңа қапшықтың атын өзгертіңіз

  4. Қапшықты өшіріңіз және Себеттен қайта қалпына келтіріңіз

  5. Қапшықты қайта өшіріп Себетті тазалаңыз

2-тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі 3.5.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдыѕ ќандай жолдары бар?

Үйге тапсырма: 3.5. тақырыпты оқу

18 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Дискілерді пішімдеу. Объектілерді дискетке көшіру.

WINDOWS қолданбалары.



Сабатың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды дискет терді пішімдеу операциясымен және объектілерді дискетке көшіру ерекшеліктерімен таныстыру, WINDOWS ОЖ стандартты бағдарламалары туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Компьютермен жұмыс

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?


Жаңа түсініктер:

Дискімен жұмыс істегенде, оларды пішімдеу керек болады. Пішімдеу кезінде




дискеттеп барлық ақпарат жойылады. Дискіні пішімдеу үшін:

  1. Мой компьютер белгішесінің терезесін ашамыз

  2. Қапшық терезесіндегі А: дискінің белгішесіиде тышқанның оң батырмасын шертеміз

  3. Қосымша менюден Форматироватъ

командасын орындаймыз Windows экранында пішімдеудің қажетті тәсілін таңдайтьш терезесі пайда болады. Пішімдеудің екі әдісі бар: 1. Толық - пішімдеу кезінде дискінін бұзылған

секторлары бар-жоғын тексеру әдісі. Бұл

әдіс негізінде диск жаңа болғанда

қолданылады.






2. Тез - пішімдеу кезінде диск еттегінің барлығын өшіру әдісі.

Объектілерді дискетке кешіру:



  1. Дискетаны диск енгізгішке саламыз

  2. Мой компьютер қапшығын ашамыз

  3. С: қатқыл дискісін ашып көшіретін объектілерді белгілеу


  4. Өзіңізге белгілі көшіру әрекеттерін орындау

Тапсырмалар:


  1. тапсырма




  1. А дискіні пішімдеңіз




  1. А дискіге С дискіден бірнеше объектілерді көшіріңіз

  2. А дискіден С дискіге бірнеше объектілерді көшіріңіз

2 - тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі 3.5.13, 14, тапсырмаларды орындаңыз

Үйге тапсырма: оқулықтағы 3.5. тақырыпты оқу

19 сабақ

Сыныбы: Күні Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық. жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Дискеттерді пішімдеу дегеніміз не?

  • Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай орындалады?

  • Дискеттерді пішімдеудің неше түрі бар? Олардың айырмашылықтары қандай?

  • Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері қалай орындалады?


Жаңа түсініктер:

ДК -нің мәтіндік те, графикалық та ақпараты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартты Windows'98 операциялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден – пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген тестер саны қолданылады.



Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. Редактор:

  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.


Paint бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные =>

Графикалық редактор Paint Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының


төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарьш байқауға болады.



жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау