Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген Сабақтың тақырыбы


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР



жүктеу 2,32 Mb.
бет2/9
Дата25.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#17514
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР

Компьютердің бағдарламалық жасақта малары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардың және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.

Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система -ОС) негізгі болып табылады.

ОЖ — компьютердің барлық мөліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады. Сонымен қатар ОЖ - әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес түрде баптауға мүмкіндік береді.

ОЖ -лер өте көп, бірақ біздің арнайы қарастыратынымыз — үйде және мектептерде тұрған компьютерлердің операциялық жүйелері. Бұдан аз-ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде ОЖ MS DOS тұратын. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98, WINDOWS NT.

Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы) — американың Microsoft фирмасы.

Компьютерде жұмыс істеу - негізінде оныѕ ОЖ- мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және "жақын достықта" екендігі өте маңызды.

Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды. Дербес компьютерлерде қатысудың - интерфейстің - командалық және терезелік екі тәсілі болады.

Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ- ніѕ командаларының, жиынтығының көмегімен қатынас құралады, олар өте коп және жазылу түрлері де әр түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ -ға ОЖ MSDOS жатады, ол компьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болды.

Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол WINDOWS типті ОЖ -де жүзеге асырылған. Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек ауыс құрылғысы арқылы жасалады. Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде көрсетілген әрекеттерді ауыстыру көмегімен таңдау жеткілікті. Экранда графикалық формаларды таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.

Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал MSDOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.

Әрине, WINDOWS типті ОЖ- лер тек белгілі жаєдай жасалєанда, яєни процессордыѕ жўмысыныѕ жылдамдыєы арттырылєанда, компьютердіѕ жедел жјне тўраќты жадыныѕ кґлемі їлкейтілгенде єапа MSDOS – тыѕ орнын басты.

Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарыңды ұйымдастыруға т.б. жасауға болады.

Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөледі.

Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланатын т.б. бағдарламалар.

Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни адамдардың көбі пайдаланатын бағдарламалар жатады. Бірімен-бірі байланысты бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар да бар, оларды интегралданған бағдарламалар дестесі деп атайды. Мысалы, мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасын басқару жүйесі.

Жүйелік бағдарламалар жасақта маларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. Операциялық жүйе қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады. Мысалы, ОЖ винчестерге белгілі бір мәліметтерді оқып алуға команда береді. Ал винчестердің драйвері моторды қосуға, бастиекті жадтың белгілі жеріне әкелуге және оқып шығуға команда береді. ОЖ- нің драйвер арқылы жұмыс істеуі қосылатын құрылғыларды ұдайы ауыстырып және жаңалап отыруға мүмкіндік береді.

Жүйелік бағдарламаларды көбінесе бағдарлама құрушылар (бағдарламалаушылар) пайдаланады.

Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ, Фортран, Корол, Пролог, Ассемблер, ПЛ-1 тағы басқалар. Осы тілдерде бағдарламалаушылар бағдарламалар жазады және арнайы жүйемен, бағдарламалардың көмегімен оларды өңдейді, тексереді және қолдануға дайын түрге келтіреді.

Ақпарат компьютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады. Оны көп жағдайда оперативті жад деп атайды. Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті - оптикалық дискілерде орналастырылады.



Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.3.1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютер дегеніміз не?

  • Ақпараттық құралдар неден тұрады?

  • Компьютердің бағдарламалық жасақта масына нелер кіреді?

  • ОЖ- нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  • Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

Үйге тапсырма: 1.3 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.3.5 тапсырманы орындау
6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ЕТ -ң даму тарихымен оның құрылушының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ-нің коғам өміріндегі рөлін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтыѕ түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Ақпараттық құралдар неден тұрады?

  3. Компьютердің бағдарламалық жас ақтамасына нелер кіреді?

  4. ОЖ- нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

  5. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

  6. Ќолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай? Олардың классификациясын түсіндіріңдер

  7. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

  8. Драйвердің рөлі қандай?

Жаңа түсініктер:

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусаұтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.

Ф Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.

Ф 17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Неиер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.

♦ 1761 ж. Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны Исаак Ньютон ұсынған.



Ф" 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

Ф 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасына арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

Ф 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

W Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

Ф XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші - перфорациялық машинасын құрды.Холлерит 7 жыл бойы пайдаланылды. Холлерит есепші - перфорациялық машинаны жасайтын фирманың негізін қалады. IBM фирмасына айналды.



Ф 1944 американ математигі Говард Лйкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.

Электронды есептеуіш машиналар. ♦ Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде KNIAC деп аталды, 1949 жылы EDS AC машинасы құрастырылды. ЭЕМ буындары:



Бірінші буында - бірінші электрондық машина EN1AC , EDSAC машиналары болды. 1940-1955 жылдар.

Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Ал гол, Корол қолдана бастады. Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ- дер. Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады. Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ. Қ зіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды интеллект" ЭЕМ -дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Бірінші электронды есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.

  • "Марк-1" машинасы қандай элементтерден жасалды?

  • Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  • ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  • Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?


Үйге тапсырма: 2.1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 2.1.1, 2, 3 тапсырмаларды орындау, сөз жұмбақ, ребус құрастыру

7 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты: Аппараттық құрылғымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды ДК- мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету.Компьютердің негізгі құрылғылары - процессормен, ЖЖҚ - мен, ТЖҚ - мен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

электронды оқулықтар



Сабақтың ґту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Біріңғай электронды - есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.

  • "Марк-1" машинасы қандай элементтерден жасалды?

  • Бұрыңғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

  • ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  • Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Жаңа түсініктер:

"Компьютер" сөзі "есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалау өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мэтіндер, дыбыстар, графика жјне т.б.) аппаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Информатика сабағында IBM PC типті ДК - лерді оқып үйренеді, олар осындай дербес компьютерлерді алғашқы шығарған американдық компанияның атымен аталған (ШМ фирмасының ДК – лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК -нің басқа типтері де бар, мысалы, Apple фирмасының Macintosh ДК –сі. Бірақ ДК -лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп ұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блокті тұратын жинақ керек (компьютер-дің негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс коронкалары, құлақ алқа, микрофон, модем, сканер, манипуляторлар: "маус", трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағыш басты әлемін - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапта, онда: микропроцессор мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контроллер, ажыратар орналастырылған.

ДК (дербес компьютер деп аталынуы - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.


►► Монитор, жүйелік блок, пернетақта , мультимедиа колонкасы, модем, маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар - адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптсрдің міндеті - процессордан келіп түскен ақиқатты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.



Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, процессор, CD-ROM, бейне тақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.

Процессор - компьютердің еѕ басты бґлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бјрін оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессоры. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтай тын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі гөрі бар: тұрақты жадтай тын құрылғы ТЖҚ (ПЗУ) - бұл компьютердің ішкі жады, компьютерді іске қосқанда алдымен ТЖҚ - дан алынады. Жедел жадтай тын құрылғы ЖЖҚ (ОЗУ) - ақпаратты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы - принтер, дисплей, графиктер.

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқаруы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті, моно хромды болады.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.1, 2, 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

  • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

  • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

  • Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?


Үйге тапсырма: 2.2 тақырыпты оқу, компьютер құрылғыларына байланысты сґө жұмбақ, ребус құрастыру

8 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу - шығару құрылғылары.

Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру.

Білімділік: Енгізу-шығару құрылғы Барына жалпы шолу жасау, монитор, пернетақтаның

жұмысымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін көтеру.



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

электронды оқулық



Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмалар орындау

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

  2. Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

  4. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата.

  5. Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.

  6. Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?


Жаңа түсініктер:

Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арналуы бойынша сыртқы құрылғыштарды төмендегідей бөлуге болады:



  • деректерді енгізу құрылғылары

  • деректерді шығару құрылғылары

  • деректерді сақтау құрылғылары

  • деректерді алмасу құрылғылары


Монитор ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы. Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеуге болады:


Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градациясы сүр).

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)


Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.



Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:

  1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылқан арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

  2. Скан-код микросхемаға түседі, ол оз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.

  3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

  4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

  5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:

  • басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер)

  • функционалды пернелер: Є1-П2

  • арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6 Ctrl, Alt, Backspace

  • меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы

  • сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер - олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.

> Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.

  • Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пресі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

  • Цифрлық - қосымша пернетақта. Nam Lock арқылы қосылып ажыратылады.

  • Enter - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.

  • Бос орын - символдарды бір-бірінен ажыратады.

> «Немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.

> Shift бұл кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.

  • Caps Lock - үлкен әріптер енгізіледі.

  • Delete - мецзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

  • Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады - Ctrl Alt.


Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 2.2.7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау. Пернетақта тренажерімен жұмыс істеу.
Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз

  • Мониторєа сипатта бер

  • Монитордың қандай түрлері бар?

  • Пернетақтаның блоктарын айт

  • Негізгі пернелердің қызметі қандай?


Үйге тапсырма: Сыртқы құрылғыларды оқу, оқулықтағы 43-50 беттер, соз жұмбақ, ребус құрастыру
9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сынақ жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау
Білімділік: Ақпарат, компьютердің құрылысы, даму тарихы тақырыптарынан алған білімдерін толықтыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Тестте берілген сұрақтарға жауап беру

  4. Тест сұрақтарын талдау

  5. Үйге тапсырма беру


Тест сұрақтары:

1. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен аударылған?

A) informatio Ә) informatik Б) infoemation



2. Қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен
мағлұматтар ...

А) сигнал Ә) ақпарат Б) информатика



3. Адам қабылдайтын ақпарат неше топқа бөлінеді және оларды ата

А) таңбалы, мәтінді Ә) бейнелік, қатнас тілі Б) бейнелік, таңбалы



4. Ақпараттарды бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі

А) сигнал Ә) код Б) аќпарат



5. Ақпараттың өлгаем бірлігі

А) бид, байт Ә) код, бит Б) бит, байт



6. «Бит» сөзі қандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?

А) ағылшын тіліндегі Binary digit Ә) Латын тіліндегі Віпагу digit Б) ағылшын тіліндегі Binry dijit



7. Байт дегеніміз не?

A) 10 биттен тұратын код Ә) 8 биттен тұратын код Б) 18 биттен тұратын код



8. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс ...

А) сигнал Ә) ақпарат Б) информатика



9. Ақпараттық процестерді зерттейтін єылым

А) физика Ә) ақпарат Б) информатика



10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ...

А) компьютер Ә) модем Б) сканер



11. Бағдарламалау жасақта малары қандай топтарға бөлінеді?

А) жүйелік, қолданбалы, бағдарламалау жүйесі Ә) жүйелік, әмбебап, қолданбалы

Б) қолданбалы, бағдарламалау тілдері, операциялық жүйелер

12. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын
бағдарламалар жүйесі ...

А) интерфейс Ә) операциялық жүйе Б) драйвер



13. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі ...

А) драйвер Ә) операциялық жүйе Б) интерфейс



14. Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді?

А) жүйелік, арнайы Ә) әмбебап, арнайы Б) әмбебап, жїйелік



15. Компьютердің ақпаратты сақтау құрылғысы неше топқа бөлінеді?

А) ішкі, сыртқы Ә) ішкі, тұрақты Б) сыртқы, тұрақты.




16. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды, қалай аталды?

A) ENIAC, 1948 Ә) ENIAC, 1946 Б) EDS AC, 1949



17. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата

А) пернетақта, жүйелік блок, тышқан Ә) пернетақта, модем, тышқан

Б) пернетақта, жүйелік блок, монитор

18. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

А) процессор, қатқыл диск, CD-ROM, дискжетек Ј) процессор, жады, электронды түтікше Б) дискжетек, процессор, пернетақта



19. Компьютердің ең басты бөлігі немесе «миы» ...

А) монитор Ә) жүйелік блок Б) процессор



20. Компьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А) тұрақты, уақытша жадысының құрылғы Ә) жедел, тұрақты жадтай тын құрылғы Б) жедел, оперативті сақтайтын құрылғы



21. Компьютердің ақпаратты шығару құрылғыларың көрсет

А) монитор, сканер Ә) монитор, принтер Б) жүйелік блок, принтер



22. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғыларын көрсет

А) пернетақта, сканер, тышқан Ә) монитор, принтер, пернетақта Б) жүйелік блок, пернетақта, сканер



23. Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі

A) delete Ә) backspace Б) Caps Lock



24. Бас эрінтер режиміне ауысу пернесі

A) delete Ә) backspace Б) Caps Lock



25. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру нернесі

A) delete Ә) backspace Б) Caps Lock


Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталау, 1 -2 бөлімдерді оқу

10 сабақ



Сабақтың тақырыбы:Ақпарат енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ақпаратты енгізу манипуляторымен (маус, трекбол, терте, сканер)

Және принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімдерін көтеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,электронды оқулық

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар, олардың атқаратын қызметін айтыңдар. Монитор, жүйелік блок, пернетақта

  • Компьютер жадысының қандай түрлері бар?

Ішкі және сыртқы жад. Ішкі жад - жедел жад немесе оперативті жадтай тын құрылғы. Оның екі түрі бар: тұрақты жадтайтын, жедел жадтайтын құрылғы.

• Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар

ТЖҚ ақпаратты тұрақты сақтайды, компьютер өшірілген кезде ондағы ақпарат бұзылмайды, ал ЖЖҚ ақпаратты уақытша сақтауға арналған, компьютерді өшіргенде ақпарат бұзылады.


  • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар және олардың қызметін айтыңдар Пернетақта, маус, джойстик, сканер, т.б.

  • Мониторлардың түрлерін атаңдар және олардың ерекшеліктерін айтыңдар Түрлі түсті немесе моно хромды

  • «Пиксель» деп нені айтады?

Монитор экранындағы түрлі түсті нүктелер

• Пернетақтаның қандай блоктары бар?

Символдық, функционалдық, меңзерді басқару, цифрлық пернелер

• Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер. Лазерлік, матрицалық, сия бүрккіш


Жаңа түсініктер:

АҚПАРАТ ЕНПЗУ МАНШІУЛЯТОРЛАРЫ

Қазірі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — "Маус" манипуляторымен жабдықталған.

Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланады. себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

Маус қорабының ішінде ауыр резеңкемен қапталған металдан жасалған ауыр шар орналасқан. Ол қораптың сыртына аз ғана шығып, кілемше бетіне тиіп тұрады. Маусты арнайы кілемше бетінде (үстел бетінде) жылжытқанда, шар айналады. Оның айналуы өзара перпендикуляр айналатын екі білікті айналдырады да, ол компьютерге "оңға - солға" және "жоғары-төмен" жылжыту сигналдарын береді. Алынған сигналдарды компьютер өңдейді, нәтижесінде маус нұсқағышы экрандағы орны өзгереді, яғни маус нұсқағышы экранда жылжиды.



Егер маус жылжитын бет өте тайғанақ болса, онда шар дөңгелемей сырғиды, сондықтан арнайы резеңке кілемше пайдаланады.


Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар:

- Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді қажет етпейді,

сол себепті олар портативті компьютерлерде қолданылады.



  • Пенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.

  • Инфрақызыл маустың әдеттегі маустан айырмашылығы - оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.

Компьютерлік ойындар үшін рычагты басу типті тертелер (джойстиктер), джойпадтар, геймпадтар және штурвалды - педальді құрылғылар қолданылады.

Маус - бұл манипуляторлық, типті енгізу құрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуға (қозғалтуға) және объектілерді басқаруға аралан. Трекбол — бұл маустың функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданылатын құрылғы. Джойстик(терте) - кішкене рычагты манипулятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.


Графикалық деректерді енгізу құрылғысы. Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді, графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алєашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өңдейді.

  • Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.

  • Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады. Бұл

жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.



  • Штрих - сканері. Бұл штрих - код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады.

  • Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі - оның негізгі параметрі.

  • Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.

  • Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.


БАСУ ҚЫРЫЛҒЫСЫ

Принтерлер - басу карылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде қолданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалық, сия бїріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.

  • Матрицалық принтерлер - бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.

  • Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.

- Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларың қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микро тамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді. Сия бүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.

Қандай ақпараттарды /. Мәтіндік

принтерге 2. графикалық

шығаруға болады? 3. кестелік


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау