Сабақ Сабақтың тақырыбы



жүктеу 1,7 Mb.
бет1/16
Дата03.01.2020
өлшемі1,7 Mb.
#25837
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
Күні:





1 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі иен қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымдалған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы.

Программалық-дидактикалық қамсыздандыру:

Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналы. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алуды тіркеу журналы. Өрт сөндіру журналы. Өрт сөндіру құралдары. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты:

  • Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

  • Компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен таныстыру.

  • Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру.

  • Төтенше жағдайлардағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

Сабақ типі:

Практикалық элементтері бар, көрнекілікті көрсетіп түсіндіру сабағы.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • ЕТ-пен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

  • Компьютер сыныбындағы іс-әрекет ережелерін;

  • Қауіпті жағдайдағы іс-әрекет ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • көз талғандағы жаттығуларды жасауды;

  • өрт сөндіргішті қолдануды;

  • жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналын толтыруды;

  • статикалық кернеу әсерін кетіру жағдайларын орындауды.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу.


ІІ. Сабақ барысы.

Оқушыларға еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқау беру және оған үйрету жолдары



  1. Оқушыларда зерделі көзқарас тәрбиелеу және оларға жұмыстың дұрыс және қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін меңгерту үшін, мұғалімдер оқушылармен қауіпсіздік техникасы мен еңбек гигиенасының талаптарын сақтау жөнінде дәріс пен нұсқау беріп отыруы керек.

  2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру мен оған үйрету алдымен барлық оқушылармен кабинетте кіріспе сабақта, сонан кейін дербес компьютермен жұмыс істеу алдында жүргізіледі.

  3. Алғашқы нұсқаулар беру кезінде мұғалім оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелері мен еңбек гигиенасымен; жұмыс барысында кездесетін қауіпті жағдайлармен және сақтық жағдайларымен таныстыруы керек.

  4. Алғашқы нұсқауларды кабинет меңгерушісі (мұғалім) лекция немесе әңгіме түрінде жүргізеді.

  5. Дербес компьютермен жұмыс істеу алдында (жұмыс орнында алғашқы рет) берілетін нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады. Оның негізгі мақсаттары жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырып, тәртіппен ұстау талаптарымен, қауіпсіз жұмыс істеу әдістерімен, сақтану құралдарымен, белгілі бір жұмысты орындау кезінде болатын қауіпті жағдайлармен, жұмыс істеушінің міндеттерімен, сондай-ақ қауіпті жағдайлармен және олар туған кезде орындайтын іс-әрекет ережелерімен таныстыру.

  6. Оқушылармен өткізілген дәріс пен нұсқаулар журналында тіркеледі.


І. Негізгі қағидалар

Қазақстан Республикасының Білім мен ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеледі.



Информатика кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.
ІІ. Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:

  1. Жалпы.

  2. Дербес компьютерде (ДК) жұмысты бастау алдында.

  3. Жұмыс істеу кезінде.

  4. Апаттық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда.

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.

  4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  5. Корпусты мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  7. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және оқшаулағышының бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауын көіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді деп алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білуі керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын есте ұстау керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білуі керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.


IІІ. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қолда бар материалдарды пайдаланып босату;

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин);

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).


Талып қалғанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).


Демі тоқтағанда көмек көрсету:

  1. Зақымданған адамды тілінің ауыздағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;

  2. Дәрігер шақыру;

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауздан-ауызға) керек.


ІV. Көз талғанда жасайтын жаттығуларды есіңе сақта және оларды орында!
1-жаттығу

- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.


2-жаттығу

- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

Көздеріңді талдырмаңдар.

- Алысқа қадалып қараңдар.


3-жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қараңдар.
4-жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қараңдар.
5-жаттығу

- Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу

- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

- Алысқа қадалып қараңдар.
7-жаттығу

Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар


V. Жаттығуларды оқушылармен бірге орындап шығу
VI. Сынып журналына немесе еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқау беру (инструктаж) журналына тіркеу.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережесін оқып келу.

Ақпарат және информатика
Күні:





2 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат мөлшері.Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.

Программалық-дидактикалық қамсыздандыру:

Оқулық.

Практикум (жұмыс дәптері)



Сабақтың мақсаты:

Ақпарат, ақпараттық процестер, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы оқушылардың білімін тереңдету.

Сабақ типі:

Түсіндіру, әңгімелесу

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушы білуі тиіс:

  • ақпараттың не екенін, ақпараттың қасиеттерін;

  • ақпараттық процесс ұғымын;

  • кодтың және ақпаратты кодтаудың міндетін;

  • ақпаратты өлшеу тәсілдерін;

  • ақпарат мөлшерін өлшеудің негізгі бірліктерін.

Оқушының меңгеруі тиіс білігі:

  • адам іс-әрекетінің, тірі табиғаттың және техниканың әр түрлі саласындағы ақпарат пен ақпараттық процестерге мысал келтіруді;

  • ақпараттық процесс түрлерін анықтауды;

  • ақпараттық қоғамның қалыптасуын сипаттауға мысал келтіруді.


Сабақтың жоспары:

Теориялық материалды оқып-үйрену жұмыс дәптерінде тапсырма орындаумен кезектесіп отырады.

Алдымен 7-сынып курсынан оқу материалын қайталау ұсынылады.
Қайталау сұрақтары:


  1. Ақпарат деген не?

Ақпарат – қоршаған орта мен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер.

  1. Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?

Ақпараттық процестер дегеніміз – ақпарат сақтау, беру және оны өңдеу.

  1. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Ақпарат пайдалы, толық, объективті, жаңа болуы керек.

  1. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады (хабардың ақпараттық көлемі неге тең?)

Хабардың ақпараттық көлемі хабардағы символдар санына тең.

  1. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?

Ақпараттың ең кіші бірлігі – 1 бит.

1 Байт = 8 бит.

1Кбайт = 1024 бит.

1Мбайт = 1024 кбайт.

1Гбайт = 1024 Мбайт.


  1. Ақпаратты кодтау, кодтаушы кесте деген не?

Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпаратты кескіндеу. Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары – кодтаушы кесте деп аталады.

  1. ASC II коды деген не? (Кодтаушы кестесі бар плакат сыныпта ілулі болады)

ASC II коды – ақпарат алмасудың американдық стандарттық коды. Оның кодтаушы кестесі 16 жол мен 16 бағаннан тұрады. Символдың кестедегі орнын оның оналтылық коды анықтайды.

Кесте: стандарттық және баламалық екі бөліктен тұрады. Стандарттық бөлік – 0-ден 127-ге дейінгі алғашқы 128 символды: цифрлар, латын алфавитінің әріптері және компьютерді басқарудың арнайы символдарын қамтиды. Баламалық бөлік – 128-ден 255-ке дейінгі, келесі 128 символды: ұлттық алфавит символдарын, псевдографикалық және кейбір арнайы символы екі оналтылық разряд немесе сегіз екілік разряд арқылы кодталады.


Оқу материалын қайталағаннан кейін (1.1-тақырыпты) оқып-үйрену ұсынылады. Материалды бекіту үшін 1.1-1.5-тапсырмаларды жұмыс дәптерлерінде орындату керек.


    1. Ақпарат

1.1-тапсырма. Ақпарат ұғымының толық анықтамасын қоршап көрсетіңдер.


Адамдар мен Адамдардың

құрылғылардың сигнал өзара мәлімет

алмасуы алмасуы

Жанды және жансыз Мәлімет, сигнал, сондай-ақ хабар

табиғаттың өзара немесе жадтағы мәлімет

сигнал алмасуы

Пікір алысу барысында неліктен «адамдардың өзара мәлімет алмасуы», «жанды және жансыз табиғаттың өзара сигнал алмасуы» немесе «адамдар мен құрылғылардың сигнал алмасуы» толық анықтама бола алмайтынын талқылау ұсынылады. Себебі жалпы мағынада ақпарат алмасу – адамдардың өзара мәлімет алмасуы да, жанды және жансыз табиғаттың өзара сигнал алмасуы да болады.


1.2-тапсырма. Ақпараттық процеске жатпайтындарды қызыл карандашпен боя.


Ауызша хабарлар

Тоқу

Өтініш

Дүкенге бару

Жазба хабарлар

Пластилиннен мүсін жасау

Бұйрықтар

Түстік ас пісіру

Жолдама хабарлар

Еден жуу

Есеп беру

Бақшада жұмыс істеу

Жарнамалық хабарландырулар

Жеміс өсіру

Жаңалықтарды ой елегінен өткізу

Әткеншек тебу

Ғылыми мақалалар

Бассейнде шомылу

Аталған процестердің кейбіреулерінде (мысалы, дүкенге бару немесе жеміс өсіру) қайсыбір ақпараттың өңделуі мүмкіндігінен, оқушылардың жауаптарында айырмашылық болы мүмкіндігін ескеру керек. Ең бастысы – оқушысы өз жауабын дәлелдей білуі керек.


1.3-тапсырма. Қандай хабар сендер үшін маңызды болып табылады? Оны жасыл түспен боя.


















Осы жауаптарында айырмашылық болуы мүмкін.

жүктеу 1,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау