Сабақ жоспары: Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату


Таратып орналастыру мен эвакуациялауды іске асыру кезіндегі тұрғындардың міндеттері



жүктеу 1,7 Mb.
бет5/6
Дата21.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#34129
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары.

Таратып орналастыру мен эвакуациялауды іске асыру кезіндегі тұрғындардың міндеттері.
  • Таратып орналастырудың және эвакуациялаудың ойдағыдай орындалуы көбіне таратып орналастырылатын және эвакуацияланатын халықтың өздеріне, осы іс-шараларды орындау кезіндегі олардың ұйымшылдығына және тәртіптілігіне байланысты.
  • Таратып орналастыру жөнінде хабарлар болғаннан кейін бұл іс-шараларға қатысы бар азаматтар қала сыртына көшірілу үшін дереу қамданады: қажетті заттарды, құжаттар мен ақшаларын жинайды, жеке қорғану құралдарын (міндетті түрде тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралды) дайындайды; үйдегі терезелердің перделерін алып тастайды, жеңіл тұтанатын заттарды жинап көлеңкелі жерлерге жасырады, үйден шығар алдында электроқұралдарды және газды сөндіріп, есік пен терезелерді жабады.
  • Заттардан ең қажетті дегені (киім-кешек, аяқ киімдер, іш киім) алынады. Киімдер жиынтығында плащ пен спорттық киімнің болғаны жөн, аяқ киімнің резеңкеден жасалған немесе резеңкеленгені болғаны дұрыс. Киім-кешек пен аяқ киімдердің бұл түрлері радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық қаруды қолданғанда адам терісін қорғауда басқаларынан пайдалырақ. Міндетті түрде жылы (жүннен жасалған) киім-кешек алу керек, тіпті эвакуация жазды күні болса да. Сонымен қатар өзімен бірге азық-түлік және ауыз су алу қажет. Азық-іүлік 2-3 тәулікке жететіндей мөлшерде алынады; тез бұзылмайтын, оңай сақталынатын және қолдану алдында ұзақ уақыт дайындауды қажет етпейтін тамақ түрлерін алу керек. Суды флягада сақтаған дүрыс.
  • Заттар саны мен азық-түлік мөлшері адам өзі алып жүре алатындай болуы керек. Көлікпен эвакуациялау кезінде заттар мен азық-түлік массасы шамамен ересек адам үшін 50 кг; жаяу эвакуациялау кезінде әрбір адамның төзімділігене қарай біршама аздау болуы керек.
    • Барлық заттар мен азық-түліктер рюкзактарға, қапшықтарға, сөмкелерге, чемодандарға салынып түйіншектерге түйілуі тиіс. Жаяу эвакуациялау кезінде, заттар алып жүруге қолайлы болуы үшін, рюкзактар мен қапшықтарға салынуы тиіс. Заттар мен азық-түлігі бар әрбір орынға аты-жөні, әкесінің аты, тұрақты мекен жайы мен эвакуацияланатын ақырғы орны жазылған бирка бекітіледі.
    • Ересектерде өзімен бірге мынадай құжат түрлері болуы тиіс: төлқүжат, әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітірген жөнінде диплом, неке куәлігі мен балалардың тууы туралы куәлігі.
    • Таратып орналастырылатын және эвакуацияланатын адамдар қала сыртындағы аймаққа жіберілуі тиіс, ол үшін оларға алдын ала хабарланған жиналынатын эвакуациялау пунктке бекітілген уақытта жиналулары тиіс. Егер кімде кім ауырып қалса немесе жиналу эвакуациялау пунктіне қандай да бір себептермен келе алмайтын болса, туған туысқандары немесе көршілері арқылы нысанның АҚ бастығын ескертуі тиіс, АҚ бастығы ол адамды отырғызу стансасына жеткізу үшін барлық шараларды қолданады. Медициналық мекемелерде емделіп жатқан сырқат адамдар осы мекемемен бірге эвакуацияланады; ал кейбір сырқат адамдар ауруханадан шығарылады да, өз отбасыларымен бірге эвакуацияланады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды да тиісті жагдай бойынша эвакуациялауға даярлау керек.
    • Көлікке отырғызылу аяқталған соң, ешкімге вагоннан, кемеден немесе автокөліктен түсуге рұқсат етілмейді. Жол бойында ешкімге тиісті басшылардың рұқсатынсыз аялдамаларда сыртқа шығуға немесе бір вагоннан екінші вагонға өтуге, бір кемеден екінші кемеге ауысыи отыруға рұқсат етілмейді.
    • Қала сыртындағы аумаққа келген барлық азаматтар қабылдау эвакуациялық пунктерінде тіркеуден өтіп, сол пунктердің жұмыскерлері көрсеткен тұрақжайға орналасулары тиіс.
    • Таратып орналастыру және эвакуациялау бойынша келген тұрғындар жергілікті үкімет орындарының барлық нұсқауларын орындауға міндетті, сондай-ақ радиоактивті залалдардан қорғану үшін қажетті радиациядан қорғанатын баспана соғуға, жабдықтармен жабдықтауға және тұрмысқа қажетті қарапайым жағдайлар жасауға белсенс атсалысулары тиіс. Жұмыс істемейтіндер жене эвакуацияға байланысты жұмыстан шығып қалғандар жұмысқа орналасулары тиіс. Жергілікті үкімет орындарының ерекше рұқсатынсыз таратып орналастырылғандар және эвакуацияланғандар орналасқан жерлерін өз беттерімен тастап кетуге, бір елді мекеннен екінші елді мекенге ауысуларына болмайды.
    • Қаладан шаршап-шалдығып, үрейленіп келген адамдарды жылы қүшақ жайып карсы алу - оларға жаңа жерде орналасу қиыншылығын жеңуге жағдай жасайды.
    1   2   3   4   5   6




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау