3.Жұмысшыларды таратып орналастыру және эвакуациялау Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді. Уақытша көшіру шаралары: ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша; халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады; көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі. Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады. - Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
- Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:
- ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;
- азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.
- Таратып орналастыру және эвакуациялау халықты ТЖ-дан қорғаудың бір жолы.
- Таратып орналастандыру дегеніміз- ТЖ-ның бейбіт және әскери уақытта жұмысын тоқтатпайтын объектілердің жүмыстан бос ауысым жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қаладан немесе елді мекеннен қала сыртындағы аймақка ұйымдасқан түрде шығару. Бұлардың қатарына қалалардың өмір тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің адамдары да жатады.
- Эвакуация дегеніміз - қалған халықты (тіршіліктері қала сыртындағы аймаққа ауыстырылған немесе ТЖ уакытында жұмыстары тоқтатылған объектілердің адамдары және олардың отбасы мүшелері, жұмысқа жарамсыз халық) қаладан немесе елді мекеннен кала сыртындағы қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан түрде уақытша көшіру. Эвакуацияланған халық қала сыртындағы аймақта ерекше өкімге дейін болады.
- Қала сыртындағы аймаққа қалаларда болуы мүмкш қираулар аймағынан тысқары орналасқан аумақ жатады. Таратып орналастыру және эвакуациялау жоспарланған қаладағы әрбір кәсіпорынға, мекемеге, оқу орнына қала сыртындағы аймақтан халықты орналастыру аудандары бөлініп беріледі. Ол аудан жүмысшылар, қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерінің санына байланысты бір немесе бірнеше қатар орналасқан елді мекендерден түруы мүмкін. Бұл шаралар қала халқын бірнеше есе азайтады, ал бұл өз кезегінде адам шығынының аз болуына ықпал етеді.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерді жөне олардың отбасы мүшелеріи тарату және эвакуация өндірістік принцип бойынша, яғни шаруашылық объектілер желісі арқылы жүргізіледі. Ал өндіріспен байланысып халықты эвакациялау аумақтық принцип бойынша, яғни тұрғылықты жеріндегі үй басқармалары, тұрғын үй пайдалану кеңселері арқылы жүргізіледі. Балалар әдетте ата-аналарымен бірге эвакуацияланады, бірақ олар мектептер мен бала бақшалар арқылы көшірілуіде мүмкін.
- Таратып орналастыру мен эвакуациялау, көбіне қауіп-қатер төнген кезеңде жүргізіледі. Оларды қаланың және қалалық ауданның АҚ басшылары, олардың АҚ-ны басқару органдары ұйымдастырады. Эвакуация шараларын ұйымдастырумен және өткізумен шаруашылык объектілерінің АҚ басшылары мен штабтары, үй басқармаларының жетекшілері, қалаларда құрылатын эвакуациялық комиссиялар тікелей айналысады.
- Таратып орналастыру мен эвакуациялау оларды жариялаған соң қысқа мерзімде ұйымдастырылып өткізіледі. Бұл іс-шараларды жүзеге асыру үшін әскери және кідіртуге болмайтын өндірістік және шаруашылық тасымалдауларынан бос қоғамдық көліктердің барлық түрлері (темір жол, автокөлік, су), сондай-ақ жеке қолданудағы көлік пайдаланылады. Автокөліктер көбіне қашық емес аралықтарға жоспарланады. Халықтың бірқатар (әсіресе эвакуацияға жататын) бөлігі жаяу эвакуациялануы мүмкін. Бұл жагдайда басқа тасымалдардан бос жолдар бойымен немесе белгіленген маршруттармен жаяу колонналар ұйымдастырылады.
- Халықты таратып орналастыру мен эвакуациялауды ұйымдастыруға және оларды іске асыруға байланысты барлық жұмыстар объектінің АҚ бастығының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Объектідегі халықты таратып орналастыру мен эвакуациялауды басқару үшін объектіде эвакуациялау комиссиялары құрылады, ал ірі объектілерде - жиналу эвакуациялау пункттері (ЖЭП) құрылуы мүмкін. Объектінің АҚ бастығының бұйрығымен ЖЭП әкімшілігі құрылады. Объектінің эвакуация комиссиясының төрағасы болып объект бастығының орынбасарларының бірі тағайындалады.
- Халықты таратып орналастыру мен эвакуациялау ЖЭП-тер арқылы жүргізіледі. Олар үшін мектептер, клубтар және басқада қоғамдық ғимараттар бөлінеді. ЖЭП әдетте эвакуациялау маршруттарына, темір жол стансаларына, теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды жаяу эвакуациялау маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.
- ЖЭП аумағында және оған жақын маңда бір мезгілдс пункттегі адамдар жасырынатындай панахана және жасырынатын орындар дайындалуы тиіс. Әрбір ЖЭП-ке рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілсрі мен пәтерлерді иенушілсрдің кооперативтері тіркеліп жазылады.
- Таратып орналастыру мен эвакуациялауды жүргізу туралы өкім алған сәттен қалалық және қалалық ауданның АҚ-ның бастықтары мен басқару органдары эвакуациялық комиссия мен АҚ қызметтерімен бірлесе отырып белгілі бір жоспарға сәйкес кәсіпорын, мекеме, оқу орнының және т.с.с. басшыларын, ал олар өз кезегінде жұмысшыларды, қызметкерлерді, олардың отбасыларын және басқада халықты жиналу-эвакуациялау пункітіне жету уақытын құлақтандыруды жүргізеді. Халықты құлақтандыру үшін әр түрлі құлақтандырғыштар, сондай-ақ, радио, теледидар, баспа және т.б. қолданылады. Бұндай хабар алған кезде, халық жедел түрде жинальш, өзімен бірге құжаттар, ақша және аса қажетті заттарын және азық-түлік қорын алып, дәл белгіленген уақытта жиналу эвакуациялау пунктіне келуі тиіс.
- ЖЭП-те жиналған халықты тізімге тіркейді, темір жол эшелонының вагондары немесе автомобиль, кеме бойынша топтайды және белгіленген уақытта көлікке отырғызу орнына жеткізеді. ШЖО өкілдері станса әкімшілігімен бірлесе отырып адамдарды вагонға, автомашинаға, кемеге отыргызады және белгіленген тәртіпті сақтайды.
- Жаяу эвакуацняланатындардың колонналары, әдетте, ЖЭП маңында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына төжірибелі және беделді басшылар қойылады. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәулікте өтетін ара кашықтыққа жоспарланады.
- Халықты жаяу эвакуациялау бір күнде 10-12 сағат жүруге есептеліп, алдын-ала белгіленген маршруттармен жүзеге асырылады. Жаяу колонналар құрамындағы адам саны 500-ден 1000-ға дейін жетуі мүмкін. Басқаруға қолайлы болу үшін оларды 50-100 адамнан тұратыи топтарға бөлу керек. Колонналардың маршруттағы жүру жылдамдығын шамамен 4-5 км/сағ, ал колонналардыц ара қашықтығы 500 метр болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км. Жаяу жүрушілердің тынығуы үшін дамылдау қарастырылады: шағын үзіліс-30-45 мин, үлкем үзіліс-2-4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2-2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басына белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна (топ) құрамы тексеріледі, дәрігерлік көмек керсетіледі, үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі
- Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл күйін нашар сезінсе дәрігерге көріну керек.
- Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.
- Көлікте отырғанда белгіленген тәртіп пен ережені қатаң сақтап, АҚ мен ТЖ жөніндегі оргаңдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау керек және олардың рұқсатынсыз одан түсуге болмайды.
- Таратып орналастырылатын және эвакуацияланған қала халқын қабылдау және орналастыруды, сондай-ақ оларды қажет заттармен жабдықтауды ұйымдастыру үшін қабылдау эвакуациялық комиссиясы жөне қабылдау эвакуациялық пункттері (ҚЭП) құрылады. Олар өз қызметтерін АҚ-ның штабтарымен және қызметтерімен бірлесіп атқарады. Жергілікті қабылдау эвакуациялық комиссиясы қалалық-аудандық эвакуация комиссиясымен байланысып, халықты қабылдау мен орналастыру мәселесін, эшалондардың, автомобиль және жаяу колонналардың қозғалыс кестесін, эшолонмен жөнелтетін халық санын, жаяу колонналардың эвакуацияның аралық пунктерінің орнын, халықты эвакуацияның аралық пунктінен пәтерге жайғасатын ауданға тасымалдайтын көліктің түрі мен санын, сондай-ақ халықты жабдықтау мен қызмет көрсету мәселелерін белгілейді.
- Аудандық қабылдау эвакуация комиссиясыныц нұсқауы бойынша, қаладан келетін халықты қабылдау үшін, қабылдау эвакуация пункттерін ұйымдастырады. Қабылдау эвакуация пункттері станса төңірегіндегі мектептерде, бала бақшаларда, клубтарда және басқада қоғамдық ғимараттарда жарақталады. Олар келген халықты қарсы алып, елді мекендерге бөледі, алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, адамдарды пәтерге жайғасатын орынға жөнелтуді ұйымдастырады.
- Халықты азық-түлікпен және алғашқы кезектегі қажетті нәрселермен қамтамасыз ету, жергілікті сауда және тамақтандыру қызметіне жүктеледі. Алғашқы екі тәулікте адамдар өздерімен бірге әкелген азық-түлік қорларымен тамақтануы тиіс.
- Халық орналасқан жерде коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету жергілікті мекемелерге жүктеледі. Олардың саны қаладан көшіріліп әкелінген сәйкес мекемелер арқылы көбейтілуі мүмкін. Сондай-ақ эвакуацияланған халықтың ішіндегі әртүрлі коммуналдық-тұрмыстык мамандарында жұмысқа тарту керек.
- Жұмысшылар мен қызметшілер зақымдану ошағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды орындайтын құрамалардың қатарына тез жететіндей жағдай жасап орналастырылады.
|