Қарапайым жайлар Мұндай жайлар деп ашық немесе жабылған ұзынша орларды айтады. Бұлар негізінен ядролық жарылыс кезіндегі жарық сәулелерінен ауа қысымынан, аздап радиоактивті сәулелерден, қорғайды. Ауылдық елді мекендерде салынады. Радиоактивті сәулелерден қорғайтын жайлардың сиымдылығы 10-12 адамға, кей жағайларда 100-150 адамға арналып салынады. Қандай жағдайларда адамдарды қорғау үшін пайдалануға болатындығын плакаттар бойынша түсіндірген тиімді. Азаматтық қорғаныс жүйесіндегі мамандардың ойынша адамдарды қорғау жайларымен қатар жеке адамдар қорғанатын құралдармен қамтамасыз ету арқылы, адамдарды қарулар әсерінен қорғау адам шығынын болдырмауға болатындығын мәлімдеуде. 2Жеке адамдардың тыныс алу органын, қорғауға арналған құралдар. Мүмкіндігінше халық, жұмысшылар арнайы өндірістерде дайындалып шығарылатын тыныс алу органдарын қорғайтын құрылдарымен қамтамасыз етулері тиіс, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда қарапайым тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарды үй жағдайында да дайындауға болады. Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарға противогаздар (ГП-5, ГП-4У) үлкен адамдарға (ДП -бм, ДП-б) балаларға, жасөспірімдерге арналған құралдар және емшек жасындағы балаларға (КЗД-1) арнайы қорапша (камералар) жагады - Сүзу принципінде жұмыс істейтін противогаздарға ГП -5, ГП -4у, ДП -бм, ДП-б т.б. противогаздар жатады. Айналадағы ауаның көмегінсіз жұмыс істейтін противогаздарға ИП-40, ИП-46м, ИПСА т.б. противогаздар жатады,. Бұл құралдардың барлығы адамдардың тыныс алу органдарын радиоактивті, химиялық, бактериологиялық аэрозольдерден басқа да адам организімдеріне кері әсерін тигізетін шаң тектес заттардан қорғауға арналған. Адамдардың тыныс алу органдарын қорғайтын құралдармен қатар, адамдарың денесін улы заттардан қорғайтын киімдер қолданылады. Оларға: жеңіл қорғағыш костюм, қорғағыш комбинезон, жалпы әскери комплектер жатады. Бұл құралдардың құрамына қандай киімдер кіретінін, размерін Егоровтың, Атаманюктің «Азаматтық қорғаныс» кітабынан қараңыздар (3 және 5 бөлім). Құралдармен, киімдермен ең алдымен азаматтық қорғаныс жүйесінің «ТЖ»-да адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін арнайы топ мүшелері қамтамасыз етіледі, содан кейін барып қалған халықтар, жетіспеген жағдайда халық өздеріне қарапайым құралдар мен киімдер қамтамасыз етулері тиіс.
- Жоғарыда аталған екі тәсілмен қатар халықтарды, жұмысшыларды жаппай қырғыннан қорғау тәсілі болып кәсіпорындар жұмысшыларын, қала халқын сирету мақсатында қаладан қала сыртындағы қауіпсіз аймаққа, елді мекендерге ауыстыруға болатын кәсіпорындардың жұмысшыларын соғыс қимылдары басылып болғанға дейінгі уақытқа көшіру болып табылады. Бұл тәсіл, яғни халықты, жұмысшыларды қорғау шараларын жургізу үшін 2 тәуліктен кем емес уақыт қажет екендігі ескерілуі тиіс.
|