Б. П. Тризна ақсу-жабағлы қорығын қҰрушы әрі дамытушы



жүктеу 58,5 Kb.
Дата11.02.2020
өлшемі58,5 Kb.
#28752

Б.П.ТРИЗНА - АҚСУ-ЖАБАҒЛЫ ҚОРЫҒЫН ҚҰРУШЫ ӘРІ ДАМЫТУШЫ

Тағдырдың тәлкегімен өңірге келіп қалған немесе құғынға ұшырағандардың арасында өлкемізде абыроймен еңбек еткен қаншама адамдар өтіпті. Біз қазақтар бүгінде «...қазақ, қазақ» дегенді дағдыға айналдырып алған секілдіміз. Музей, қорық, өндіріс орындары, яки көпір секілді ірі құрылыстарды кімдер салды? деген сұраққа жауап іздесек, оған тек қазақтар емес басқа ұлттың өкілдерінің де сүбелі үлес қосқандығына көз жеткіземіз. Оған Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағаттағы құжаттар куәлік беріп отыр.

Өлкетанушы, мұражайын ісін құрушы, өңіріміздің табиғатын қорғау ісінде зор із қалдырған, оңтүстікті өзінің екінші отаны деп санаған, көрнекті қайраткер Борис Петрович Тризна (1867-1937) солардың бірі болғандығына көз жеткізуге болады. Орта Азияның табиғатын танушылар Б.П.Тризнаны жақсы біледі. Ол 1867 жылы Киевте дворян отбасында туылыпты. Санкт Петербор қаласында әскери училищеде оқып жүрген кезінде С.Халтурин, А.Желябов, Г.Лопатиндердің «халықшылдар» тобында үгіт жұмысын жүргізді деген айыптауға ұшырайды. «Халықшылдардың» үстінен болған сот аяқталған соң, оны 1887 жылы Ташкентке қатардағы солдат ретінде құғындап жібереді. Кейін келе ол подполковник дәрежесіне дейін көтерілген. Иә, Патшалық Ресей заманында Түркістан өлкесіне, «еркін ойшылдар» мен «бүлікшілер» құғындалып келді. Солардың бірі, Б.П.Тризна. Оңтүстіктің табиғатын жетік білген, украин, орыс тілдерінен басқа француз, қазақ тілінде еркін сөйлеген екен.

Кеңестік тарихнамада Б.П.Тризна туралы А.Ковшарь мен А. Иващенконың «Заповед-ник Аксу-Джабаглы» атты 1982 жылы Алматы қаласындағы «Кайнар» баспасынан шыққан еңбегі, Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы туралы Көкшетау қаласынан шыққан жинақта кеңінен мәліметтер еніпті. Қазір «Южный Казахстан» газетінде тілші болып істейтін Л.Ковалева оңтүстіктің арғы-бергі дамуына елеулі үлес қосқан славян текті тұлғалар туралы мақалаларынан оқуға болады.

Қорықты құру идеясы белгілі гидробиолог А.Л.Бродскийге тиіселі екен. Ол 1920 жылы Жабағлы мен Ақсу өзенінің жоғары ағысын аралады. Екі жылдан кейін бұл жерлерді Ташкент университетінің профессорлары Д.Н.Қошқаров, Е.П.Коровин, М.В.Култаисов, М.Г.Попов және Н.А.Димолар келіп зерттеді. Олар территорияның құндылығына көз жеткізді. Б.Тризна да аталған ғалымдар мүше болып табылатын көне заттар мен өнер туындыларын қорғау Түркістан комитеті (Туркомстарис) ұйымының жұмысына белсенді араласып жүрген. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі жылдарда Сырдария губерниясында табиғат қорғау бөлімінің төрағасы, Қызылорда өлкетану мұражайының меңгерушісі қызметін атқарған.

«Ақсу Жабағлы қорығын құру туралы Қаз АССР халкомының 1926 жылы қаулысы шықты. Ол 1927 жылы РСФСР халкомының бекітуімен құрылды. «Қазақ мемлекеттік Ақсу Жабағлы қорығы» 1927 жылы Орта Азияда тұңғыш құрылған қорық болып саналады. Деректерді оқи отырып қорықты құруға белсене араласқандардың бірі Б.П.Тризна екендігіне көз жеткізуге болады. Онда, Б.П.Тризнаның мемлекеттік мекемелерге жазған хаттары, нұсқаулары мен есептері сақталған.

Туркомстарис Б.П.Тризнаны Ақсу-Жабағлы қорығына директор және Сырдария облысының табиғат қорғау қызметінің өкілі етіп тағайындау туралы нұсқауында оның жергілікті халық арасындағы зор беделіне аса мән беріпті. Онда: «Б.П.Тризна аса жауапты, ол Түркістан өңірінде бірнеше он жылдан бері тұрып келеді. Жергілікті халықтың арасында зор беделге ие. Комитет табиғатты қорғау және қорыққа бақылау жасау ісін лайықты адамға тапсырғанына сенімді. Комитетті, губерниялық атқару комитетін тұрғындар мен табиғат қорғаушылар арасында туындайтын бірқатар келеңсіздіктер мен эксцессті жағдаяттардан құтқарады» деп жазылыпты.

Б.П.Тризна қорыққа тиіселі жерді бөлу жұмысымен 1925 жылдың мамырынан айналыса бастаған. Бір жылдан соң тиісті бағаналар қойып, оған қазақ және орыс тілінде жазылған Ақсу-Жабағлы қорығының шекараларын көрсетіп белгілеп қояды. Б.П.Тризнаның талабымен флора мен фаунаны қорғауға Тянь-Шанның тау етектерінен бірнеше гектар жер бөлінеді. Қорықтың штаттық кестесінде алғашқы он жылда директор, қорықшы инструктор және бес бақылаушы, екі арнайы ат ғана болыпты. Одан бөлек екі палеонтологиялық қорықта бір-бірден жаяу бақылаушы жұмыс істеген. 1935 жылға дейін қорықта бірде-бір штатты ғылыми қызметкер болмапты. Қорықтың штаб-пәтері Шымкентте орналасты және Б.П.Тризна сонда тұрған. Екі палеонтологиялық участоктің біреу Қарабастау участогі 126 гектар, екіншісі Әулие участогі 100 гектарды жерді алып жатты. Қарабастау участогін 1924 жылы-ақ құру туралы Шымкент мұражайының меңгерушісі болып жүрген Б.П.Тризна мәселе көтеріп, ұйымдастырған болатын. Қарабастау КСРО дағы тұңғыш құрылған палеонтологиялық қорық. Мұнда Юра дәуірінен қалған өсімдіктер мен жануарлардың белгілері бар.

Б.П.Тризна басқарушы мекемелерден қорықтың тәуелсіз болуы қажет екендігін үнемі талап етіп отырған. Оның осы мәндегі облыстық халық ағарту бөлімінің атына жазылған жүрекжарды хаттарынан оқи аламыз. Айталық, жергілікті халық өкілдерінің кейбіреулері қорық аумағында мал жаюын тыймай отырғандығына шағымданып: «Қорыққа қастандық күшейіп келеді... Кеңес билігі қорықтың ғылыми-мәдени құндылықтарын сақтау үшін шаралар жасауы керек, себебі оны Еуропа біледі» деп жазыпты. Бірақ басты қауіп жеке адамдардан емес, сол жергілікті билік орындарынан туған секілді. Жазы құрғақ болған 1927 жылы Түлкібас ауданында 20 мың бас малдың жем-шөпке және жайылымға қажеттігі күрт артады. 1927 жылдың 20 маусымындағы Сырдария губерниялық атқару комитеті мынадай қаулы қабылдайды: «Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі ұсынып отырғандай 1 қыркүйекке дейін Ақсу-Жабағлы қорығында мал жаюуға рұқсат етілсін, одан басқа малға жайылым болмай отыр» делінген. Дәл осы күні Б.П.Тризна Губерниялық атқару комитетіне «Ақсу-Жабағлы қорығын мал жайылымына пайдалану мәселесі туралы» баянхат жазады. Онда: «Кеңестік Қазақстанға қызмет етіп жатқан борышыма сәйкес мен ғылыми-мәдени құндылықтарды қорғауға тиістімін... Жем-шөптің тапшылығына қажеттілікті, мал басын сақтау әрекетіне қатысты шараларға аянышты зор көңілімді білдіремін. Мен тек қорықтың міндеттері туралы салмақты ойлауларыңызды және жоюға болмайтын нәрселерді жоюға мүмкіндік бермеулеріңізді өтінемін» депті. Сонымен қатар, қорықтың жайылым аумағы 500 деятинадан аспайтыны, мұнда малды жаю жағдайды құтқармайтыны, керісінше, өсімдік әлеміне орны толмас зиян келтіру мүмкіндігі туралы дәйекті мысалдармен түсіндірген.

Б.П.Тризнаның қатынас хаты елеусіз қалмады. Қаз АССР Халкомы 1927 жылы 13 шілдеде мынадай қаулы шығарды: «Ақсу-Жабағлы қорығы ғылыми-мәдени саладан басқа мақсатқа қолданылуы тиісті емес, тіпті бір бөлігі де...» дей келе Сырдария губерниялық атқару комитеті мен халық ағарту комитетіне «Қорықта мал жаю әрекетінен құтқару үшін барлық шаралар жасалсын» делінген.

Қорықты қорғау ісінде СредАзкомстарис пен ҚазССР халкомының қолдауына ие бола отырып, 1929-1930 жылдардағы жазған есептерінде «Жыл сайын қорыққа қатысты тәртіп бұзушылық азайып келеді» деп көрсетіп отырған. 1932 жылы мамырда РСФСР дің халық ағарту комитетінің ғылым секторына жазған мәлімдемесінде: «Көзі жетпейтін-дердің көзін жеткіздік, білмейтіндерге үйреттік, табиғатты қорғау қажеттігін түсіндіруді халық бұқарасы арасында да жандандырып келеміз» деп жазады.

1932 жылы қорықты күзетушілер жыл бойына жалақы ала алмайды, оған сол жылдары белең алған аштық себеп болу керек. Аштық туралы өз есебінде бір ауыз айтпайды. Ол: «Мен бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болып отырмын. Мен күзетшілерге қорғауда тұрған аудандағы жерлерден қабан мен арқарларды атуға рұқсат беріп отырмын. Себебі рұқсат берген аудандарда қабандар мен текелер астық егілген егістерге зиянын жеткізіп отыр. Азық-түлік тапшылығын көріп отырмыз. Олар астындағы жеке жылқыларын жеп қойды. Есекпен күзетуге мәжбүр. Кейде жаяу жүріп күзетеді..» деп жазыпты.

Б.П.Тризнаның қызметі тек қорықты қорғау ісіне арналмаған. Қорықтың міндеттері туралы ғылым бөліміне жазған хатында: Біріншіден, Тян-Шань тауының бір бөлігі Талас Алатауын сақтау; екіншіден, Батыс Тянь-Шанның табиғатына ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қолайлы жағдай жасау; үшіншіден, Шымкент облысының оңтүстік - шығыс бөлігінің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібіндегі негізгі және ағымдағы мәселелерін ғылыми-техникалық жағынан шешу. Үш мәселе де қорықтың ландшафтын, оның флорасы мен фаунасын сақтау қажеттілігіне арналғандығын аңғаруға болады.

Қорықта жүргізілген ғылыми жұмыс туралы айтқанда Б.Тризна табиғатты зерттеудің жаңа әдістерін игеруге көңіл аударғандығын көреміз. Яғни экологиялық, биоценологиялық бағыттарды қолдану қажет болған екен. Табиғатты сақтау және оның ресурстарын рационалды түрде пайдалануға үндеген. 1935 жылы қаңтарда жаңа құрылған Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қорықтар туралы комитетіне зоолог, ботаник, лаборант немесе аспирант бөлу туралы ұсыныс хат жолдапты. Сонымен қатар, метеоролог-күзетші, гидролог, ирригатор-практик секілді мамандарды жіберуді ұсынған екен. Бірақ Б.Тризнаның бұл жазғандарын ол кезде жүзеге асыру мүмкін емес болатын. Ол уақытта қорықты қорғау ісінің штаттық кестесінде тек директор, бөлек-бөлек участоктарды бақылаушы- күзетшілер ғана болыпты. Бірақ ол өз ойларының келешекте жүзеге асатынына сеніммен қараған. Егер оған сенімді болмаса ғалым-қайраткер, өлкетанушы бола алмас еді. Дегенмен, 1935 жылы жазда ботаник А.П.Масальский келіпті.

Б.П.Тризна қорыққа басшылық еткен жылдары оның аумағы 30 545 гектардан, 1937 жылы 69826 гектарға, 1948 жылы 75043 гектарға жеткен. Бүгінде қорық аумағы 128 мың 118 гектарды алып жатыр.

Б.П.Тризна өзінен кейін жақсы естеліктер қалдырды. Оның тәрбиесін көрген бірқатар күзетші-егерлер П.Л. Дымович, Е.Устименко, Т.Бурибаевтар Б.Тризнамен бірге 1920 жылдардан бірге қызмет етіп, өмір бойы қызметін қалтықсыз абыроймен атқарған екен. Кейіннен қорыққа ғалымдар Е.А.Жирмунский, Б.С.Серикбаева, А.С.Одинцовтар директор болды.

Мұрағаттағы М.Тынышпаев, М.Шоқай туралы деректердің ішінен Б.Тризна туралы мәліметтер кездеседі. Айталық, Черняев уезінде 1916 жылы шілде айында халықтың толқуы байқала бастағанда, олардың арасына подполковник Б.Тризна өз отрядымен барып кездескен. Жергілікті халық алғашында оны «достық емес пейілмен» қабыл алған. Б.П.Тризнаның байсалдылықпен қазақ тілінде жүргізген түсіндіру жұмысынан кейін, оны халық құрметпен шығарып салған екен.Ол 1916 жылы Черняев уездінің комиссары қызметінде болған. Уақытша үкімет тұсында Б.П.Тризна Сырдария облысының комиссары қызметін 1917 жылдың 19 сәуірінен Шымкентен Ташкентке ауысып атқарған. Сырдария облысының Кеңесінің мәжілістеріне жүйелі қатысып отырған, ол кеңеске М.Шоқай да мүше болыпты.

Қорыта айтқанда, 1920 жылдан Шымкенттегі өлкетану мұражай меңгерушісі. Қызылорда өлкетану мұражайын құрушы, 1926-1936 жылдары Ақсу Жабағлы қорығының директоры болған. Оның бастамасымен Әзірет Сұлтан кесенесін қорғау комиссиясы және Қабылсай қорығы, екі палеонтологиялық қорық құрылыпты. Мұрағаттағы құжаттардағы деректерде осы уақыт аралығында РСФСР халық ағарту халкомы, Сырдария облысы атқару комитеті төрағасы, Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ, бүгінгі Ташкент мемлекеттік универсиеті) профессорларына, ҚазССР халық ағару халкомы ғылым бөлімі секілді мекемелермен үздіксіз хат аламасып, есеп беріп отырған. Хаттарында, есептерінде табиғи қорық құру, оны қорғау және оның жұмысын дамыту болыпты. Бұл оның өлкедегі жүзеге асырған зор еңбегі және оның бұрыннан ойластырған арманы болды деуге толық негіз бар. Бұл аумақ кейіннен табиғаттанушы көптеген ғалымдардың зерттеу жүргізетін мекеніне айналып кеткен.



Б.П.Тризна 1936 жылы құпия жағдайда жоғалып кетеді. Ол туралы кейіннен ешқандай мәліметтер кездеспейді. Орта Азияның фаунасын зерттеуші Н.А.Зарудный оның еңбегін жоғары бағалап, бірнеше құстардың атын оның атымен атапты.

Бахадыр Айтай

ОҚМПИ дің аға оқытушысы, т.ғ.к.
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау