Құттықтаймыз!
Жұлдызжорамал
9
12
2
Жаңа жылды
жаңа үйде қарсыламақ
Орал өңірі
Орал өңірі
Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен
бастап шығып келеді. 1968 жылы
"Құрмет Белгісі" орденімен
марапатталған
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАЯСИ ГАЗЕТ
– 4
0
С
– 7
0
С
СЕНБІ,
30 желтоқсан 2017 жыл
№155 (20564)
www.oraloniri.kz
www.facebook.com/oraloniri
oral_oniri@inbox.ru
www.facebook.com/zhaikpress
twitter.com/zhaik_press
www.instagram.com/zhaikpress
www.zhaikpress.kz
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлігіміздің арқасында өтіп бара жатқан 2017 жыл өңіріміз
үшін жемісті жыл болды. Әсіресе, өңірімізде мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары
аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, облысымызда 500 шақырымға жуық жолға ас-
фальт төселіп, 12 ауданының 60тан астам елді мекеніне таза ауыз су, алты ауданның 35 ауылына көгілдір
отын жетті.
Кез келген отбасы үшін ең маңыздысы – өз баспанасы екені анық. Бұл орайда облыс көлемінде 300 мың
шаршы метр тұрғын үй салынып, 1500 отбасы Жаңа жылды өз шаңырақтарында қарсы алуда.
Биылдың өзінде бірнеше білім беру және денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді. Ондаған
әлеуметтік жобалар сәтті жүзеге асты. Бизнеске қолайлы жағдай жасалып, инвестициялық жобалар қолға
алынды. Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда. Өз өнімдерін экспортқа бағыттаған бірнеше
кәсіпорын ашылғанын да ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ биылғы жылы цифрландыру бағытындағы
жұмыстар ерекше серпін алды. Облыс орталығы – Орал қаласын «Смарт сити» тұжырымдамасы бойынша
дамытудамыз. Ал Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өздеріңіз ерекше қолдау көрсеттіңіздер.
Үш батысқазақстандық «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар облыс орталығында
«Рухани жаңғыру» музейінің ашылуы да айтулы оқиға. Оған өлкеміздің тарихынан сыр шертетін құнды
жәдігерлер қойылды. Бұл орайда жергілікті жанашыр кәсіпкерлердің қолдауы ерекше.
Атқарылған істің барлығы өңір халқының ынтымағы мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
көреген саясатының нәтижесі екені сөзсіз.
Жаңа жылда барша адамзат жақсылыққа үміт артады. Енді бірер күнде табалдырықтан аттап, төрге шығар
2018 жыл бүкіл қазақстандықтармен бірге қасиетті Жайық елі үшін де ерекше жыл боларына сенім зор.
Халқымызда «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!» деген таным-түсінік бар. Олай болса, 2018
жыл жасампаз істердің, жарқын жетістіктердің жылы болғай!
Жаңа жыл елімізге береке, әр шаңыраққа ырыс-құт әкелсін!
Әрқайсыңыздың деніңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен арман-тілектеріңіздің орындалуын
тілеймін!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ізгі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. КӨЛГІНОВ
Кеше Зеленов ауданына
қарасты Асан ауылында
жаңа мешіт салтанатты түрде
ашылды. Облысымызда 45
мешіттің бірі саналатын бұл –
Аллаға құлшылық орны осы
аудандағы үшінші мешіт.
Салтанатты шарада облыс
имамдары атынан осы мешіттің
салынуына мұрындық болған
Асановтар әулетіне шын жүрек-
тен алғыс білдіремін. Осы ізгі
ниетті кейін жамағат қолдап,
көмек қолын созды. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» деп атам
қазақ бекер айтпаған. Бұл бүкіл
жамағаттың, әрбір азаматтың
еңбегі. Игі іске көмектескен
азаматтарға Алла разы болсын!
Мешітіміз имандылықтың орда-
сы болсын! Имамдар жамағат-
пен қоян-қолтық жұмыс жасап,
ата-бабамыз ұстанған Ханафи
мәзхабын ұстануға мың да бір
себебін тигізеді деп білемін. Дұ-
ға-ниетімен келіп жүрген исі
мұсылманға үлкен нұсқау болу-
ға нәсіп етсін. Бұл мешіт қала-
ның алтыншы және тоғызыншы
шағынаудандарының тұрғында-
рына өте ыңғайлы. Биылғы
жылды осындай жақсы жаңа-
лықпен аяқтап, болашақта со-
ның ізгілігін көре берейік, –
деді Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының БҚО бо-
йынша өкіл имам Руслан Сұл-
танов.
– Имандылық ұйыған мекен-
нің ашылуы барысында осы ны-
санның салынуына әрі дәстүрлі
дінімізді насихаттауға өзіндік
үлес қосқан бірнеше адам Қа-
зақстан мұсылмандары діни бас-
қармасының төрағасы, Бас мүф-
тидің және облыстық өкіл имам-
ның алғысхатымен марапаттал-
ды.
Бұл мешіт құрылысына қа-
жетті үлкен көлемді қаражат Ма-
рат Асанов басқаратын «Мар-
Эль» шаруа қожалығынан бөлін-
ген.
– 2014 жылы жобасы әзір-
ленген мешіт құрылысын 2015
жылы бастап, биыл қыркүйек
айының соңында аяқтадық. Құ-
рылысқа көмектескен барша
кәсіпкер мен ауыл тұрғындары-
на алғысымды айтамын. Мешіт
160 орынға есептелген, – дейді
аталмыш шаруа қожалығының
инженері Серікқали Бекташев.
Асан ауылдық мешітінің бас
имамы Мұратбек Жахатовтың
айтуынша, мұнда қазір үш адам
жұмыс жасайды. Алдағы уақытта
тағы да бірнеше адам жұмысқа
алынбақшы. Еліміздегі басқа
мешіттер секілді мұнда да діни
сауат ашу сабақтары жүргізіле-
тін болады. Танымал азамат,
еңбек ардагері Абат Есенғалиев
асандықтардың атынан мешітті
салған жандарға ризашылығын
білдірді. Лента қию рәсімінен
соң, мешітте алғашқы жұма на-
мазы оқылды.
Ясипа РАБАЕВА,
«Орал өңірі»
Асан ауылында жаңа мешіт
Құрметті
Ақ Жайық жұртшылығы!
Өтіп бара жатқан жыл жалпы
еліміз үшін табысты да берекелі,
түрлі саладағы жетістіктер мен
жағымды жаңалықтарға толы бол-
ғаны белгілі. Жыл сайын біз бұл
мерекені ерекше толқыныспен
қарсы алып, іштей жарқын тілек-
терімізді ойлап, болашаққа ба-
тыл жоспарларымызды құрамыз.
Мұның бәрі еліміздегі тыныштық
пен тұрақтылықтың, бірлік пен
сыйластықтың салтанат құруының
арқасында мүмкін болып отыр.
Жерлестер, сіздерді Жаңа жыл
мерекесімен құттықтай отырып,
еліміздің, ұрпақтарымыздың жар-
қын болашағы үшін қашанда ас-
панымыздың ашық болуына, бақ-
дәулетіміздің артуына, қазақстан-
дықтардың ынтымақ-бірлігі онан
әрі нығая түсуіне және барлық
ізгі ниеттердің орындалуына ті-
лектестік білдіреміз!
Батыс Қазақстан облысы
Қазақстан халқы
ассамблеясының кеңесі
Құрметті
Батыс Қазақстан
облысының
тұрғындары!
Жолаушы
тасымалдауға
лицензия алдыңыз ба?