Сабақ тақырыбы: В. Сухомлинский. Ақ шаш Ғ. Орманов. Ана



жүктеу 35,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі35,5 Kb.
#19992
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:    В.Сухомлинский. Ақ шаш    Ғ.Орманов. Ана
Жалпы мақсаты:    Оқушылардың  мәтінді және  «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету; оқу дағдысын қалыптастыру,түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру;сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты:    Сын тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс жасау, оқушылардың  мәтінді және  «Ана» өлеңін түсініп оқып, негізгі ой түйінін таба білуге үйрету; оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін    қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыландыру;сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып, мейрімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу
Сілтеме, көрнекіліктер:      оқулық,  оқыту әдістемесі, автор суреттері, тақырыпқа арналған суреттер, парақшалар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, ана туралы ақын-жазушылардың сөздері, бағалау бетшесі,  
Оқу нәтижесі:    -    оқу дағдысы қалыптасады; 
-    түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге дағдыланады; 
-    сөздік қоры, тіл байлығы дамиды;
Әдіс-тәсілдер:    Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, басқару және көшбасшылық, бағалау
Негізгі ой, идея:    «Ана жүрегі  теңізден терең»
Тапсырма көздері:    Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс
Тәрбиелік мәні:     мейірімділікке, ананы сыйлауға тәрбиелеу
Кейінгі тапсырма:    ана туралы өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер 
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу. -Үлкенге де «сіз»,
                          Кішіге де «сіз»,
                          Бас иеміз сіздерге
                          Құрметпенен біз!
2. Психологиялық дайындық
Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық  жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: -Күн жарығын алақанға саламын,
                  Жүрегіме басып ұстай қаламын.
                  Мейірімді анам болса қасымда
                  Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
3.Топқа бөліну
І-топ: «Шуақ»
ІІ-топ: «Жылу»
ІІІ-топ: «Мейірім»
ІҮ-топ:  «Шапағат»
4. Кезекші мәліметі
5. Топ ережесімен таныстыру, топ басшысын сайлау.   
                                1.Мұғалімге бағыну
                                2.Уақытқа бағыну
                                3.Бір-бірімізді тыңдау
                                4.Сыйластықта болу
                                5.Мадақтау
6. Оқу-құралдарын дайындау.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келетін талапқа.
Бар ма үйден дайындық?                              Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым жеп, 
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
7. Бағалау бетшесін тарату.

р/с    аты-жөні    өзін-өзі бағалау    топтық бағалау    жиынтық бағалау


1.                
2.                
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.С.Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі бойынша топтар бір-біріне сұрақ қояды.
2.Әдептілік туралы мақал-мәтелдер айту.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау. Жұмбақ  шешеді.
І-топқа:-Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
ІІ-топқа:-Болар күнде алаң,
                 Жанашыр кім саған? (Ана)
ІІІ-топқа:-Егер болсаң жаман,
                  Кейитін кім саған? (Ана)
ІҮ-топқа:-Таң қалғандай ғалам,
                   Кім ең сұлу адам? (Ана)
2. Жағдаяттық сұрақтар.
І-топ: - Сен сабақтан нашар баға алып келдің. Анаң қандай күйде болады? Қандай жол тауып анаңды көңілдендіресің?
ІІ-топ:-Сен ұрлық жасадың. Анаң қандай күйде болады? Анаңның осы күйін қалай түсінер едің? Не істейсің?
ІІІ-топ: - Марат анасына жаман сөздер айтып, оның жүрегін ауыртты. Баласының осы қылығына анасы басын шайқады да қала берді. Сен орнында болсаң не істер едің?
ІҮ-топ: - Ойнап жүріп бір жеріңді қанатып немесе қатты ауыртып алдың. Сол кезде анаң қандай күйде болады деп ойлайсың? Ана жүрегін ауыртпас үшін сен не істеуің керек еді?
3.Оқулықпен жұмыс.
Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау. Дәптермен жұмыс. (күннің жады, тақырып, автор)
4. Автор туралы мағлұмат
В.Сухомлинский.  Ғ.Орманов туралы мағлұмат беру.
5.Мәтінді оқу. Сұрақтар мен тапсырмалар
–Мәтіндегі негізгі ой қандай мәселеге құрылған?
– «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» мақалы осы мәтінге қатысты  ма? Мақалдың мағынасын түсіндіріп беріңдер.
6.Сергіту сәті
7.Топтық тапсырмалар
І-топ:   Ана- кім? Сызба толтыру
ІІ-топ:  Ана туралы тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастыру. 
ІІІ-топ: Ана туралы мақал-мәтелдер айту.
ІҮ-топ:  Сурет бойынша әңгіме құрау. «Менің анам»
ІҮ. Қорытындылау. «Жүректен-жүрекке» Оқушылар жүрекше пішіндес қиылған қағаздарға анаға деген өз сезімдерін, лебіздерін жазып аналарына тапсырады.
Санжұмбақ
Жауабында ана сөзінің анықтамасы шығады. 

ана туралы әннен алынған бір сөйлем шығады


Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

т    к    м    з    е    ш    а    ң    г    л    с    п    ө    ә    р    і    д    н


16    10    18    11    17    14    1    8    12    6    2    3    4    9    5    15    13    7
 
          1. 7. 1-------   
         16. 4. 11. 15. 18. 13. 15. 6. 15. 10----------     
         3. 17. 7--------
         1. 13. 1. 18. 12. 17. 5. 14. 15. 6. 15. 10. 16. 15. 8------------    
         16. 9. 8. 15. 5. 15. 2. 15-----------
Ү.Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: «Ақ шаш» әңгімесінің мазмұнын білу. «Ана» өлеңін жаттау.    
жүктеу 35,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау