Ескертпе:
Бөлім – ол жалпы тақырыпқа негізделген, бірнеше сабақ.
Бөлімдер ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда қарастырылған әрекеттер барлық пәндер мәнмәтінде зерделенетіндей құрастырылған. Әр тоқсанда екі бөлім берілген. Тоқсанда әр бөлімге бірдей уақыт бөлінген.
Тақырыптар ұзақ мерзімді жоспарлар мен орта мерзімді жоспарларда берілген жұмыс түрлері барлық пәндер бойынша келісілетіндей етіп ұсынылады. Әрбір тоқсанда бірдей уақыт көлемі бөлінетін екі тақырыптан оқытылады.
Бөлім мазмұндарына келесі тақырыптар кіреді:
1-тоқсан – Өзім туралы / Менің мектебім
2-тоқсан – Менің отбасым және достарым/ Менің туған өлкем
3-тоқсан – Дені саудың-жаны сау / Салт-дәстүр және фольклор
4-тоқсан – Қоршаған орта / Саяхат
«Көркем еңбек» пәнінде «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерінің элементтері кіріктірілген. Оқытуды кіріктіру мақсатында осы пәндердің тығыз байланысы көзделеді. Сондай-ақ оқу жоспарында басқа пәндермен пәнаралық байланыстар бар. Барлық бөлімдерде шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға жәрдемдесетін бақылау, зерттеу, тәжірибе жасау, үлгілеу, жоспарлау және дайындау дағдыларын қоса алғанда, практикалық дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылады.
Бөлімдердің мазмұны қазақ, орыс және әлем мәдениетінің бейнелеу, сәндік қолданбалы өнері және дизайн үлгілерімен көрсетілген.
Жобаны орындау кезінде оқушылар ұғымдарды зерделеуге, осы ұғымдарды қолданатын практикалық дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ олардың жаңа дағдыларын зерделеуге, байқауға және дамытуға уақыттары жеткілікті болуы қажет. Тиісті терминология мен ескертулер білім алуды қолдау үшін үнемі пайдаланылуы тиіс, бірақ олар білімді меңгерудің табиғи үдерісінің бір бөлігі ретінде ғана көрінеді.
Мұғалімнің тапсырманы модельдеу үлгісін өзі көрсетуі маңызды. Мұғалімнің үдерістер мен әдістерді (кейде оқушыларды қатыстырумен) көрсетуі, оқушылардың пән мазмұнын түсінуіне және ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Кезеңдерге бөліп түсіндіру оқушыларға барынша тәуелсіз болуға және зерттеу мен тәуекелдерді қабылдауға қолдау көрсетеді.
Шығармашылық үдеріс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық үдерістің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.
Тұтас бөлімде де, жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын үдеріс шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлері талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім, қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөлінеді.
Оқушылар альбом пайдаланады. Сондай-ақ олар шығармашылық жұмыстарының портфолиосын жинақтауы керек. Портфолио көлемді қорытынды жұмыстардың екі өлшемді бейнелерінен тұруы мүмкін. Электрондық портфолио пайдалану ұсынылады. Ол фотосуреттерден және фильмдерден тұруы мүмкін. Портфолио орындалған жұмыстар көлемін және ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені көрсетеді.
Барлық 2-сынып әдебиетпен, музыкамен, ғылыммен және басқа танымдық салалармен байланысты. Осы бөлімде үлгі ретінде иллюстрациялар берілген; оларды әртүрлі әдістер мен материалдардың көмегімен оқыту нәтижелерін жақсарту үшін, мұғалім орынды немесе пайдалы деп санаған кезде ғана басқа материалдармен алмастыруға болады.
Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар меңгерген үдерістерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады.
Жергілікті мүмкіндіктерді пайдалану үшін оқыту икемділігі, мысалы, суретшілер мен дизайнерлерге, өнер саласындағы ұйымдарға, жергілікті көркем галереяға бару және т.б. Дәстүр, жанр, көркем стильдердің кең көлемін қамту қажет.
Практикалық жұмысқа кірісер алдында меңгеру деңгейімен жұмыстың қауіпсіз тәсілінің қолданылуын тексеру және оны практикалық жұмыс барысында бақылау қажет.
С = Бүкіл сынып
ОТ = оқушы тәжірибесі
Т = топтық жұмыс Ж = жұппен жұмыс Ө = өзіндік жұмыс
К = мұғалімнің көрсетуі
Қ = қалыптастырушы (формативтік) бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |