Сабақ: Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл Мектеп: күні



жүктеу 4,89 Mb.
бет12/18
Дата28.11.2017
өлшемі4,89 Mb.
#2315
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Сабақты қорыту.

Сабақты топтастыру әдісі арқылы,сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту.



3-слайд (Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті арқылы жаңа сабаққа қатысты сөйлемдер құрату).
Есімдік түрлерін топтастыру

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,,барлық,өз,қайсы.Сендер,қайдан,кім не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз, олар т.б.


Сабақты қорыту кезіндегі сұрақтар.

1.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

2.Сұрау есімдігіне мысал келтіріп,оны жікте.

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.



Үйге тапсырма: 103,104-жаттығулар.Берілген талабын түсіндіру.Сұрау есімдігі туралы ереже,кестелерді оқу,мысалдар келтіру.

Оқушылардың білімін бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктердің түрленуін қайталау.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың өткен тарау есімдіктердің түрленуі тақырыбынан алған теориялық білімін пысықтау; дамытушылық – оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып,ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту; тәрбиелігі – оқушыларға туыстық атаулар туралы ұғым бере отырып,алыс-жақынын тани білуге шақыру.
Сабақтың түрі:туыстық сабағы

Типі : іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру.

Оқыту формасы: топтық

Оқыту әдісі:талдау,сұрақ-жауап,шығармашылық ізденіс,кітаппен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар,жекжат-жұрағаттар атауы,үнтаспа т.б.

Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылрды тексеру.

ә) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығын қадағалау.


ІІ Үйге берілген тапсырма. «Іште пікір өлгенше ...» («Теледидар бағдарламалары туралы

Көрермен ретіндегі пікірім»).

Жасұлан «Бармысың,бауырым?» бағдарламасы туралы пікірін білдірді.Бұл бағдарламада әркім өз жақынын,туғанын іздеп жатады.

Біз бүгінгі «Туған бар,табылатын жаныңнан» тақырыбындағы сабағымызда есімдіктердің түрленуін нысана ете отырып,туыстық атаулар туралы сөз қозғамақпыз.


ІІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  1. Балалар,құдағи қалтаың не екенін білесіңдер ме? (құда болған екі жақтың бір-біріне сыйы салынған қалта)

  2. Сендерге бүгінгі сабақ тапсырмалары осы құдағи қалтадан алынады.

Көрініс.

Әзілдері жарасқан бұл екеуі кім? (нағашы-жиен)

Ендеше «Нағашы», «Жиен» тобы болып жұмыс атқарамыз.

Құдағи қалтадан алынатын алғашқы тапсырма

Кітаппен жұмыс.117-жаттығу.Мәтінді оқып,есімдіктерді теріп жазып,тұлғасына ажырату.

Мен – жіктеу есімдігі,атау тұлғасында.Ешқандай – болымсыздық есімдігі,еі түбірден құралған.Не – сұрау есімдігі,атау тұлғасында т.б. (Отырған туыстар өздерін таныстырады)
2-тапсырма. Кеспе қағазбен жұмыс.
1-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,тұлғасына талдау жасау.Сөйлемге синтаксистік талдау жсау.



Төркін – қыздың өз жұрты,туған үйі,ауыл-аймағы.

2-кеспе қағаз

Сөйлемнен есімдікті тауып,құрамын ажырату.Сөйлемге синтакистік талдау жасау.



Өзі барған сайын төркіндеген келіншек жалғыз келмейді.

3-кеспе қағаз

Оған тустары қайын жұртынан ере барған қайын інілеріне,қайын сіңілілеріне құрмет көрсетеді.
3-тапсырма. «Өз орнымдамын ба?» «берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жазу)

Мысалы: Қазақ қыз баланы «үй құты» деп отбасынд,оған сый-құрмет көрсетеді бағалап.

Дұрысы: Қазақ отбасында қыз баланы «үй құты» деп бағалап,сый-құрмет көрсетеді.
4-тапсырма. «Біріңді-бірің тыңдап ал!» Фариза Оңғарынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу,тұлғасына талдау.

І топтың 1-оқушысы ІІ топтың 1-оқушысы

Әкем- менің тәңірім, Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

пайғамбарым,ұмтылатын Хандардың да қалпағын әпермедім.

биігім,сайран бағым. Әділ шешім ататын барлық істе

Ол білмейтін дүниеде біздің үйде бас қазы - әкем менің.

құпия жоқ,

біліп алған,япыр-ай,

қайдан бәрін?!

2-оқушы 2-оқушы

Күшті де жоқ дәл ондай Әкем барда,арқам кең,жоқ

жер бетінде, алаңым,

сұлу мүсін, бір мін жоқ бәрі орнында:шаруаң,қора-малың

келбетінде!

Батыр,дана сол ғана.Асығамын Төрт жағымыз құбыла.Мен өскенде

әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. Қиындау-ау әкемдей бола аларым ...
5-тапсырма. «Ән – көңілдің ажары» (үнтспадан «Жігіттер» тобының орындауындағы «Жеңешемнің мінезі» әнін тыңдап,есімдіктерді теріп жазу,құрамын талдау.
IV. Дамыту кезіндегі тапсырма. Шығармашылық жұмыс «Менің жеңгем».
V. Бекіту. Топтастыру стратегиясы бойынша «Есімдіктің түрлену ерекшеліктері».
Қорытындылау.Сабағымызды Фариза ақынның мына өлең жолдарымен түйіндесек:
Ағаларым – асқар тау,қарлы шыңдар,

Жеңгелерім – жанымның жайлауы еді.

Інілерім – шым болат шалғысыңдар,

Сіңлі,келін – періште тілеулесім,

Барлығың да әйтеуір,бармысыңдар!
VI. Үйге тапсырма. Туыстық тақырыбында мақал-мәтелдер жазып келу.
VII. Бағалау. (Берілген бағалау парақтарына топ үлкені баға қояды)

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану,ауызша,жазбаша талдау

жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту; ә) ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту,ой қорытып,нақты шешім

жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру; б) сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу,топпен жұмыс жүргізіп,бір-бірін тыңдай білуге үйрету,сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,деңгейлік тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,орыс тілі,ағылшын биология.

Сабақтың көрнекілігі: есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер(Жиде Жеткізгеннің кестесі),сөзжұмбақ,плакаттар.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.

Үй тапсырмасын тексеру.

а) Қызығушылығын ояту

Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

Таңбашалары әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есепті шығарып,төмендегі ұяшықтарға жасырынған сөзді табайық.

Е\33 С\11 І\25 М\9 D\51 I\37 K\2

1) 11.5 + (-25) = 9 3) -12.5* (-2) = 25

2) 20.2 * 2 + (-3.4) = 37 4) -153 : (-3) = 51

3)-10.2 + 12.2 = 2 6) -44* (-2) :8 = 11

7) 99: (-9)* (-3) = 33

ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікі аспбының бірімен ұқсас есмдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктер)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен.сен)

4. Көпшіл және көңілшек

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшлікті қармайды. (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.(Болымсыздық есімдіктері)



Жаңа сабақ.

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»

«Есімдік» деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.Шақпаққа мыналарды жазсаңыздар ерекше тордағы сөзді оқисыздар.

Сұрақтары: 1. Жіктеу есімдігі (сен)

2.Сілтеу есімдігі

3.Сұрау есімдігі

4.Өздік есімдігіІ жақ (көпше түрі),тәуелденіп тұр

5.Сілтеу есімдігі шығыс септігінде

6.Белгісіздік есімдігі

7.Жалпылау есімдігі.





с

Е

н







о

с

ы







к

і

м




ө

з

і

м

м

е

н

о

с

ы

д

а

н




ә

р

к

і

м







б

ү

к

і

л




ә) Сатылай кешенді талдау.

Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат үйіне жиналды.

б) Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырма 3 деңгейден тұрады.

Файл бетіне салынған а,ә,б нұсқалары бар,тест түрінде берілген.

І деңгей 2 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма.Файл бетінежапсырма қағазға жазылған,жауаптар жапсырылған ішінде біреуі дұрыс,сол дұрыс жауапты

тауып астындағы «жауабы» деген орнына ретісен жабыстырыңыз.

Егер дұрыс жауаптар болса мақал немесе мәтел шығады.

2-тапсырма. Толықтырыңыз.

Бұл тапсырманы көп нүктенің орнына астында жабыстырма қағазбен берілген есімдіктер мен өздердің ішінен дұрысын тауып жабыстыру қажет.

ІІ деңгей.ІІ деңгейлік тапсырма 2 тапсырмадан тұрады,бірақ І деңгейден күрделі болып келеді.

ІІІ деңгей 3 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма: тест түрінде берілген.

2-тапсырма: толықтырыңыз

3-тапсырма: дөңгелек жапсырма қағаздың бетінде әріптер берілген.Осы әріптерді қатыстырып қазақ тілі саласына байланысты сөз құрауыңыз қажет.Мысалы:


в) Лото ойыны ойналады.

1.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (7-ге) Алыстан

2.Жіктеу есімдігі қай жақта тек адам аттарының орнына жүреді? (І,ІІ жақ) сермеп,

3.Жіктеу есімдіктерін ата. (мен,сен,сіз,сіздер,ол,олар) Жүректен

4.Бұл,осы,сол,ана қай есімдіктер? (сілтеу) тербеп,

5.Өздік есімдігіне бір ғана қандай сөз жатады? (өз) Шымырлап

6.Зат есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдіктерін ат.(әркім,әлдекім,әрине т.б.) бойға жайылған;

7.Сын есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдіктерін ата. (әр,әрбір,бір,кейбір,қайсыбір,қайбір) Қиуадан шауып

8.Сан есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдігі. (әлденеше,біраз,бірнеше) Қисынын тауып

9.Үстеудің орнына қлданылатын белгісіздік есімдігін ата.(әрқашан,әрқалай) Тағыны жетіп

10.Болымсывздық есімдіктерді атаңыз.(ешкім,ештеңе,ешқандай,ешқашан) қайырған

11.Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі.(жіктеу есімдігі) Толғауы тоқсан

12.Бәрі,барлық,бар,барша,бүкіл,түгел,күллі қай есімдікке жатады?(жалпылау есімдігі) қызыл тіл

13.Затты,сындық белгілі сан-мөлшерді белгісіз етіп,жорамалдап,тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі.(белгісіздік есім) Сөйлеймін десең

14.Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.(есімдік) өзің біл!

Абайдың «Сегіз аяқ» өлең жолдары шығу қажет.

г) Көру диктанты.(Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

Не Өз

есімдік есімдік



сұрау өздік

дара дара

(асты сызылған сөздерді орыс,ағылшын тілдеріне аудару керек)
1-оқушы. Тарих қана,халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!


2-оқушы. Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екіжақтап


3-оқушы. Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек.

Заманға жаман күйлемек,

Заманы оны илемек.


д) Үй тапсырмасы: «Бүкіл әлемге бейбітшілік тілеймін» атты (есімдіктерді қатыстырып) шығарма жазып келу.
е) Бағалау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Күні: 27.10.14
Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақмсаты айтылады

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбы жазылады

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру;

Көктемде


Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім.

Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып ,шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке,қап,жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.

Оның жүзі сабырлы,салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл-үстіне жыртық шекпен киген ,белін арқан жіппен буған,басында көнетоз қалпағы бар,үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды. (122 сө

Мәтінді оқып беремін,оқушылар тыныс белгілерін қояды

Тапсырма

1.Синтаксистік талдау

Ол ұзын ағашқа ілген темір ілгекпен сеңдерді серпіп қояды.

2.Морфологиялық талдау

Қалаға, қайықтың, толқындарды

Үйге тапсырма : Қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б

Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Күрделі сан есімді тап.

А) мыңдап В) елулерде С) жүз Д) екеу Е) екі бүтін оннан үш



2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мың Е) үш төрт



3. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш



4. Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау



5. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.

А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың



6. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды



7. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап.

А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. В) Екі жастың қуанышы тойланды.

С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.

Д) Екеуіне сүйсінумен өтермін. Е) Ән айтатын өнерпаздар—осы үшеуміз



8. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?

А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.

С) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.

Д) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік.



1. Күрделі есімдіктер қатарын тап.

А) күллі,барша,тегіс В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз С) қашаннан? Қайсысы?

Д) әркім, қайсыбір,ешқашан Е) мынау,осыңыз,соным

2. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап.

А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. Д) Бұлардың ойы іске аспады. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.



3. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.

А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.

Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.

4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.

А) кіміңіз? Несі? В) бұнысы,мынауымыз С) соның,анаған Д) өздерің,өзіңіз Е) барлығынан,бәрінің



5. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

А) әркім,кейбіреу,әлденеше В) олар,мен,бі С) кім, қашан, неше Д) біреу, ешбір,қайсыбір Е) бәрі,түгел,барша



6. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.

А) Еш уақытта, еш қашан В) әлде кім,әр адам С) әркім,ешқайда Д) кей ағаң, кей біреу Е) бүгін,еш теңе



7. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) анықтауыш



8. Болымсыздық есімдігін көрсет.

А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел



9. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.

А) осынау В) оған С) әрне Д) кейбіреулер Е) ештеңе



10. Дұрыс септелген есімдікті тап.

А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қайталау
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың әдісі: cұрақ-жауап, талдау, іздендіру

Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме қағаздар т.б.

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Есімдік дегеніміз не?

  2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Есімдіктер қалай түрленеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше септеледі,және жіктеледі.

Мен,сен,ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1) ілік,барыс,табыс,шығыс септіктерінде түбірдегі л,н дыбыстары түсіп қалады.

2) жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады

3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы,-і дәнекері пайда болады.

4) барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге –ған түрінде жалғанады.

Жаттығумен жұмыс: 97-жаттығу. Өлеңді оқып есімдіктерді тауып есімдіктің қай түріне жататынын түсіндіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға жіктеу есімдігін септеп жазады.

Атау. Мен сен

Ілік. Менің сенің

Барыс. Маған саған

Табыс. Мені сені

Жатыс. Менде сенде

Шығыс. Менен сенен

Көмектес. Менімен сенімен



Топтастыру стратегиясы:

Мен сен ол




Сендер біздер



Сіздер олар
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 99-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақрыбы: Есімдіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты : а) білімділік – есімдіктің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру,есімдік тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ә)Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдіктер қалай түрленеді?

3. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.



  1. Есімдіктер,әсіресе жіктеу есімдіктері,атау септікте тұрып бастауыш болады.

  2. Есімдіктер барыс, табыс,жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады.

  3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып анықтауыш болады.

  4. Есімдіктер мезгіл,мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса пысықтауыш болады.

  5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса баяндауыш болады.

Жаттығумен жұмыс: 112-жаттығу. Құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.

Топтастыру стратегиясы.
Бастауыш баяндауыш

Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Есімдіктер қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады.

  2. Есімдікті не үшін орынбасар сөз табы деп атаймыз?

  3. Барыс,жатыс,шығыс септіктерінде тұрса қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 113-жаттығу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіліміздегі мыңдаған сөздерден ойға лайықты сөз таңдап, оны басқа сөздермен тіркестіріп дұрыс сөйлем құрау оп-оңай іс емес. Оған ұқыптылық, сауаттылық қажет және үнемі жаттығу керек. Түрлі ғылым салаларына байланысты ғылыми әдебиеттерді,тарихи және педогогикалық әдебиеттерді көп оқыған кісі ойын дәл жеткізуге икемді болады.


Жаттығумен жұмыс: 120-жаттығу. Мәтінді оқып шығып сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Шығармашылық жұмыс: есімдіктерді түрлендіре отырып,сөйлем құраңдар және оған талдау жасаңдар.
Тақтамен жұмыс: Бірнеше мақал мәтелдер жазып морфологиялық талдау жүргізеді.

З.е ш.с з.е ет к. Ж.ө.ж

Еңбек/пен ер өс/е/ді

Егіз/ден төл өс/е/ді.


Жас/ың/да жалық/па/са/ң,

Қартайғанда тарықпайсың.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Есімдіктерді қатыстырып, «Өнер үшін күрес» тақырыбында әңгіме жазыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Осы шақ. Нақ осы шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып.оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді. Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай екіге бөлінеді.1. Нақ осы шақ. 2. Ауыспалы осы шақ

Нақ осы шақ қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді.

Жаттығумен жұмыс: 126-жаттығу. Мәтінді оқып шығып,нақ осы шақты білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар. Қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

Шығармашылық жұмыс: Нақ осы шақтың жалаң және күрделі түрлерін қатыстырып сөйлем құраңдар және оған талдау жасаңдар.

Тақтамен жұмыс: Күрделі нақ осы шақты жіктеп жазады.


жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ
ІІІ



Оқып отырмын

Оқып отырсың

Оқып отырсыз

Оқып отыр



Оқып отырмыз

Оқып отырсыңдар

Оқып отырсыздар

Оқып отыр





Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Нақ осы шақ қалай жасалады?

  4. Нақ осы шақтың күрделі түрі қандай жұрнақтар арқылы жасалады?



Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 127-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып,нақ осы шақты күрделі түрлерінің астын сызыңдар.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы осы шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Нақ осы шақ қалай жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыспалы осы шақ қимыл,іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: мен кел+е+мін



Жаттығумен жұмыс: 130-жаттығу. Көшіріп жазып ,ауыспалы осы шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: 131-жаттығудағы нақ осы шақты теріп жазады

2-топ: ауыспалы осы шақты теріп жазады..

Үлгі: нақ осы шақ: әкетіп жатыр

Ауыспалы осы шақ: елестейді



Тақтамен жұмыс: Ауыспалы осы шақты жіктеп жазады.


жақ

жекеше

Көпше

І

ІІ
ІІІ



Айтамын,келемін

Айтасың,келесің

Айтасыз,келесіз

Айтады,келеді.



Айтамыз,келеміз

Айтасыңдар,келесіңдер

Айтасыздар,келесіздер

Айтады,келеді.




Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 133-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Келер шақ. Болжалды келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

  3. Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Келер шақ мағынасы мен жасалуына қарай үшке бөлінеді.



Келер шақ

Мақсатты келер шақ



Ауыспалы келер шақ

Болжалды келер шақ

Болжалды келер шақ есімшенің –ар,-ер,-р болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы қосылу арқылы жасалады.

Жаттығумен жұмыс: 136-жаттығу. Көшіріп жазып ,болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.

Тақтамен жұмыс: келер,жазар көрінбес, оқыр деген келер шақ етістіктерін жекеше,көпше түрде жіктеп жазыңдар. .

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

  2. Келер шақ нешеге бөлінеді?

  3. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ойнамас, күлер, жазар етістіктерін жекеше,көпше түрде жіктеп жазады.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Мақсатты келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде мақсатты келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2. Осы шақ нешеге бөлінеді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағы жалғанып,одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын.
Жаттығумен жұмыс: 140-жаттығу. Көшіріп жазып ,мақсатты келер шақты білдіріп тұрған етістіктердің астын сызыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: шаш,оқы,сөйле,қайт деген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Тақтамен жұмыс: Мақсатты келер шақты қатыстырып бірнеше сөйлем құрап, морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 141-жаттығу. Мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді тауып,

құрамына қарай талдау жасайды.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы келер шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й, жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады.

Осы шақ Келер шақ

Ол мектепте оқиды Ол сабағын кешке оқиды

Бұл жерде ағаш өседі. Бұл жерде күтсе ғана өседі

Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.

Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдырып жазыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: баяндаймын,баяндамақпын, баяндармын деген сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеп жазыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?

5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 146 -жаттығу. Ауыспалы келер шақта тұрған етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау жасайды.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Мақсатты келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

2.Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?



Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып,істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың.

Берілген мысалдардағы бітірді,оқыдым,асқансың деген етістіктер бітіру,оқу,асу қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.


Өткен шақ


Бұрынғы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?

5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Өткен шаққа бірнеше мысалдар жазу

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Жедел өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде жедел өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жедел өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді.

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м.

Жаттығумен жұмыс: 148-жаттығу. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден жедел өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле



Тақтамен жұмыс: тақтаға жедел өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?


Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 150-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Бұрынғы өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

2.Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?

Б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.

А) бұрынғы өткен шақ –ып,-іп,-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.

Б) Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген, қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.



Жаттығумен жұмыс: 152-жаттығу. Мәтіннен бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден бұрынғы өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.

Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле,оқы,жаз, кел, ойла



Тақтамен жұмыс: тақтаға өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?

2.Келер шақ нешеге бөлінеді?

3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?

6. Бұрынғы өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 154-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы өткен шақ

Сабақтың мақсаты :

а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;

ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау