Сөзжұмбақты шеш.
Ұлттың аты
Әженің сөзі
Дауыс толқыны
Сөзді,оның мағынасын зерттейтін сала
Тиянақты ойды білдіреді
Септік атауы
Затты ажарландыра түсу үшін ұқсас затқа балау,құбылту.
5.«Кім жылдам?» ойыны. Логикалық тапсырма.
І топқа
Төмендегі сөздерден алдымен етістік,содан кейін қайтадан зат есім жасаңдар: ес,ой,жиын,бас,хабар, бір.
ІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін қайтадан етістік жасаңдар: жина,ойын,кес,теп,айт, бұр, соқ, тала.
ІІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін үндестік заңына байланысты көптік жалғауын жалғаңдар: ойна,көр,қыс,тап,тара,шай,жама,өлше,шал,кес,түс,қуан.
V. Сабақты қорытындылау:
1. Зат есімнің түрленуі дегеніміз не?
2. Көптік жалғауларын ата.
3. Көптік жалғауы қандай сөздерге жалғанбайды?
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 35-жаттығудың мақсатын толық орындау.Соңғы бес сөйлемге морфологиялық талдау.
Сабақтың тақырыбы: Септік жалғау.Жай септеу, тәуелді септеу
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға септік жалғаулары,жай және тәуелді септеу туралы мағлұмат бере отырып,олардың теориялық және тәжірибелік білім деңгейін,ой-өрісін,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін байқау және бағалау; 2) оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру,өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу тілін дамыту; 3) шапшаңдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу,халық даналығы – мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып,оқушыларды ізгі істерге баулу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдісі: хабарлау,баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Көрнекілік: сызба-кесте,жетондар,бағалау парақтары,үстел сілтемелері,топтастыру,кеспе қағаздар,диаграмма.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: а) оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; ә) сабаққа даярлықтарын тексеру.
Ой шақыру.
а) Морфология нені зерттейтін ғылым?
ә) Сөз құрамы туралы не білесіңдер?
б) Түбір мен қосымша морфема дегеніміз не?
в) Топтастыру сратегиясын негізге ала отырып жалғау мен жұрнақтың түрлеріне топтау жасаңдар (әр топқа парақ таратылады).
Қосымша
Жұрнақ Жалғау
(Жұмысын аяқтаған оқушы өз топтастыруын тақтаға сызып түсіреді)
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Міне,осы мәселеге орай 7-наурызда елбасымыздың «дағдарыстан дамуға» атты жолдауы жарияланды. Қазір осы жолдау мәтіннен алынған үзіндімен жұмыс жүргіземіз.Алдымен мәтінді оқып шығып,асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдаймыз.
Әлемнің дағдарыс жағдайында экономикалық қауіпсіздік проблемасын шешу жолдарын іздестіру әлемнің барлық елдерінде жүріп жатыр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанның әлемдік қаржы дағдарысын бірінші болып сезінгені белгілі.Түбегейлі жаңарту жоспарының бір нұсқасын Қазақстан ұсынады.Әлемдік валюталық-қаржылық жүйенің терең қайшылығы бізге оның архитектурасын реформалау жолын да анық көрсетіп отыр.
Елбасы осындай ойларды айта келе жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі жаңа әлемдік валюта болуы тиіс екендігіне сенімділігін жеткізді.
Мұндай жүйе адамзат тарихында алғаш рет әбден заңды және жария әлемдік валютаны құру үшін негіз бола алар еді.Тек қана күш жігерді біріктіру нәтижесінде ғана ЕурАзЭҚ елдерінің экономикасына төнген жаһандық дағдарыстың талқандаушы зардаптарын төмендетіп, оны еңсере және жаңа болмысты қалыптастыра аламыз.
Тек осындай қадам ғана бүкіл ЕурАзЭҚ кеңістігінде ғылымды, білім мен мәдениетті орнықты және стратегиялық дамытуды қамтамасыз ете алады.Жүйелік дағдарыстан тек қана жүйелік жаңару жолы арқылы шығуға болады.Дағдарыс біз оған сайма-сай әрекет ете бастағанда ғана аяқталатындығы анық.
а) Септік жалғаулы сөздердің астын сызып,үстіне сұрақтарын жаз.
ә) Қарамен жазылған ілік септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (әлемнің,елдерінің)
б) Табыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (валютаны,дағдарыстан)
в) Барыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (бізге,экономикасына)
г) Табыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр (ғылымды, зардаптарын)
д) Осы талданған сөздердің септеулерінде қандай ерекшелік бар?
Септік жалғауы туралы түсінігімізді кесте-сызбаны пайдалана отырып пысықтап кетейік.
Септік
|
Сұрақтары
|
Жай септеу
|
Тәуелді септеу
|
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
|
кім,не
кімнің,ненің
кімге,неге
кімді, нені
кімде,неде
кімнен,неден
кіммен,немен
|
әке,дала
әкенің,даланың
әкеге,далаға
әкені,даланы
әкеде,далада
әкеден,даладан
әкемен,даламен
|
әкем,далам
әкемнің,даламның
әкеме,далама
әкемді, даламды
әкемде,даламда
әкемнен,даламнан
|
Септік жалғауы да көптік жалғауы сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып,оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді.Септік жалғауы дегендегі «септік» деген термин «сеп» (жәрдем,көмек,дәнекер) деген ұғымды береді.Осы сөзден туған «септеу» деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі – екі нәрсені жалғау,ұластыру; екіншісі – сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгерілу жүйесі.
Қазақ тілінде мынадай септіктер бар: атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді.Сөзің қай септікте тұрғанын оның сұрағына қарай ажыратамыз.
Жаттығулармен жұмыс.
а) Тірек сөздер таратылады.Әр топ ойыншылары сол сөздерге байланысты мақал айтады.
ә) Берілген тірек сөздерге лексика-грамматикалық талдау жасау.
Кеспе қағаздармен жұмыс.
а) Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
ә) Септік жалғаулы сөздерді табыңыз.
б) Мақалға байланысты шағын әңгіме жазыңыз.
Берілген сөздерді жай және тәуелді септеңіз.
Қазақ. Жақсылық. Халық. Көңіл. Дала.
Сабақты бекіту.
Септік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) қалалық ә) мақал-мәтелдер б) оқушыларым в) оқығансың г) оқығанға
Тәуелді септеуді табыңыз.
а) кітапты ә) қаламмен б) айтқаннан в) бесікте г) даланың
Берілген сөздер қай септік жалғауын қабылдап тұр?
а) барыс ә) шығыс б) жатыс в) көмектес г) табыс
Шығы септік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) қарамастан ә) келгенімен б) көргенін в) қалада г) әкесіне
Кімді,нені,кімін,несін сұрақтары қай септікке тән?
а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс г) көмектес.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері
Сабақтың мақсаты – білімділік: оқушыларға сөз тіркесінің түрлері туралы мағлұмат беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту, теориялық білімін практикамен ұштастыру
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту
Сабақтың тәрбиелік мәні: орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, тест
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысымын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Биылғы мерейтой иелерінің өлеңдерін жаттап келу
1) Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – 120 жыл
2) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – 120 жыл
ІІІ. Өтілген материялдарға арналған сұрақтар қою.
Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялыр білімін тексеру)
грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
сөздің байланысу тәсілдері қандай?
сөз тіркесі дегеніміз не?
күрделі сөз дегеніміз не?
тұрақты тіркес дегеніміз не?
IV. Жаңа сабақ
Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі
Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: Жаңа киім, айтуға құштар, оның екеуі, менің бұным.
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: Жел соқты, соғыс аяқталды, сурет салды.
253 – жаттығу. Сөз тіркесін тауып, байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар. (тақтамен жұмыс)
254 – жаттығу. Мәнерлеп оқып шығыңдар. Сөз тіркесінің түрлерін ажыратыңдар. (ауызша)
Мақал – мәтелдерден сөз тіркесінің түрлерін табыңдар
Татулық – шаңырақ шаттығы,
Ынтымақ – көңілдің пәктігі.
Ұяты бар ертеңін ойлаңды,
Ұятсыз әдетін қоймайды.
Жақсының сәлемі жоғалмайды,
Жаманның пәлегі оңалмайды.
Өсиет айту – нұрға батырады,
Өсек айту – күнәға батырады.
Жомарттық – жоғалмас қасиет,
Жамандық – жазылмас қасірет.
І. Деңгейлік тапсырма
Синтаксистік талдау жасаңдар.
Мен келесі көшеде тұрамын.
Көп үйлердің терезелерінің оты сөнген.
Амантайдың оқушыға көмектескісі келеді.
Мен бұл әңгімені инженерге айттым.
Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме айтты.
Келген ізімен қаладан шығып кетті.
ІІ. Деңгейлік тапсырма
Сөз тіркесін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңдар.
Кең бөлме, су жүрек, жүз жиырма бес, әдемі қыз, жүрек жұтқан, бара жатыр, жер шары, соғыс аяқталды, бесіктің үсті, бармағын тістеді.
Сөз тіркесі
|
Тұрақты тіркес
|
Күрделі сөз
|
|
|
|
ІІІ. Деңгейлік тапсырма
Мына сөздерге басыңқы сөз тіркеп есімді тіркес жасаңдар.
Қара ... , оқыған ... , жақсы ... , жаңа ... , жайнаған ... , мейірімді ... , сұлу ... , шөкім ... , суық ... , еңбектенген ... .
V. Шығармашылық тапсырма
1) Үнтаспадан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен – қазақ» өлеңдерін тыңдатып, сөз тіркесінің түрлерін тапқызу.
2) Мына сөйлемдегі етістіктерді рай түріне жіктеп жазыңдар
Ашық рай
|
Бұйрық рай
|
Шартты рай
|
Қалау рай
|
|
|
|
|
Бөгемеңдер, жол беріңдер. 2) Абайдың бұл ауылдан к0еткісі келмеді (М.Ә.) 3) Бал салмаса, ара қасиетсіз. 4) Анаңа ауыр сөз айтпа. 5) Амантайдың жігітке көмектескісі келді. (С.М.) 6) Менімен сөйлессін, осында алып келіңдер.
VI. Сабақты қорытындылау
ТЕСТ
«Синтаксис» сөзі қай тілден енген?
а) араб
ә) грек
б) латын
2. Синтаксис нені зерттейді?
а) сөз табын
ә) сөз мағынасын
б) сөз тіркесі мен сөйлемді
3. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді
а) 4
ә) 3
б) 5
4. Қиысу қандай сөйлем мүшелерінің арасында болады?
а) анықтауыш пен баяндауыштың
ә) бастауыш пен баяндауыштың
б) толықтауыш пен бяндауыштың
5. Сөз тіркесі неше сыңырдан тұрады?
а) 1
ә) 3
б) 2
6. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
а) бұны көрді
ә) келген адам
б) бүгін айтты
7. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз
а) шамның сәулесі
ә) торы аттың
б) іркілмей айтты
8. Сөйлем деген не?
а) тілдің аяқталған ойды білдіретін ең кіші бөлшегі
ә) жеке ұғымды білдіреді
б) грамматикалық қарым-қатынасты білдіреді.
9. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет
а) -ар, -ер, -р
ә) -ып, -іп, -п
б) –мақ, -мек, -пақ, -пек
10. Етістіктің райлары нешеге бөлінеді
а) 6
ә) 5
б) 4
VII. Оқушыларды бағалау
VIIІ. Үйге тапсырма: газет-журналдардан сөз тіркесінің түрлерін теріп жазу.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері
Сабақтың мақсаты – білімділік: оқушыларға сөз тіркесінің түрлері туралы мағлұмат беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту, теориялық білімін практикамен ұштастыру
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту
Сабақтың тәрбиелік мәні: орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, тест
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысымын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Биылғы мерейтой иелерінің өлеңдерін жаттап келу
1) Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – 120 жыл
2) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – 120 жыл
ІІІ. Өтілген материялдарға арналған сұрақтар қою.
Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялыр білімін тексеру)
грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
сөздің байланысу тәсілдері қандай?
сөз тіркесі дегеніміз не?
күрделі сөз дегеніміз не?
тұрақты тіркес дегеніміз не?
IV. Жаңа сабақ
Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі
Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: Жаңа киім, айтуға құштар, оның екеуі, менің бұным.
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: Жел соқты, соғыс аяқталды, сурет салды.
253 – жаттығу. Сөз тіркесін тауып, байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар. (тақтамен жұмыс)
254 – жаттығу. Мәнерлеп оқып шығыңдар. Сөз тіркесінің түрлерін ажыратыңдар. (ауызша)
Мақал – мәтелдерден сөз тіркесінің түрлерін табыңдар
Татулық – шаңырақ шаттығы,
Ынтымақ – көңілдің пәктігі.
Ұяты бар ертеңін ойлаңды,
Ұятсыз әдетін қоймайды.
Жақсының сәлемі жоғалмайды,
Жаманның пәлегі оңалмайды.
Өсиет айту – нұрға батырады,
Өсек айту – күнәға батырады.
Жомарттық – жоғалмас қасиет,
Жамандық – жазылмас қасірет.
І. Деңгейлік тапсырма
Синтаксистік талдау жасаңдар.
Мен келесі көшеде тұрамын.
Көп үйлердің терезелерінің оты сөнген.
Амантайдың оқушыға көмектескісі келеді.
Мен бұл әңгімені инженерге айттым.
Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме айтты.
Келген ізімен қаладан шығып кетті.
ІІ. Деңгейлік тапсырма
Сөз тіркесін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңдар.
Кең бөлме, су жүрек, жүз жиырма бес, әдемі қыз, жүрек жұтқан, бара жатыр, жер шары, соғыс аяқталды, бесіктің үсті, бармағын тістеді.
Сөз тіркесі
|
Тұрақты тіркес
|
Күрделі сөз
|
|
|
|
ІІІ. Деңгейлік тапсырма
Мына сөздерге басыңқы сөз тіркеп есімді тіркес жасаңдар.
Қара ... , оқыған ... , жақсы ... , жаңа ... , жайнаған ... , мейірімді ... , сұлу ... , шөкім ... , суық ... , еңбектенген ... .
V. Шығармашылық тапсырма
1) Үнтаспадан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен – қазақ» өлеңдерін тыңдатып, сөз тіркесінің түрлерін тапқызу.
2) Мына сөйлемдегі етістіктерді рай түріне жіктеп жазыңдар
Ашық рай
|
Бұйрық рай
|
Шартты рай
|
Қалау рай
|
|
|
|
|
Бөгемеңдер, жол беріңдер. 2) Абайдың бұл ауылдан к0еткісі келмеді (М.Ә.) 3) Бал салмаса, ара қасиетсіз. 4) Анаңа ауыр сөз айтпа. 5) Амантайдың жігітке көмектескісі келді. (С.М.) 6) Менімен сөйлессін, осында алып келіңдер.
VI. Сабақты қорытындылау
ТЕСТ
«Синтаксис» сөзі қай тілден енген?
а) араб
ә) грек
б) латын
2. Синтаксис нені зерттейді?
а) сөз табын
ә) сөз мағынасын
б) сөз тіркесі мен сөйлемді
3. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді
а) 4
ә) 3
б) 5
4. Қиысу қандай сөйлем мүшелерінің арасында болады?
а) анықтауыш пен баяндауыштың
ә) бастауыш пен баяндауыштың
б) толықтауыш пен бяндауыштың
5. Сөз тіркесі неше сыңырдан тұрады?
а) 1
ә) 3
б) 2
6. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
а) бұны көрді
ә) келген адам
б) бүгін айтты
7. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз
а) шамның сәулесі
ә) торы аттың
б) іркілмей айтты
8. Сөйлем деген не?
а) тілдің аяқталған ойды білдіретін ең кіші бөлшегі
ә) жеке ұғымды білдіреді
б) грамматикалық қарым-қатынасты білдіреді.
9. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет
а) -ар, -ер, -р
ә) -ып, -іп, -п
б) –мақ, -мек, -пақ, -пек
10. Етістіктің райлары нешеге бөлінеді
а) 6
ә) 5
б) 4
VII. Оқушыларды бағалау
VIIІ. Үйге тапсырма: газет-журналдардан сөз тіркесінің түрлерін теріп жазу.
С
Тақырыбы:
|
Етістік
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға етістік туралы түсінік беру; етістіктерді басқа сөз таптарынан ажырата білуге дағдыландыру; сөздік қорын молайтып, тілін дамыту.
|
Сілтеме:
|
«Қазақ тілі» оқулығы, әдістемесі, 2-сынып электронды оқулық, «Қазақстан бастауыш мекткбі» журналы
|
Күтілетін нәтижелер:
|
-Сөз таптарының ережесін біледі.
-Етістіктің мағынасын түсінеді.
-Етістікті өмірде қолдана біледі.
- Етістіктің сұрақтарын ажырата алады.
|
Оқыту әдістері:
|
Диалогтік оқыту, АКТ, СТО, дарынды балалармен жұмыс, оқу үшін және оқыту үшін бағалау, топтық жұмыс.
|
Ресурстар:
|
Суреттер, семантикалық карта, электрондық оқулық, қима қағаздар, а-4 қағазы, маркерлер.
|
абақ тақырыбы: Етістік
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
Көңіл күй ахуалы(1 мин)
Қызығушылықты
ояту
|
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
-Міне, балалар, кемеңгер ақындарымыздың тілі, туған тіліміз – қазақ тілі сабағы.
Топ басшысын сайлау үшін 3 топқа 3 сұрақ қойылады. Кім бірінші жауап берсе, сол топ басшысы болады:
Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.
Жалқы есім, жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айт, мысал келтір.
Топ басшысы өз тобын жасақтау үшін оқушылардың аты жазылған қағазды суырады.
Тренинг өткізу:
1-топ: Күлімдеңіздер
2-топ: Қолдарыңыздан ұстап жоғары көтеріңіздер
3-топ «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін»
|
Оқушылар хормен
айтады.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Бір-біріне күлімдейді.
Қолдарын ұстап жоғары көтереді.
Хормен айтады.
Артық сөзді табады. Топтар бірін-бірі бармақпен бағалайды.
Секіреді, оқиды, күледі. Сұрақ қояды.
Күннің жадын, тақырыбын жазады.
|
«Артық сөзді тап»
І топ: үй қоян, секірді, тас, жандар, гүл.
ІІ топ: Айман, Ертіс, Жыңғылды, Раушан, күлді, Бөрібасар.
ІІІ топ: Оқушылар, оқиды, қаламдар, аралар, әншілер, сабақтар.
-Артық сөз нені білдіріп тұр? Қимылмен көрсет. Сұрақ қой.
- Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Етістік.
|
Жаңа сабақ
|
Электронды оқулықтан «Етістік» туралы бейнебаян көрсету.
|
|
354-жаттығу. Суретке қара. Балалардың, әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
(Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беру)
|
Сұрақтарға ауызша жауап береді. Топ басшысы бағалап отырады.
|
Мағынаны тану
Топтық жұмыс
|
355-жаттығу. Жұмбақтарды оқы, шеш. Су, Күн қандай табиғатқа жатады? Қимылды білдіретін сөздерді тап.
(Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай)
|
Жұмбақты оқиды, шешеді. Сұраққа жауап береді.
|
Сергіту сәті
|
Жаттығу жасайды
|
356-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Тақтаға орындаған оқушыға 5 ұпай.
|
Жаттығуды орындайды.
|
І топ: Түлкі туралы не білесіңдер? Өлең айту.
ІІ топ: Қоян туралы не білесіңдер? Өлең айту.
ІІІ топ: Тиін туралы «5 жол өлең» жазу.
|
Тапсырмаларды орындайды.
Бармақпен бағалау.
|
357-жаттығу. Берілген етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құра.
Сөйлем құраған оқушыға 5 ұпай.
|
Сөйлем құрап жазады.
|
«Тосын сый»
3 топқа 3 түрлі жұмбақ беру, соны ыммен, қимылмен көрсетеді, тапқан оқушыға «сый» беріледі.
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді. (Хат)
Тілден ұшып, құлаққа жетеді. (Сөз)
Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді.
(Көз)
|
Жұмбақты ыммен, қимылмен көрсетеді. Басқа топ оқушылары шешуін табады.
|
Ой – толғаныс
|
Оқушыларға «семаникалық карта» беру. Тексеру үшін бір-біріне айналдырып береді. Дұрыс жауабы бойынша тексеріп бағалайды.
Түгел дұрыс – 5
1 – 2 қате – 4
3 – 4 қате – 3
5 – 6 қате – 2
|
Семантикалық картаны толтырады.
Бірін-бірі тексереді, бағалайды.
|
Бағалау
|
Топ басшыларының бағасын тыңдау.
|
Топ басшысы өз тобын қалай бағалағанын айтады.
|
Кері байланыс
|
Сабақ ұнады ма?
Не туралы білдік?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |