Сабақ №5 Тақырып: Коммуникативті біліктілік. Мазмұны: Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі



жүктеу 23,72 Kb.
бет1/2
Дата02.05.2020
өлшемі23,72 Kb.
#30126
түріСабақ
  1   2
Практика №5


Практикалық сабақ №5

Тақырып: Коммуникативті біліктілік.

Мазмұны:


    1. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі.

    2. Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігін құру.

Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі-кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.

Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады.

Қазіргі заманға сай ақылы медицина жағдайында пациент тапсырыс беруші ретінде, яғни медициналық қызметкердің көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуіне байланысты, олардың арасында психологиялық қатынас өте күрделі және маңызды. Бұндай жағдайда пациент маманның кәсіптік білгерлігімен қатар, оның адамгершілік және жеке тұлғалық қасиеттерінен хабардар болады: қадірлігі мен сенім білдіруі, назар аударуымен ілтипаттылығы, өзіне қарай адамды бейімдеуі, қатынасуға ынталануы, ұқыптылығы мен қайырымдылығы. Кейбір ауру адамдар, медициналық қызметкердің психологиялық қасиеттерін, оның кәсіптік біліктілігі мен біліміне де жоғары мән береді.

Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.

Медициналық қызметкерде психологиялық біліммен қатар (тұлға түрлері, темперамент, қақтығыстарды шешу қабілеті т.б), коммуникативтік тұрғыдан білгерлік жоғары болған жағдайда, оның науқаспен қатынасы арнайы біліктілікпен құрастырылады, мысалы жанасу құруды білуі, тыңдай білуі, коммуникацияның вербальды емес белгілерін білуі, сауалдар құрастыруы.

Сонымен қатар, медициналық қызметкер өз эмоцияларын, яғни көңіл –күйін тұрақты ұстай білуі, құпияны сақтауға қабілеттілігі, өз реакцияларын бақылап қадағалауы, әдеп сақтай білуі де мағыналы.

Медициналық қызметкерінің тиімді ара қатынасы дегеніміз - ол ауру адамды дұрыс түсінуі және науқастың ойы мен көңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Науқастың көңіл-күйіне қарамай, оның ашулы, ызалы, қайғылы, қобалжу және өкінішті жағдайлыболуында да, медициналық қызметкер онымен әрекет жасай білу және қарым-қатынас құруға даяр болып, өз мамандық мәселелерін шешеді. Осыған байланысты медициналық қызметкерінің ең маңызды кәсіби қасиетіне жататыны-оның коммуникативтік төзімділігі (толеранттығы).

Коммуникативтік потенциал - бұл медициналық қызметкердің мүмкіндігі туралы сипаттама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді. Қарым – қатынаста медициналық қызметкердің компеттентілігі екі құрама бөліктен тұрады: тұлғаның коммуникативтік қасиеті - қарым-қатынасқа қажеттілігін сипаттайды, сұхбаттасуға және коммуникация жасауға қабілеттілігі – науқаспен сұхбаттасу, жанасу кезінде жағдайды өз қолында ұстай білу қасиеті, белсенділікті көрсете білу қабілеттілігі, науқас жағдайына эмоционалды көмектесе алуы, өзінің алдындағы жекеше іс-әрекетінің бағдарламасын орындай білуі.

Медициналық қызметкердің ең негізгі қасиеттерінің бірі болып науқастарға нақтылы әсер ете алуы саналады. Бұл - маманның коммуникативтік қасиеттеріне тікелей байланысты.

Коммуникативтік қабілеттілік - медициналық қызметкер мен науқастың сұхбаттасуы кезінде байқалады. Медициналық қызметкердің негізгі коммуникативтік шеберлігі келесі түрде болады:

·тұлға аралық коммуникацияға шеберлік

·бір-бірін қабылдауға және түсінуге шеберлік

·тұлға аралық әсер ету шеберлігі

·науқастың психологиялық қорғанысын және жасырын себептерін анықтай алу шеберлігі

·науқастың эмоционалды жағдайын түсіне алу шеберлігі

Медицина қызметкерінің тұлға аралық коммуникативтік шеберлігін келесілер қарастырады:

·мәліметті бере алу шеберлігі

·мәліметті беру кезінде вербальды және вербальды емес тәсілдерді қолдана білу шеберлігі

·науқасты белсенді тыңдай алу шеберлігі

Осыған байланысты медициналық қызметкердің коммуникативтік қабілеті келесілерді қамтиды:

·таныс емес адамдармен қатынасқа түсе алу шеберлігі

·пайда болған түсініспеушіліктерді уақытында шешу және алдын-алу шеберлігі

·өзін басқа адамға түсінікті болатындай етіп, ұстай алу шеберлігі

·басқа адамның өз қылықтары және сезімдерін көрсете алуына мүмкіндік беру шеберлігі.

Медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттерінің жүйесі ретінде коммуникативтік мәдениетіне жататындар :

·шығармашылықты түрде ойлай білу

·сөз сөйлеуінің әсер ету мәдениеті

·қимыл және пластикалық қозғалыс мәдениеті

·науқастың коммуникативті іс әрекетін қабылдау мәдениеті

·эмоционалдық мәдениеті

Коммуникативтік компетенттік сияқты тұлғалық коммуникативтік мәдениет, бос орында пайда болмайды, ол қалыптасады. Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігі -айналадағы адамдармен тұлға аралық және профессионалды тәжірибесінің әсерінен қалыптасу дәрежесі. Бұл оған қарым-қатынаста және профессионалды сферада, функционалдық жетістіктерге жету үшін қажет. Коммуникативтік компетенттілік, медициналық қызметкердің өзіне тән қасиеті ғана емес, сонымен қатар, қоғамда, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінде болып жатқан өзгерістерге және осыған орай маманның өзінің әлеуметтік бейімделу қабілеттілігіне байланысты болады.

Соңғы он жылда, «органикалық» және «функционалды» аурулардың әдеттегі жіктелуі, бәсекелес ойларға негізделген. Медициналық қызметкер аурулардың көбінесе түрлі этиологиялық факторлар нәтижесінде пайда болатынынын түсіне бастады. Осыған байланысты психикалық және әлеуметтік факторларды зерттеуге қызығушылық пайда болды. Бұл бағыт тәжірибелік медицинаның көзқарасын кеңейтті. Науқас енді тек бір мүше ауруының тасушысы түрінде емес, оны тұтас адам ағзасы ретінде қарастырып емдеу керек екендігі туралы көзқарас қалыптасты, яғни дерт-индивид пен әлеуметтік құрылым арасындағы қатынастың гармонияда дамуынан туындамайтыны дәлелденіп отыр.

Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенциясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды:

·науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу;

·науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын-алуда маңызды екенін көрсету;

·дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету;

·«медициналық қызметкер-науқас» қарым-қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады:

тиесілі хабарламаны науқасқа, медициналық қызметкерлерге, әріптестеріне жеткізуде немесе қабылдап алуда нақты, әрі анық сөйлеу

қарым-қатынастағы қиындықтарды анықтап, нәтижеге тез қол жеткізгенше жұмыс жасау

дене қозғалысы мен тілінің сөздік емес белгілерін қабылдау мен түсіну

коммуникацияның ауызша, жазбаша және электронды тәсілдерін қолдану

алынған ақпаратты қай кезде басқаға жеткізу керектігін білу (кәсіби маманға)

қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді игеруді дамытудың қажеттілігін сезіну.

Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар- оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым-қатынасты дамытуы, науқастардың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік жағдайларда араласуы, тәжірибе жинауы, түрлі әрекет жасауы негізінде құралады. Бұл арқылы медициналық қызметкер тұлғасының қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады.

Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде медициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады: барлық адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл –күйде әрекет жасауы, тұлға аралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру, оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.

Аффилиация.Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.

Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып,

сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.

Қатынасу үрдісінде, медициналық қызметкері өзін науқас адаммен салыстырып, ол арқылы өзін-өзі сезініп, оның көзқарасы, пікірі бойынша, өзін-өзі сипаттайды. Адам өзін-өзі басқалар арқылы түсініп, сезінуінің келесі түрлері анықталған.

Идентификация- ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Сонымен, идентификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.

Рефлексия-қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.

Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкер-науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.

Эмпатия-идентификация механизмдеріне негізделеді,ол-науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкерінің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі.

Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық сипаттамасы-сенситивтілік. Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл – медициналық қызметкер жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.

Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігін құру. Медициналық қызметкердің коммуникативті білгерлігі - бұл өнер, аурулармен араласып, қарым-қатынас жасау икемділігі. Бұл өнер-болашақ медициналық қызметкердің оқу орнында оқып жүрген кезден қалыптаса бастап, кейін өз бетімен маман ретінде қарым-қатынас жасағанда әрі қарай дамиды. Әсіресе түрлі ауру адамдармен қатынасу жасағанда, медициналық қызметкердің білгерлік тәжірибесі өсе түседі: психологиялық қасиеті әртүрлі, әр жастағы, әр білімді, әр мамандықтағы және әлеуметтік жағдайы әрқандай адамдармен араласу медициналық қызметкердің тәжірибесін толықтыра түседі.

Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация)

Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді.

Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары медициналық қызметкердің мамандық бейімделуінің эмоциялық құрастырушысы болып саналады. Бейімделудің бұл түрі эмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас медициналық қызметкер өзінің мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кіріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың проблемасына артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп, сақ болуы, созылмалы эмоциялық салмақ түсуіне әкеп соғады. Медициналық қызметкердің бейімділігі мен компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді.

Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі-медициналық қызметкердің бейімділігін құрастыратын компонент. Оның мағыналы элементтері- медициналық қызметкердің сенімділік білдіретін тәртібі. Түрлі төтенше, қауіпті ситуациялар туса да, медициналық қызметкер абыржығанын, қобалжығанын науқасқа сездірмеуі тиіс. Медициналық қызметкер өзін сенімді түрде ұстауы, науқас алдында оның коммуникативтік білгерлігін, ситуацияны бақылай алатын қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, бұл жағдайдың сәтті аяқталуына күмәнсіздігін тудырады.

Медициналық қызметкердің кәсіптік беделін, оның вербальды емес сипаттары да құрастырады: қатынасуға ашық позасы, коммуникативтік жесттері, мимикасы, сөйлеу ырғағы, т.б. Бұлар медициналық қызметкердің беделін өсіріп, науқас адамның сенімін тудырады, ұсынылған ақпаратты оның күмәнсіз қабылдауына ықпал жасайды.

Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.



Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

жүктеу 23,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау