С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет3/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Бірінші бөлім 
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ 
НЕГІЗДЕРІ 
I Т А Р А У
ПЕДАГОГ: МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒА 
Мамандықтың тарихы 
Педагог мамандығы – адамзат тарихындағы ежелгі және 
құрметті мамандықтардың бірі. Алайда оның пайда болуының 
нақты мерзімін анықтау қиындық тудырмайды. Педагог 
мамандығының мазмұны өскелең ұрпақты тәрбиелеуден 
құралады, сондықтан адамзат қоғамында балаларды тәрбиелеу 
мен оқытуға деген қажеттілік қашан туындағанын анықтау үшін 
аздаған тарихи экскурс жасаған жөн. 
Тәрбие аға буынның кіші буынмен табиғи өмірлік қатынасы 
барысында қомақты тарихи уақыт аралығы бойына кәсіби 
даярлығы бар мамандарсыз жүзеге асырылғандығын атап 
өтуіміз керек. 
Археологиялық қазба материалдары, этнография деректері 
ғалымдарға тәрбие объективті үрдіс ретінде алғашқы қауым 
адамының хайуанат кейіпті іс-әрекет түрінен еңбек, құрал-
сайманмен жұмыс жасау түріне ауысу аралығында қалыптаса 
бастағандығы туралы болжамды жасауға мүмкіндік берді. 
Қарулы қызмет адамның биоморфологиялық дамуына әсер 
етіп, оның санасының өзгеруіне, анық сөйлеуінің пайда болуына 
ықпал етті. Шаруашылық қызметтегі эволюция адамдардың 
өмірінің жалпы жағдайларынан сезілді: тамақтану жақсарды, 
тұрақты қоныстар пайда бола бастады. Осы өзгерістер артынан 
балалар санының өсуіне, балалық шақ мерзімінің ұзаруына 


9
әкелді. 
Қоғамда тәрбиеге деген объективті қажеттілік қалыптаса 
бастады: балаларға қарулы-еңбек қызметінің тәжірибесін 
жеткізу қажеттілігі туындады, оның себебі, бір жағынан - осы 
тәжірибені сақтап қалу үшін, екінші жағынан, оларды болашақ 
жеке өміріне дайындау үшін қажет еді.
Басында бұл қажеттілік ересектер мен балалардың бірлескен 
іс-әрекетінде қанағаттандырылды. Ересектердің кіші буынды 
шаруашылық қызметіне ерте тартуы еңбектің өзі де (тамырлар 
мен жемістерді жинау; аң аулау, балық аулауға және т.б. 
қатысу), оны жүзеге асырған құралдардың да біршама 
қарапайым болғандығымен жеңілдетілді. 
Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлықты қауымның барлық 
ересек мүшелері көрсетті. Кейін ол тәжірибе жинақтаған аға 
буынның өкілінің қолына шоғырланды. 
Ересектер мен балалар арасындағы тәрбиелік қатынастар 
еңбек саласымен ғана шектеліп қалмады. Ересектер қауымда 
қалыптасқан 
ережелерді, 
талаптарды 
және 
салынған 
тыйымдарды сақтауға үйрете отырып, балалардың жүріс-
тұрысын да бағыттап отырды. Бұл жағдай тәрбие түрлерінің 
туындауын болжады, оның мақсаты еңбек әрекетінің 
тәжірибесін жеткізу ғана емес, сонымен қатар, балаларға 
қоғамның 
талаптарына, 
шаруашылық 
жүргізудің 
ерекшеліктеріне сәйкес келетін мінез-құлық қасиеттері мен 
формаларын дамыту еді. 
Көптеген уақыт бойы баланы өмірге дайындау оның 
қоғамдастықтың ұжымдық және еңбек өміріне практикалық 
қатысуынан ажыратылмады. Алайда, зерттеуші-этнографтардың 
тұжырымдауынша, алғашқы қауым кезеңіне тәрбие беру мен 
оқытудың эмпирикалық құралдарының (ойыншықтар, салт-
жоралар, 
ырымдар, 
халық 
ауыз 
шығармашылығының 
шығармалары) пайда болуы мен жинақталуы жатады. 
Неке қатынастарын ретке келтіру, жұптық некелердің пайда 
болуымен, тәрбие беру қызметін ата-аналар мен туысқандар 
атқаратын тәрбие берудің отбасылық-үй формалары туындайды. 
Шаруашылық қызметінің, әлеуметтік байланыстардың 
күрделенуі балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеудегі 
өзгерістерге әкелді. Адамзат тарихында алғашқы рет тәрбие 
беру мен оқытудың жаңа түрі – инициация пайда болады. 
Инициация – бұл бозбалалар мен қыздарды ересектер тобына 


10
жатқызуға арналған әдет-ғұрып. Бұл ересек өмірге деген өзіндік 
емтихан болды (көптеген халықтарда осы күнге дейін 
сақталған). Емтиханды табысты тапсыру үшін белгілі білім, 
практикалық іскерліктер, дене, әдет-ғұрып, әлеуметтік-
адамгершілік даярлықтан тұратын кең бағдарламаны игеру 
керек болды. Ер балаларды дайындауда негізгісі, оларға ересек 
өмірде күтілетін қызметтің дағдылары мен іскерліктерін (егін 
шаруашылығы, аң аулау, мал шаруашылығы, әскери іс және т.б.) 
қалыптастыру болды. Қыз балалар үй шаруашылығы 
құпияларын игеріп, тоқымашылыққа, құмыра жасау ісіне, тоқуға 
үйренді және т.б. 
Инициация талап ететін іскерліктердің басым көпшілігін 
балалар отбасында, қауымда игерді. Алайда ер балалар мен қыз 
балаларды инициацияның тура алдында жастардың арнайы 
үйлері мен лагерьлеріне (жеке) жинап, кезең бойынша 
дайындық жүргізді. Бұл үйлерді мектептің болашақ үлгісі деп 
санауға болады. Сол уақытта қауымда өз өмірін жастарды оқыту 
мен тәрбиелеуге арнаған адамдар бөлініп шықты. Әрине, бұлар 
толыққанды 
мұғалімдер 
емес, 
бірақ, 
олар 
кәсіпқой-
педагогтердің тарихи негізін салушылар болып табылды. 
«Педагог» сөзі Ежелгі Грецияда пайда болды. Адами 
өркениеттің осы бесігінде әл-ауқаты жақсы отбасыларда 
балаларға қарау біршама білімі бар құлға тапсырылды, ол өз 
қожайынының баласын мектепке апаратын болды, оқуға қажетті 
барлық заттарды алып жүрді, өзінің қарамағына алған баланың 
соңынан иба тұта еріп, оны үйіне жеткізіп салу үшін, сабақтың 
аяқталуын күтті. Үйде құл балаға қарады, оның жүріс-тұрысын 
байқап жүрді, әр түрлі қауіптерден сақтап отырды. Осындай 
құлды 
педагог
деп атады, грек тілінен 
(paidagogos)
тікелей 
аударғанда 
бала жетектеуші 
дегенді білдіреді.
Кейінірек педагог қарапайым құлдан үйдегі тәрбиелеушіге 
айналды. Сөйтіп, «педагог» сөзі өзінің бастапқы мағынасынан 
айырылды

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау