С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  Жанамалық оқытудың мәні



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет162/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

256 
Жанамалық оқытудың мәні

педагог балалрдың 
оқығандылығының, тәрбиелілігінің деңгейлерін зерттейді, 
олардың қызығушылығын біледі, даму тенденцияларын 
бақылайды, баладағы жаңа ғана шоқып алған жаңалықтың 
кішкене бүршіктерін көреді. Балаларды даму туралы жиналған 
деректердің негізінде педагог заттық-материалдық ортаны 
ұйымдастырады: жаңа білімді, машықтарды игеру процесін 
оңтайландыруға болатын, туындаған қызығушылықтарды 
бекітуге болатын көмекші құралдарды жинақтайды. Олар 
кітаптар, ойындар, ойыншықтар, өсімдіктер, тәжірибе жасауға 
арналған жабдықтар, ыдыс-аяқ және т.б. Осыдан кейін осы 
құралдарды балалардың қызметіне қосып, оның мазмұнын 
байытып, 
жалпы 
қатынас 
жасаудың, 
іскерлік 
ынтымақтастықтың дамуына әсер етуі қажет. Мысалы, жасы 
үлкен топтағы балалар жазғы демалыстан бақшаға оралды
бірнешеуі басқа қалаларда, елдерде болып келді. Балалар алған 
әсерлерімен бөліседі, бірақ қанық эмоциялық түспен боялған 
болса да, айтар білімдері үзік-үзік. Педагог бір кітапті көрсетеді 
– мектеп жасына дейінгі балаларға арналған атлас, оның
ерекшеліктерін түсіндіреді, балалармен бірге олар болған
қалалар мен елдерді осы атластан іздейді. Енді атласты зерттеп
қарауды 
ұйымдастырып, 
тәрбиеленушілерді 
«шартты
белгілерді» (ескерткіштер, өндіріс, өсімдіктер және жануарлар
әлемі) оқуға итермелейді. Шартты белгілердің «мағынасын ашу»
енді 
саяхатшылардың 
өздерінің 
жазғы 
саяхаттарын
байланыстырып әңгімелеп берулері мүмкін болады. Олардың
әңгімелері басқа балаларды қызықтырып, енді олар өздерінің
демалыстан алған әсерлерімен бөлісуге асығады. Балалар түрлі
елдер, қалалар, ауылдар, деревнялар бар екенін анықтайды. Бұл -
заттық-материалдық ортаның жаңа объектілермен байытуға
негіз. Олар арқылы жанамалық оқыту ұйымдастырылады:
ауылдық тұрмыс, еңбек, түрлі ландшафттар, су қоймалары
(теңіздер, мұхиттар, өзендер, көлдер, көлшіктер) және т.б.
туралы картиналар мен суреттер, видеофильмдер. Осылай оқыту


257 
нәтижесінде мектеп дейінгі жастағы балалар элементар 
географиялық 
білім 
алады; 
олардың 
танымдық 
қызығушылықтары кеңейеді, балалар арасында ынтымақтастық 
бекиді. 
Жанамалық оқытуда «Өзің үйренсең – біреуді үйрет» 
деген ұран болады. Сондықтан бала түрлі сұрақтарда өзінің 
біліктілігін көрсете алатындай, білетіндерін айтып бере 
алатындай жағдайлар жасау маңызды. Тәрбиешінің баладан 
көмек сұрауы оны әсіресе шабыттандырады: «Сережа, мен 
кішкене кезімде аздап шахмат ойнай білетінмін. Фигураларды 
қалай қатарға тізуді , қалай жүріс жасайтынын есіме түсіруге 
көмектесші». Педагог оқушы ролінде. Бұл сирек болатын 
құбылыс екендігіне келісесіз, сондықтан балалар «Шахмат 
мектебінің» 
тек 
көрермендері 
ғана 
болмай, 
белсенді 
қатысушыларға айналады: фигуралардың атаулары, тақтадағы 
тұратын орны, жүру тәсілдері есте қалады, пікірлерімен 
алмасады, сұрақтар қояды, ойнаушыларға жанкүйер болып 
алаңдайды. Ал кешке ата-анасына үлкен мақтанышпен «Мен 
барлық шахмет фигураларын білемін! Өзім үйрендім!», «Мен 
атпен жүруді үйрендім!», - деп айтады. 
Сонымен жанамалық оқыту мәні педагогтың оқыту 
процесінде білім беру мәселелерін оң шешілетіндей етіп 
балалардың өзіндік қызметін ұйымдастырады. Мектепке дейінгі 
мекемелердің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру 
арнасының қажетілігі мектепке дейінгі білім берудің негізігі 
жалпы білім беру бағдарламасының құрылымына қойылған 
Федералды мемелекеттік талаптарда баса көрсетілген (2013 ж). 
Жанамалық оқыту балалардың тәжірибесін қоршаған әлемді 
тануды түрлі құралдармен кеңейтуге, баланы басқаларды 
оқытушы ұстанымына қоюға, белсенді түрде өзара оқуға, 
тәрбиеленушілердің өзін-өзі оқытуға мүмкіндік береді.



жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау