С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет161/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Оқыту түрлері 
Тікелей оқыту
тәрбиешінің дидактикалық мақсатты 
анықтап балалардың алдына қояды (ағаш салуды үйренеміз; 
әрқайсыларыңның алдында жатқан сурет бойынша әңгіме 
құруды үйренеміз) деп белгілейді. Содан кейін тапсырманы 
орындау тәсілдерінің үлгілерін береді (ағашты қалай салу керек, 
әңгімені қалай құру керек). Сабақ барысында ол нәтижеге жету 
үшін әр баланың қызметін бағыттап отырады. Сол мақсатта 


254 
балалардың тапсырманы орындауы, жаңа білім алулары үшін 
қажет тәсілдер мен амалдарды игеруге жаттықтырады. 
Мәселелік оқытуда
балаларға дайын дайын білімді 
хабарлап, қызметтің тәсілдерін ұсынбайды. Мәселелі жағдай 
туғызып , оны бала бар, ішінде танымдык та, білім мен 
машықтар көмегімен шеше алмайды. Ол үшін бала өз 
тәжірибесін «ақтарып», онда басқа байланыстарды орнатып, 
жаңа білім мен машықтарды меңгеру керек. Мәселелік оқытуда 
мәселелі жағдайды түсініп, балалар оны бір-бірімен және 
педагогпен диалог кезінде шеше алады, мұнда педагог бірігіп 
пайымдап ізденісті дұрыс арнаға бағыттайды. Ұжымдық ізденіс 
қызметі – ол педагогтан балаларға , бір баладан екінші балаға 
баратын ой мен әрекет тізбегі. Мәселелі жағдайды шешу – 
ұжымдық жұмыстың қорытындысы.
Зерттеулерде (И.Я. Лернер, Н.Н. Поддьяков, Л.А. 
Парамонова және т.б.) мәселелік оқытудың балалардың ойлау 
қызметінің, шығармашылық күштерінің дамуындағы ерекше 
ролі айтылады. С.Л. Рубинштейннің жазуы бойынша «Ойлау – 
мәселеден немесе сұрақтан, таңданудан немесе түсінбестіктен, 
қайшылықтан басталады. Осындай мәселелі жағдаймен 
тұлғаның ойлау процесіне тартылуы анықталады; ол әрдайым 
қандай да бір есепті шешуге бағытталған». (Рубинштейн С.Л. 
Жалпы психология негіздері. – М., 1946. – 347 б.) 
Мәселелік оқытудың адамгершілік аспектісі айқын: 
мысалы, учаскеде жаңбырдан қашып киім ауытыратын бөлмеге 
жүгіріп келген кезде неліктен «терезенің әйнектері жылаған» 
себебін бәрі бірге «ашты». Бір баланың ойы (әйнектер будан 
болып терледі) басқа балалардың болжамына жалғасты (бөлмеде 
бу қайдан пайда болды – мүмкін біздің су киімдерімізден 
шығар? неге тек әйнектер суланды?). Балалар өз ойлрын, 
күмәндерін еркін айтып, достарының жауаптарын бақылайды, 
дауласады немесе келіседі, негізінде – тең серіктестер диалогі 
тұратын белгілі іскерлік ынтымақтастықтың стилі құрылады. 
(Т.А. Куликова). 


255 
Педагогтің мақсаты – әр бала солист бола алатындай, 
күрделі ансамбльді басқару. Ол балалалрды біріккен ой 
зерттеуіне, ой ізденісіне ерттеді, көрсету, түсіндіру, сұрақтар 
формасында көмек көрсетіп отырады. Танымдық қызмет 
эвристикалық әңгімелесумен
бірге жүреді, оның барысында 
педагог балаларды бұрын алған білім мен бақылаулар негізінде 
салыстыруға, жеке факттарды безбендеп, содан кейін ойлану 
арқылы қорытындыға келуге қозғау салып отырады. 
Мәселелік оқытудың негізгі қозғаушы күші – балаларға 
ұсынылатын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі. Қандай сұрақтар 
тиімдірек? Ең бірінші, заттар мен құбылыстар арасындағы 
ұқсатығы мен ерекшеліктерін анықтауды талап ететін сұрақтар. 
Қалыптасқан түсініктер мен жаңадан алған білім арасындағы 
қайшылықты ашуға талпынтатын мәселелік сұрақтар ерекше 
орын алады. Балалардың бейнелік ойлауын, қиялдауын белсенді 
ететін сұрақтар қымбат. 
Мәселелік 
оқытудың 
балалардың 
ой 
қызметін 
жандандыруда, 
олардың 
арасындағы 
ынтымақтастық 
қатынастарын дамытуда маңызды ролін ескеріп, оның тікелей 
оқытудан артықшылықтарын айтуға болады. Бірақ мәселелік 
оқытудың «әлсіз жақтары» туралы ұмытпау керек. Педагогқа 
кейде топтағы (топшадағы) балалар үшін мәселелі жағдайдың 
қиындық деңгейін анықтай күрделілеу болады. Біреулер үшін 
бұл мәселеде бәрі түсінікті, бұрыңғы тәжірибеден белгілі болып, 
ал басқа біреулері үшін, керісінше, мәселенің неде екенін 
«көрмейді», әлі оған «өсіп» жетпеген болады. Сондықтан, 
ізденіс тобын «бірдей стартта» болатын саны 5 - 6 адамнан 
аспайтындай етіп құраған жөн. Тағы бір «осал тұсы» мәселелік 
оқыту көп уақыт шығынын қажет етеді, сабақтардың ақпараттық 
сыйымдылығын азайтады. Осы жағдайларды назарға ала 
отырып, мәселенік оқытуды оқытудың жалғыз түрі деп санауға 
болмайды, оны тікелей және жанамалық оқытулармен 
үйлестірген ойға қонымды. 



жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау