С. А. Козлова, Т. А. Куликова



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет59/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

баланың сөйлеуді игеруі
болып табылады. Гу-гулеу, былдырлау арқылы сәби алғашқы 
мағыналы сөздерге келеді. Бұдан анағұрлым ертерек сәби басқа 
адамдардың өзіне қаратып айтқан сөздерін түсіне бастайды, бір 
жасқа жақындағанда өз актив сөздігі пайда болады. Бұл сөздік 
небәрі 5-10 сөзден тұрса да (мектепке дейінгі оқушыларда ол 30 
болуы да мүмкін), бірақ олар әркез мағыналы түрде 
қолданылады. Көбінесе ересектер балаға сөзді толық айту 
қиынға түседі деп ойлап, бала тіліне қарай бейімделеді және 
сөздердің қысқарған аналогтарын ойлап табады, кейде тіпті жай 
мағынасыз сөз тіркестерін қолданады, мысалы «ням-ням» 
тамақ 
іш 
деген сөздің орнына, «әу кеттік» 
жүр қыдырайық 
деген 
сөздің орнына және т.с. Бұл баланың сөйлеуді игеру үдерісін 
жеңілдетеді ме? Әрине, жоқ. Міне, осылай біз сәбиге қандай да 
бір басқа тілді игеруге мәжбүрлейміз, содан кейін қайта 
үйретеміз – оған өз ана тілінде сөйлеу керек емес пе! Бала оны 
тыңдап, қабылдап, түсіну үшін басынан бастап онымен қалыпты 
«адам» тілінде қарым-қатынас жасау дұрыс емес пе?Түсіну мен 


85
айтудың механизмдері әртүрлі. Айту механизмі жетілгенге 
дейін, түсіну үдерісі ерте іске қосылады. Егер сәби қандай да бір 
күрделі сөзді айта алмаса да, мысалы 
телефон
, ол оны 
дыбыстауы бойынша, ересектердің қолдануы бойынша, оны 
білдіретін затпен сөзге қатысы бойынша таниды. Бала сөз 
музыкасын сезінеді, бірақ ол оны осы кезде өзінің 
артикуляциялық аппараты мүмкіндік бергенше айтады — 
«тататон». Сәби сөздің буын санын және мелодикасын 
сақтағанын байқадыңыз ба? Міне, ең бастысы осы.
Тапсырма 
1 жас 4 айға дейінгі балаларға зат немесе құбылыстың 
атауымен қатар олар еркің айта алатын жеңілдетілген сөздерді 
(киса, ам-ам) ұсынған жөн деген көзқарас бар. Болашақта бала 
бірте-бірте олардан бастартады. Егер бұндай сөздерді 
қолданбаса сөйлеуді кеш игереді. Сіз осы ұстанымды қолдайсыз 
ба немесе жоғарыда айтылған көзқарасты ұстанасыз ба? Сіздің 1 
жастан 2,5 жасқа дейінгі таныс балаңыз қолданатың сөздерді 
жазып алыңыз. Оларды талдаңыз. 
Егер ерте балалалық шақта баламен көп сөйлессе және оған 
«айту» мүмкіндігін берсе – сөздер туралы айтпағанда, тіпті 
гуілдеп немесе былдырлап жеткізсе, баланың тілі дұрыс дамып 
жатыр деген сөз: 1 жас 6 айға дейін белсенді, 2 жасқа дейін 
ақырындап және әрі қарай белсенді Бірақ белсенділік бұл кезде 
пассивті, сондай-ақ активті сөздікті толықтыруда және 
кеңейтуде байқалады. Және ерте жастың соңына қарай 3 жаста – 
оның активті сөздігің орташа есеппен шамамен 1000 сөз 
құрайды. Тілің дамыту үшін адамның бейнеле есті игеруі өте 
маңызды. Ол одан өзінің көптеген сұрақтары мен сөздігін 
байыту үшін мағына алады.
Сөйлеудің дамуы 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау