1 сынып Әліппе
Сабақтың тақырыбы: З з дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға З з дыбысы мен әрпін таныту.. З з дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын даыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға З з дыбысы мен әрпін таныту.
Тақтаға ілінген суреттермен жұмыс. Суреттегі заттарды атау. Сол сөздер ішінен
З з дыбысынан бас талатын сөздерді тапқызу.
Оқулықпен жұмыс.
Зырылдауық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
З дыбысына анықтама беру.
З з − дауыссыз дыбыс.
З з дыбысы бар сөздер (сурет бойынша)
Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
Жаңа сөздер
Кеспе буындармен жұмыс.
Буындардан сөз жасау.
Осы буындардан сөйлем құрау.
Таза зығыр жалбыз қобыз
Тазы қызыл қарбыз тоғыз
Қозы қымыз жұлдыз сызғыш
Іс өс ос ас төс жас
Із өз оз аз төз жаз
Сергіту сәті.
Ауыл маңында
Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз. Қаздар қай жерге жайылады?
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз. Қай кезде олар мәз?
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
Мәтінмен жұмыс. «Зығыр»
Мәтінді буындап оқу.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Мазмұнын айту.
Жылдамдыққа оқуды жетілдіру.
Суретпен жұмыс
Суреттегі сөздерді атай отырып, ішінен з дыбысын байқату. Оның сөздің қай тұсында тұрғанын аңғарту.
Суреттер бойынша жұмыс. Сөздерді пайдаланып әңгіме құрау.
Сергіту сәті.
«Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).
«Қазақстан – менің Отаным» өлеңді мәнерлеп оқу. (Ішінен з дыбысын тапқызу)
Буындардан сөз құрау
Жазу үлгісімен жұмыс.
З з дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Байланыстыра жазу.
Ауада жазу.
З Зада Зере Зәуре Зейнеп
З зығыр зәуліім сағыз
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |