Сабақтың тақырыбы: Логика әлеміне саяхат
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс жасауға машықтандыру, жеке тұлғасын қалыптастыру және дарындылығын дамыту.
Ынтасын , зейінін, ой қиялын арттыру, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа баулу. Әрбір оқушы өз бойындағы қабілеттерін көрсете білу.
Логикалық тапсырмаларды шеше отырып , ұқсас тапсырмаларқұрастыр білуге ойларын қалыптастыру. Оқушылардың рухани әлемін байыту.
Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу.
1. Әр топ өздерін таныстырады . Ұрандарын айту.
2. Ширату жаттығулары. Сұрақ – жауап арқылы
3. Үй тапсырмасын екі топ өз ара ауыстырып орындайды.
Ребус, сөз жұмбақ шешеді
4.Мұғалім логикалық есептер оқиды , балалар ауызша есептейді.
Оқушылардың жылдамесептеуін бақылау
5.Бос тор көзді толықтыру. Тақтамен жұмыс топпен жұмыс
6.Мысыққа көмектесу. Жасырын сөзді табу топпен жұмыс
Ойлау жылдамдығын арттыру
7.Берілген сутеттен фигураларды анықтау әр топ бойынша
8.Логикалық есептер шешу. Карточкамен жұмыс деңгейлік тапсырма
Құрастыру тапсырмаберіледі
9. Ұқсас фигураларды табу . Сызбамен қосу 2-ші сынып
10. Сурет бойынша жұмыс. Пішінді табу
Зейінді тұрақтандыру. Ойынға арналған жаттығу орындайды.
11.Логикалық жұмбақ есептер шешу. Ауызша есептеу
12. Құпия сөзді табу барлық оқушы бірлесе орындайды.
13. Геометриялық фигруралардан бейне құрастыру
14. Нктелер арқылы пішіндер сызу. Математикалық жұмбақ шешу
15. Құлпынайға кім жете алады? Топпен барлық оқушы бірге орындайды
16. Берілген нүктелерді ретімен қосып сызу. Не байқадың ?
17. Суреттегі жұмыртқаның жартысын табу.
18. Қасқыр, шөп, ешкі ертегі есебін шешу.
19. Қорытынды. Балалар өз ойларын айтады.
Не білдіңдер? Не үйрендіңдер? Қай тапсырма ұнады?
Тапсырмалар:
1.Ширату жаттығулары
Сұрақ - жауап арқылы орындау
Логикалық тапсырмаларды шешу: ( ауызша орындау)
- Айгерім 10 балық,20 шар,30 балапан жасады.Гүлім, Айгерім қанша жасаса,сонша ойыншық жасады. Гүлім 20 балық, 10 шар жасады. Неше балапан жасады?
- Столда неше бұрыш бар?Оның төрт бұрышын арамен кесіп тастасақ,неше бұрыш болады?
- Шкафта 3 сөре бар.Онда екі кітап тұр.Оларды 3 сөреге неше түрлі етіп қоюға болады?
-7,8 цифрларын пайдаланып,неше сан жазуға болады?
-Балалардың аттары кім?
Али мен Мадидың көйлектері бірдей,Қали мен Жамидың бәтеңкелері бірдей, Али мен Жамидың шалбарлары бірдей.
-Сөздерді екі рет оқы да,есіңде қалғанын жаз.
Қосынды,кесінді,сан,таблица,ұзындық,қосылғыш,ондық,жиырма,бірлік.
Әр сөздің жұбын тап,жұбы жоқ сөз бар ма?
- Әрбір бұтаққа 3 қарғадан қонғанда 1 қарға ұшып жүрді. Қарғалар ұшып,қайта қонғанда бір бұтақта 4-тен отырды.Сонда 1 бұтақ артық қалды.Қарға қанша? Бұтақ қанша?
- Аулада үйректер мен қояндар жүр.Олардың бастары 10, аяқтары 30.Неше қоян? Неше үйрек?
-Мадина мен Зарина апалы-сіңілі.Мадинаның екі ағасы,Заринаның екі ағасы бар.Олардың Жанұяларында неше бала бар?
Таяқшаны ауыстырып,үйді басқа жаққа бұр.
- Ерте кезде жұтқа ұшыраған бір үйге көмектескісі келіп екі ауылдан қой жинайды.Сонда 30 қой жиналыпты.Бір ауылдағы үй саны екінші ауылдан 8 үй кем екен.Әр ауыл қанша қой берді?
-Балалардың салмақтары қанша?
Біржан Нұрбек Дархан Біржан Дарханнан жеңіл. Нұрбек Біржаннан жеңіл.
25кг. 30кг. 36кг.
- Ең үлкен екі таңбалы саннан екі сегізден тұратын санды азайтып,оған ең кіші екі таңбалы санды қосу керек.Сонда 2а сыныбында оқитын қыздар саны шығады.
-Досан Қалбатаудан Қапай ауылына 80 минут жүгіріп барды.Қайтарда 1 сағат 20 минут жүгірді.Бұл қалай?
-Итмұрын,жауқазын,қазтабан таңертеңгі сағат 3,6,9-дан гүлдерін ашады.
-Әжесі немерелеріне 10 сырға және 2 машина алды.Әженің неше немересі бар? Нешеуі ұл? Нешеуі қыз?
- 10 литр сүтті құю үшін 2 литрлік ыдыстан нешеу керек?
-Ұзындығы 6 метр бөренені 1 метрден кессек,бөрене нешеге бөлінеді?
-Әр түйе 4 қанат жүк көтерсе ,22 қанат жүкті алып жүру үшін
Бос торкөздерді толтыр.
Ұқсас фигураларды тап,айырмашылығын тап.
Карточкамен жұмыс.
Логикалық тапсырма:
5,9,7 сандарын пайдаланып неше үш таңбалы сан жазуға болады.
Асан мен Есеннің салмағы Асхар мен Ерболдың салмағына тең. Асан 30кг.,Асқар 40кг. болса, кім ауыр? Есен бе? Ербол ма?
Шелекте 10л қымыз быр.3л банка мен 4л торсық арқылы 2 қымыз құйып ал.
Ойыншықтардың бағасы қанша?
Доп-40 тг
Аю-?, 10тг қымбат
Қоян-?, 10тг арзан
Асан сабағын 90 мин.қарайды.Айжан 1 сағат 30 мин қарайды.Кім сабағын тез қарайды?
Аяужан екі шар сатып алды.Ол бір шар үшін 5 бірдей ақша,ал келесісі үшін 7 бірдей ақша берді.Екі шары 12 теңге тұрады.Ол қандай ақшалар беріп сатып алды?
Кім жылдам?
Қолыңды алмай нүктелерді сызықпен қосып көр.
Мысыққа жұмбақ сөзді табуға көмектес.Ол үшін әр көпбұрыштың қанша бұрышы бар екенін сана және шеңбер ішіне қажетті цифрды жаз.Кестеден сәйкес әріптерді тап және оларды торкөздерге жаз.Қандай сөз шыққанын оқы.Артық әріпті қорша.
Достарыңызбен бөлісу: |