Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша


«Білім құрастыру» немесе «Мағынаны ажырату» кезеңінде қолданатын тәсілдер



жүктеу 449,02 Kb.
бет70/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149
multi-823 x986873926

2.«Білім құрастыру» немесе «Мағынаны ажырату» кезеңінде қолданатын тәсілдер. Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Студенттер жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Студенттер бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін/түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Кең ауқымды лекция – лекцияны 6-15 минуттік бірнеше бөлімге бөліп, олардың арасындағы үзілістерді (2-5 минут) студенттердің жаңа ақпарат жайлы ойлану, пікірлесу, талқылау сияқты белсенді әрекеттерімен толықтыратын дәріс оқу тәсілі.
Зерттеулер адам зейіні 6 минуттен кейін сейіле бастап, 15 минуттен кейін екі есе азаятындығын дәлелдейді. Сол себепті лекцияны бөлімдермен оқу (әр лекцияны 3-4 бөлікке бөлген тиімді) студенттердің зейінін әлсіретпей, жаңа мағлұматқа деген қатынасы мен қызығушылығын жоғары деңгейде ұстап тұру мүмкіншілігін береді.
Кең ауқымды лекцияны келесі үлгі бойынша өткізуге болады.
1. Зерттеу жаңа мәлімет жөніндегі сұрақтарды онымен танысудан кейін емес (сабақ аяғында), сабақ басында қою студенттердің жаңа тақырыпты игеру деңгейін арттыратындығын дәлелдеген.
Сабақ басында студенттерге жаңа тақырып туралы ойлану, пікір мен ойларын ауызша/жазбаша келтіру тапсырылады (әрекеттер жеке, жұппен, шағын топ ішінде – оқытушының және студенттердің қалауы бойынша – атқарылады). Мұнда жоғарыда «Сабақтың бастапқы кезеңінде қолдануға болатын тәсілдер» атты бөлімде келтірілген тәсілдерді қолдануға тұрарлық.
Осы әрекеттер арқылы студенттер жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, оны қабылдауға және игеруге дайын болады.
2. Лекцияның әр бөлімі оқылғанда студенттерге оның мазмұны тұрғысында ойланып, өз түсінігі мен пайымын көрсететін тәсілдерді орындау тапсырылады. Бұл тәсілдер төменде келтіріледі. Басқаша айтқанда, лекция кезінде студент тек тыңдап не көшіріп қоймай, мазмұнды игерудің белсенді әрекеттерімен (ауызша немесе жазбаша) айналысады. Бұл арқылы олар жаңа тақырып мазмұнына деген өз қатынасы мен түсінігін айқындап, оны игеру мүмкіншілігін арттырады.
3. Лекция аяқталған соң студенттерге оның мазмұны туралы алдымен ауызша (жұп, топ ішінде) содан кейін жазбаша ойлану тапсырылады. Студент «Не білдім/үйрендім?», «Бүгінгі тақырыптың маған қандай пайдасы/тиімділігі бар?», «Бұл туралы не ойлаймын?» сынды сұрақтарға жауап береді. Әдетте оның жазғаны ағымдағы бақылау жасау үшін сабақ аяғында оқытушыға өткізіледі.
(Бұл тәсіл Ch.Bonwell, J.Eison. Active learning: Creating Excitement in the Classroom. Washington, 1991. кітабында жан-жақты қарастырылған).

жүктеу 449,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау