Қос жазба күнделігі – лекция мазмұнына студенттердің зейінін аударып, өз қатысын, қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Лекция оқылғанда студент қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын «Үзінділер» (немесе «Цитаталар») деп атап, оған лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, немесе ерекше толғандырған (келісетін, келісе алмайтын, қызықтырған, т.б.) үзінділерді жазады. Үзінділер жеке сөздер, сөз тіркестері, фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Бұл жерде лекция мәтінін көлемді түрде көшірудің қажеті жоқ.
Қағаздың оң жағы «Түсіндірме» (немесе (Комментарий») деп аталады. Мұнда студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді: неліктен ол бұл үзінділерді жазы алды, оның себебі қандай? Осы арқылы ол лекция хақында өз ойларын, түсінігін, пайымдыу мен уәждерін, дәлелдерін жария етеді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.
Лекция бөліктері арасындағы үзілістерде студенттер жұптасып, жазғандарымен бөлісіп, талқылайды,пікірлеседі. Оқытушы әр үзілісте бір-екі студентті жазбаларын бүкіл аудиторияға оқып беруін сұрағаны дұрыс.
3.«Түсінікті дамыту» немесе «Ой-толғаныс» кезеңінде қолданатын тәсілдер. Бұл кезеңде оқытушы студенттердің жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Студенттер осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуде қолданады.
Бұл кезеңде студент «Не білдім/үйрендім?», «Бұл не үшін керек?», «Оның қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» бағалау деген сұрақтарына жауап беруі керек.
Эссе – студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі.
Әдетте сабақта эссе 5-10 минуттік уақыт аралығында жазылады. Бұл алайда эссенің шағын көлемді жұмыс екендігін аңғартпайды: бірнеше беттен тұратын көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өздік жұмысының үлгісі ретінде берілуі де ықтимал.
Эсседе бірінші мезетте студенттің өзіндік «Мені» көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды.
Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі. Ол студенттердің әр сабақта болған-болмағандығын тексерусіз айқындайтын құрал (сабақтың аяғында студент эссені жазып, оқытушыға тапсырса ғана сабақта болды деп есептелінеді), студенттердің сабаққа белсенді түрде қатыстырудың тиімді құралы (басқа жағдайда студенттің сабақта талқыланған тақырып пен проблема бойынша өз ойларын эсседе келтіруі екіталай).
Эссені төменде көрсетілгендей түрлендіруге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |